Тақырыбы: «Тәрбие басы – отбасы» атты дөңгелек үстел
Мақсаты: бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, ата - ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретін де қарауға қызығушылықтарын дамыту. Көрнекілігі: интерактивті тақта жиналысқа қатысушылар: ата - аналар, мектеп әкімшілігі, сынып оқушылар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тәрбие басы-отбасы»
Тақырыбы: «Тәрбие басы – отбасы» атты дөңгелек үстел
Мақсаты: бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, ата - ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретін де қарауға қызығушылықтарын дамыту. Көрнекілігі: интерактивті тақта жиналысқа қатысушылар: ата - аналар, мектеп әкімшілігі, сынып оқушылар. Әдісі: дөңгелек стол Түрі: еркін микрофон
Жоспары: 1. Артық болмаса танысайық 2.”Болашақ – білімді ұрпақта” 3. Cауалнама 4. Сергіту сәті 5. Сиқырлы жүрек 6. Қорытындылау
Ата - ананың жүрегі “Бала ”деп қана соғады Баласы жақсы адамның Басына бақыт қонады.
1 - бөлім “Артық болмаса танысайық” Алдымен өз есімдеріңіздің алдына балаңыздың есімін атап, сонан кейін өзіңіздің есіміңізді атайсыз. Мысалы әдемі Әділдің анасы мөлдіреген Меруертпін
Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы.(С. Смайлс) Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ салсақ “Адамның бақыты балада” деген. Кез – келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өміріңнің жалғасы ұрпағымен кенелетінін мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Бірақ “Адам ұрпағымен мың жасайды ” деген сөз бекер айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні - өз ұрпағы. Қазір мен сіздерге сұрақтар дайындап қойдым. Сол сұрақтарды оқып, өз ойларымызбен бөлісейік. І. Берілетін сұрақтар: 1.Ата-анамен бала арасындағы махаббатты қалай түсінесіз? 2.Бақытты жанұя қандай болады? 3.Бала тәрбиесіндегі әке мен ананың рөлі? 4.
5. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз? 6. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,..... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба? 7. Сізге балабақшадағы тәрбиешіден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата - аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз? 8. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз? 9. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрасыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз? 10.
Келесі тапсырма мен сіздерге сөйлемнің басы бар, ал аяғы аяқталмаған карточкалар тараттым. Сол карточкалардағы сөйлемдерді өз ойларыңызды ортаға салып аяқтау қажет. ІІ. Сөйлемді аяқтау. 1. Егер баланы үнемі сынап отырса...(оқуға құлқы болмайды). 2. Балаға үнемі күлсе...(бұйығы болып өседі). 3. Баланы қолдап отырса...(өз қадірі үшін оқиды). 1. Баланы шыншылдықта өссе...(ол шыншыл болады, өтірік айтпайды). 2. Бала төзімділікте өссе...(адал болып жетіледі). 3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе...(ол адамға сеніммен қарайды). 1. Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып өседі). 2. Бала адалдықта өссе...(адал болып жетіледі). 3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе...(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).
Осыған орай психолог мамандарымыз ата - аналарға мынандай 6 түрлі қателіктерді болдырмауға кеңес береді.
1. Сен баланы мүлдем қалаған жоқпын, ұнатпаймын сүймеймін деп айтқан, тәрбиенің қатаң құралдарының бірі, бұл сөзді еш уақытта айтпаңыз. Оның орнына жылы сөзбен айналып, сен менің қолқанатымсың, сендей бала ешкімде жоқ, бірақ сенің мына ісіңді құптамаймын деп айтып баланың дұрыс емес іс - әрекетіне тосқауыл қою керек
2. Бәріне көз жұма қарау.”не істесең де маған бәрібір” дейтін әке - шеше, балаңыздың немен шұғылданып жүргеніне қызықпайтыныңызды білдіріп қоясыз. Балаңыздың іс-әрекеті көңіліңізге қонымсыз болса да, оны бейбіт жолмен шешуге тырысыңыз. Балам сен мұндай істе менен көмек сұра. Екеуміз ақылдасып тамаша іс тындырамыз деген сияқты көмек қолын соза отырып тәрбиелеуге болады.
3. Аса қаталдық.”мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені үйде мен басшымын” деушілер қатты қателеседі. Мұндайда бала қолды бір сілтеп кетіп қалады. Тым қаталдық аңды қолға үйреткенмен бірдей. Оның орнына тайға басқандай көрсетіп, түсіндіріп, иландырып жұмсау.”сен қазір мынаны істе кешке отбасымызбен бірге байсалды түрде талқылаймыз жарай ма?” - деп айтқаны абзал.
4. Балаларды тым еркелету “менің баламның күші жетпегендіктен мұны өзім істей салайын ”деп баласына кезіккен кедергіге өзі тойтарыс беріп бәйек болатын ата – ана. Бұларға ой салар пікір; шолжаң, ерке балаларға өмір соқпағы оңайға түспесі анық. оның орнына сен күштісің мына істі өзің істеп көр, егер ойдағыдай болмаса мен саған көмектесем деп айтқан балаға демеу болары анық. 5. Бала тәрбиелеу үшін уақыттың тым аздығы.”өкінішке қарай саған көңіл бөлуге Менің уақытым жоқ”,- деп жанұя мен бала тәрбиесін ысырып қойып белсенді еңбек етушілер қателескенін кеш ұғып жатады. Ата - анасынан уақыт жоқ деген сөзді жиі естіген бала ата - ана махаббатын басқа жақтан іздейді, тіпті сіздің жұмыс кестеңіз белгіленіп қойса да, кешкісін жарты - 1 сағатыңызды балаға бөліңіз. Оның төсегінің жанында отырып ертегі оқып немесе күні бойғы қандай қызықтар болғанын сұрау арқылы махаббатыңызды бөліңіз.
6.”Көп ақша – жақсы тәрбие ”махаббаттың қай түрін болмасын ақшаға сатып ала алмайсыз. Құлаққа біртүрлі естілгенмен оң пікір кейбір аз қамтылған жанұя “Бала ештеңеден тарықпасын” деп жан ұшырып жүреді. Дегенмен балаңыздың арманын орындай алмағаныңыз үшін өзіңізді кінәлі сезінбеңіз. Шындығында сіздің қалың әмияныңыздан көрі шынайы сезіміңізбен махаббатыңыз керек, онымен бірге ойнап, күлгеніңіз, бірге өткізген. Қорытындылай келе осындай қарапайым қателіктен қаша отырып тәжірибелі мамандардың айтқанына ден қойсақ, әрбір жанұя жайдарылықта тыныштық пен махаббат мекеніне айналары сөзсіз. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса, есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайда” Не істеу керек?”деген ой туындайды. Әрине, ата – ана баласының оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, оның тәртібін қадағалап отыру қажет. Тәрбие ешқандай үзілісті, демалыс күндерді білмейді. Ата - ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға болғандықтан баланың жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете бақылап отыру қажет. Балалармен сөйлескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Ұлы ғалым философ Әбунасыр әл - Фараби “Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне қауіп әкеледі ”десе. Жан - Жак Руссо ”Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туылады, оның бетіне шимайды қалай салсаң солай шығады, Бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесе солай тәрбиеленеді.” деген екен. Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне жауапты ең әуелі ата - анасы болмақ. Сондықтан еліміздің болашағы жастарымыздың заман талабына сай сапалы білім, саналы тәрбие алуына бірлесе атсалысайық, құрметті ата - ана!
Тақырыбы: «Тәрбие басы- отбасы» дөңгелек үстел. Мақсаты: Бала тәрбиесін ата- аналармен біріге шешу. Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту. Көрнекілігі: Ақ қағаз, акварель бояу, ағаштың суреті салынған А3 қағаз. Барысы: Сәлеметсіздерме құрметті ата- аналар. Бүгінгі біздің «Тәрбие басы- отбасы» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!