2 – кезең Ұйымдастырушылық ізденушілік | «Шыршаны безендіру» ойынын ойнау. «Ұлпақарларды» санау. Тілдік жаттығулар: Ыс – ыс – ыс – аязды қыс. Сан – сан – сан – желді желтоқсан. Тар – тар – тар – суық қаңтар. Пан – пан – пан – боранды ақпан. Ық – ық – ық – қыс суық. Презентация, суреттер арқылы жаңа сөздермен таныстыру. Сергіту сәті: Қыс қызығын көреміз, Шаңғы, шана тебеміз, Таза ауада көп жүрсек, Шынығады денеміз. Жұмбақ үйрету: Балалаардан жұмбақтың ішінен таныс сөздерді сұрау. Жұмбақтың мағынасын түсіндіру. «Отқа жанбайды, суға батпайды». (мұз). «Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады». (қар) Тірек-сызбалар арқылы сөйлемдер құрастыруға үйрету: (қыс мезгіліне арналған) Мақал-мәтел жаттау: «Қыстағы суық – жаздағы ыстық» | Ойын ойнап, түстерді қайталайды. Ұлпақарларды 1 ден 10-ға дейін және кейін санайды. Сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға тырысады. Балалар сөздермен танысып, қайталайды. Балалар түрлі қимылдар жасай отырып, мұғалімнің артынан сөздерді қайталап тақпақты жаттап алады. Балалар таныс сөздерді атайды. Мағынасын түсініп, жауап береді. Сөйлемдер құрастырып, әңгіме жасайды. Мақалдың мағынасын түсініп, жаттайды. |
3 – кезең Рефлексивті түзеуші | Бекіту: «Қар домалақтарын жинау» ойыны: | Балалар қар домалақтарын алып, тақырып бойынша бір сөзден айтады. |