Ұйымдастыру-іздендіру | Жаңа тақырып «Ғарыш» сөзіне түсінік береді, сөзді қайталап айтқызады. Саяхатқа өзімізбен бірге не алсақ болады? Ол жақта қарнымыз ашып қалуы мүмкін. Дұрыс айтасыңдар, тамақ алайық. Тағамдар суреттерін көрсетеді, аттарын қайталатады, сөмкеге салдырады. Суретін көрсетіп таныстырады. «Тоқтар Әубәкіров- ғарышкер» деп бірге айтқызады. Балалар қисынды бөлшектерден зымыран құстырады. «зымыран» сөзін қайталатады. Мынау – зымыран. Келіңде, оған отырайық. Енді санауды бастайық: он, тоғыз, сегіз, жеті, алты, бес, төрт, үш, екі, бір ,нөл – кеттік. Иллюминатордан бұлттар көрініп тұр. Біз жерден алыстап барамыз. «бұлт» сөзін қайталатады. Міне, ғарышқа да жеттік. Қараңдаршы, қандай әдемі! «ғарыш» сөзін қайталатады. Міне, Марсқа келіп қондық. Сергіту сәті Көңілді музыка қойылады. Балалар Марсқа жеткендеріне қуанып, қол ұстасып музыка әуенімен айналады. «Сәлем, Марс тұрғыны!» Ойыншық роботты көрсетеді: Қараңдар, Марс тұрғыны бізді қарсы алып тұр. Келіңдер, сәлемдесейік. Марс тұрғыны сендермен танысқысы келеді. Мына суреттегі кісінің кім екенін білгісі келеді. Балалар, қайтатын уақытымыз болды. Зымыранға отырып, санауды бастайық: он, тоғыз, сегіз, жеті, алты, бес, төрт, үш, екі, бір ,нөл – кетік. «иллюминаторға» қаратып, не көріп тұрғандарын өздеріне айтқызады. Суретпен жұмыс Ғарыш туралы сурет бойынша жаңа сөздерді қайталатады. | «ғарыш» сөзін қайталап айтады, мағынасын түсініп алады. Тағам аттарын естеріне түсіріп, әр бала әр тағамды атап, суретін сөмкеге салады. Тоқтар Әубәкіров – ғарышкер, - деп бірге айтады, мағынасын түсініп алады. «Зымыран» сөзін қайталайды. Қосылып кері санайды: он, тоғыз, сегіз, жеті, алты, бес, төрт, үш, екі, бір ,нөл. Зымыран «терезесінен» бұлттарды тамашалайды, «бұлт» сөзін қайталап айтады. Ғарыштың ғажап суреттеріне назар аударады, «жер,ай» сөздерін қайталап айтады. Музыка әуенімен қол ұстасып, айналып билейді. Роботпен сәлемдеседі, танысады. Роботтың сұрағына жауап береді: Тоқтар Әубәкіров-ғарышкер Бәрі қосылып кері санайды: он, тоғыз, сегіз, жеті, алты, бес, төрт, үш, екі, бір ,нөл Иллюминатордан тамашалап, не көргендерін өздері айтады. Орындарына келіп отырады. Суретпен жұмыс жасайды. |