Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Балабақша –балалардың білімге деген алғашқы баспалдағы»»
Тақырыбы: «Балабақша –балалардың білімге деген алғашқы баспалдағы»
«Ата-анадан ұрпақ таралған, жақсы жаман болса бала солардан» Ж.Баласағұн.
Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдарын, зерделі зиялыларын толассыз толғанысқа,үздіксіз ізденіске түсіргендігі күмән туғызбайды. Халқымыздың болашағын ойлаған асыл ойлы ғұламаларымыз да кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған.
Ата-аналардың өз балаларынга деген шектен тыс сүйіспеншілігі олардың бойында жекешілдік, пайдакүнемдік, қанағатсыздық және де басқа жиренішті мінез-құлықтарды тудырады. Осыдан барып адамдар бір-бірімен араздасып, туысқан адамдардың өздері де бір-біріне алакөз болып өштесуге дейін барады. Философтар мен педагогтар да бұл проблемаға соқпай өткені жоқ, бірақ оны әркім әртүрлі бағалайды. Жеке бастың рухани және эмоциялық негізін қалау-отбасы тәрбиесінің басты мақсаты мен мәні.
Отбасы-бұл баланың өмір сүру ортасы: Қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орын. Отбасында барлығы жақсы болған жағдайда балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады.
Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық- баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады, ол төмендегі жағдайларға негізделеді: өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйластық, әлемге деген түсіністік көзқарас және тиімділік ықпалын ұзақуақыт бойы сезіну, бір-біріне серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім беру нәтижесіне жетеді.Баланы жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге күш салатын қазіргі заман педагогикасын: Мектепке дейінгі тәрие мен мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ешкім жоққа шығармақ емес. Отбасындағы ата-анаға өздері өмірге әкелген баласы үшін қаншалықты жауапкершілік жүктелгендігі елімізде заң жүзінде қарастырылған.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуетін арттыруға бағытталған болуы керек.
Отбасы мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары-баланы әлеуметтендірудің маңызды екі институты. Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу мұғалім мен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады.
Баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса ғана елдің болашағы зор болмақ, ата-аналардың оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады.
Тәлім-тәрбиеде ешқандай ұсақ-түйектік жоқ. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз: «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»деп текке айтпаған.М.С. Макаренко ата-анаға арналған кітабында: «Бала тәрбиесінде сіздің іс-қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады»деген.
-Танымдық бағытта- ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер, педагогикалық-психологиялық тренингтер, дарынды балалармен жұмыс.
-Адамгершілік-құқықтық бағытта- баланың құқығы туралы ата-аналармен дөңгелек үстел ұйымдастыру.
-Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында –семинар, конференция, акциялар, денсаулық күні, фестиваль.
-Эстетикалық бағытта-фестиваль, өнер байқаулары, сайыстар ұйымдастыру.
Рухани-өнегелік тәрбие- ұлттық салт-дәстүрлерді балалар бойына сіңіру.
-Шығармашылық бағытта- көрмелер, бейінді топтар жұмысын ұйымдастыру.
-Ата-аналармен жұмыс- ашық есік күні, конференциялар, спорттық жарыстар, шығармашылық есеп беру концерті.
Баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса ғана елдің болашағы зор болмақ, ата-аналардың оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады.
Көпшілік ата-ана баласының дені сау, тамағы тоқ, киімі бүтін, теріс әдеттерден аулақ болу жағына барынша көңіл бөледі де, оның бойында жастайынан жақсы қасиет, сынық мінез қалыптастыруға онша мән бермейді. Нәтижесінде балаларда тым ашушаң, өзімшіл, тәкаппар немесе жуас, өте тұйық, сондай-ақ ұрыншақ мінездер қалыптастырады. Оның өзін кейбір ата-ана баласы өсіңкіреп, жоғары сыныптарға барғанда ғанабайқайды. Сонда ғана өкінеді. Мұндай күйге ұрынбас үшін балада жақсы мінез қалыптастыру мәселесіне де сәбидің бесіктегі кезінен бастап-ақ мән берген жөн.
Сәбидің сұрағанын тауып беріп, айтқанының бәрін бұлжытпай орындайтын ата-ана өзімшіл, өркөкірек, еш нәрсеге басын ауыртпайтын жалқауды тәрбиелеп өсіргенін өзіде байқамай қалады. Керісінше, баланыңталабына көңіл бөлген ата-ана оны орындау аса қиындық туғызбаса да, оның денсаулығына,тәрбиесіне тигізер пайдасы мен зиянын іштей сарапқа салып, өзара ақылдасып барып шешім жасайды.
Бала мінезінің жағымды, жағымсыз болып қалыптасуы отбасы ортасына, ондағы адамдардың өзара қарым-қатынасына да байланысты. Таңертең ұйқыдан тұрғаннан бір-біріне «қайырлы таң»тілеп, өзара дауыс көтермей, мәдениетті жұмсақ сөйлесіп, қарым-қатынас жасайтын отбасының балалары да әдепті, ұқыпты, жинақы болып өседі. Ал, ұрыс-керіс жиірек болатын отбасындағы сәбилерде дөрекі, ызақор, ашушаң не барынша қорқақ мінез қалыптасады.Сондай-ақ, отбасы мүшелерінде өзара сыйластық болмаса, он ы бала тез сезеді. Мұндай отбасындағы балалар жаман әдетке үйір, мінезі нашар келеді. Демек, үй ішінде өзіне бақылау жасамаған, өзін дұрыс ұстай білмейтін ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауы ұрпағының болашағына балта шабумен бірдей. «Бес саусақ бірдей болмайды»дегендей, кеде бір үйдегі екі-үш баланың мінездері әртүрлі болып келеді. Көбінесе, алғашқы бала ашық мінезді, адамдармен тіл тапқыш, көңілді болып келеді. Ал оданкейінгілерінің біреуі тұйық, онша сөйлей бермейтін,көп нәрсеге қызықпайтын енжар, белсенділігі төмен болады. Осы көп сөйлемейтін тұйық, жуас мінез бұдан гөрі көңіл аз бөлінген, көбінесе өзімен-өзі ғана ескерусіз өскен сәбиге тән. Бұл жерде мұндай баланың белсенділігін, жігерін арттыруға бола ма деген сұрақ тууы әбден заңды. Кезінде ата-ана өздері жіберген олқылықтың орнын тынымсыз,аса сергек тәрбие арқылы ғана толтыра алады. Мұндай сәбимен көбірек айналысып, әңгімеге тартып ,оны тыңдап, тындырған нәрсесін орынды жерінде мақтап, одан да зор іске шамасы келетініне сенім білдіріп, оның бойында жігер отын тұтатып, өзіне өзінің сенімін арттырса ғана мақсатқа жетеді. Балан,ы көп ұрып, жазалап, сөге беру де жігерін құм етіп, ашындырып жібереді. Мұндай әдет дұрыс тәрбие құралы емес. Бала қылығын ескерусіз қалдырмай, үнемі көңіл бөліп, кемшілігін дер кезінде түсіндіріп отырса, теріс кете қоймайды. Әңгіме сондай әдістің кейде жетпей қалатындығында.
Әркімнен табыла бетмейтін жақсы қасиеттердің бірі- кішіпейілдік пен әдептілік.Бұл да баланың бойына жасынан дарытылуға тиісті асыл қасиеттер. Сондықтан баланың кішкентай да кемшілігін ескерусіз қалдыруға болмайды.Оның қателігін мойындатып, қажет жерінде достарымен қыдыруға жібермеу, қалаған нәрсесін алып бермеу ,белгілі мерзімге далада ойнауға тыйым салу сияқты әдістермен жазалау қажет. Баланың қандай әдетке бейімділігі бірден аңғарылып тұрады.Сондайда жақсы әдетті одан әрі дамыту, теріс қылықтарын дер кезінде қайталамайтындай ескерту жасау көп септігін тигізеді. Балаға тәрбие бере отырып, оған дұрыс жүр,әдепті бол деп отырған ата-ана өзі де әдепті, жүріс-тұрысы дұрыс, әдемі сөйлеп, өз ортасында, ұжымда да беделді болуы тиіс.
Тәлім-тәрбиеде ешқандай ұсақ-түйектік жоқ. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз: «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»деп текке айтпаған.М.С. Макаренко ата-анаға арналған кітабында: «Бала тәрбиесінде сіздің іс-қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады»деген.