kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Теннис ойнау шеберлілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы»,- деген болатын.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесі алдында білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін қолдану арқылы үздік білім беру ресурстары мен технологиялармен бірдей

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Теннис ойнау шеберлілік»

Рухани-адамгершілік пен патриоттық тәрбиеде пікірталас технологиясының алатын орны ерекше


БИСЕНҒАЛИЕВА ӘДЕМІ ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ

ТОРҒАЙ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ


Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты.

Мен басшылық жасап жүрген «Бірлік» дебат клубының міндеті де патриотизмнің қағидаларын сақтау және ойын арқылы жүзеге арттыру. Мысалы: «Мемлекеттік тіл өз мәртебесінде ме?» резолюциясын талқылауда студенттердің нақты ойлары мен пікірлерін айқындадық. Олар мемлекет тілді тек қарапайым ғана білу жетіліксіз, яғни болашақта жоғары белестерге жету үшін терең білуге қажеттілігін ұғынуда. «Жастар және дін» резолюциясы арқылы, еліміздегі түрлі ұлттардың діни нанымдарын құрметтеу және өздерінің көзқарастарын қалыптастыруға тәрбиелеу басты мақсат болды. Негізінен, біздің талқылаған резолюцияларымыздың барлығы да өз Отанымызға деген студентердің азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Биылғы жылдың жоспарын талқылауда клуб мүшелерінің назарына бірнеше резолюциялар ұсынған едім, таңдағандары «Бала құқығы және қоғам», “Жалпыға ортақ еңбекке көзқарас”, «Қаламыздың жастары қаншалықты патриот», «Моноқалаларды дамыту механизмі», «Интернет кітапты алмастыра алады ма?» т.б. болды.

Елбасы, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауларын насихаттау және жастардың бойында Отансүйгіштік сезімін арттыру бағытында дебаттық клубымыздың белсенді жұмысы жасалып отырады. Бұл клубтың негізгі мақсаты: студент жастарға кең көлемде білім ғана беріп қоймай, сонымен бірге саяси-ғылыми талдау әдістерін үйретіп, қоғам мен мемлекеттің болашақтағы саяси дамуын болжай алатын, қазіргі саяси құбылыстарға шығармашылық талдау мен зерттеу жасауға мүмкіндігі бар, рухани және интеллектуалды жастар қалыптастыру болып табылады.

Студенттер арасында пікір-сайысты дамыту арқылы азаматтық ұстанымдары мен патриоттық сезімін қалыптастыруға, шыншыл, жоғары білімді, элиталы ұрпақ дайындауға үлес қосу болып табылады. Рухани адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру бағытындағы тәрбиенің жалпы мақсаты тәрбиелік құрылымдарының жүйесінің дайындалуы мен өзекті мәселелердің шешілуі арқылы жүзеге асырылады:

-студенттерде маңызды әлеуметтік мәселелерді қоғамдық жұмыстарға қатыстыру арқылы қалыптастыру;

-студенттердің өзіндік ойлау қабілетін қалыптастыру және шығармашылық өзіндік дайындау үшін жағдайлар жасау;

-студенттік бірлестікте денсаулықты сақтау және денсаулыққа қатысты құндылықтарды сақтауды қалыптастыру;

-әлеуметтік – мәдени белсенділікті, патриоттылықты, заңды және құқықты сыйлауды қалыптастыру;

-студенттер арасында ұнамшылдық құндылықтарды, рухани мәдениетті құру оны әрі қарай арттыруды қалыптастыру;

-кәсіби салада мақсаттылықты, жігерлілікті, бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру.

Жастардың саяси белсенділігін арттыру мақсатында «Ел болашағы – жастардың қолында» атты дебаттық турнирдің маңызы зор. Дебаттық турнирде фракциялар «Қазақстан-2050 стратегиясы - өңірлер дамуының кепілі», «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол», «ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің маңызы» атты тақырыптар талқыланады.

"Дебат" сөзі бізге Франциядан келген, ол «екі қарама-қарсы көзқараста айтысуды» білдіреді. Адамдар бір-бірімен келіспеуді үйренген кезден бастап айтыса бастады. Ежелгі Грецияда пікір сайыс күнде болған екен, оған философтар, саясаткерлер, қарапайым адамдар қатысқан. Орта ғасырлық Еуропада университеттерде шешендік өнердің курсы жүргізілген. Бірақ жастар қызметінің түрі ретінде пікір сайысу алғаш 1930 жылдары АҚШ-та пайда болды. Қазақстанда «Дебат» бағдарламасы 1996 жылдан дамыды.

Пікірсайыс – бұл көңілді, ойын-сауық интеллектуалды ойын, келешек қоғам көшбасшылары белсенді жастар үшін жарқын болашақ. Пікірсайыс өркениетті демократиялық қоғамда қажетті жауапты шешім қабылдауға, тәуелсіздікке және басқа да дағдыларға шыңдайды.

Пікірсайыс құндылықтары:

Дағды мен іскерлік:

-сыни тұрғыдан ойлауды дамыту проблеманы жан-жақты қарастыру ойды логикалық құру, талқыланатын сұрақтың мәнін ұғыну, өз ұстанымын дәлелдеу

Мүмкіндіктері:

-әр түрлі деңгейдігі (қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық) жарыстарға қатысу басқа қалалардағы және елдердегі өз жасындағы жастармен қарым-қатынас орнату саяси сауаттылықтың және білімдарлықтың деңгейін көтеру ой өрісін кеңейту

  Дебат – студент тілін дамытудың бір жолы. Студент дебат кезінде түрлі тақырыпта сөйлеуге, пікір таластыруға, өз ойын дәлелдеуге, басқаның пікірінің қате екенін дәлелдеуге жаттығу арқылы шебер сөйлеуге жаттығады, дағдыланады. Дебатта студенттердің сөйлеу мәдениетін арттырып, олардың топ алдында өзін-өзі талдай білуге, басқаны тыңдай білуге, өз көзқарасын дәлелдей білуге, сауатты сөйлей білуге үйрететін тапсырмалар беріледі. Дебат кезінде студент ойлана отырып, шебер сөйлеуге деген мүдделілігі арттырылады. 
Дебат арқылы бірнеше шешімі бар, күрделі, қайшылықтардан тұратын мәселелерді шешуге үйренуге болады. Осы орайда дебат студентті өз ойын басқаға дұрыс жеткізе білуге, дәлелдей білуге, пікір таластыра білуге бағыттайды. Сондықтан дебат арқылы студентті мәдениетті, шебер сөйлеуге, тілі дамып, өз ойын анық, дәл жеткізуге, өз көзқарастарын дәлелдей білуге дағдыландыруға мүмкіндік бар. Дебат кезінде студент әр аргументке дәлелді пікір айтып, тақырыпқа қатысты өз ойларын жеткізе білулері тиіс. Осы айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады, яғни тақырып болған мәселені студент ойлау арқылы жинақтап қабылдайды, қорытады, тақырыпқа сай жинаған деректерін өзі айтатын дәлелге қатысты жүйелейді, ойын қорыта отырып, белгілі бір шешімге келеді, студент пікір айтуға тиісті мәселеге, сұраққа өз ойын ауызша немесе жазбаша түрде білдіреді, дәлелдейді. Студенттердің шығармашылық тұрғыда ізденіп, ойлау қабілеттері жетілуіне ықпал ететін әдістің бірі – ойталқы. Ойталқы кезінде студенттер ойланып сөйлеуге дағдыланып, сөздік қорын толықтыруға да мүмкіндік алады. Ойталқының басты ерекшелігі – онда бірыңғай пікірге келмеген күрделі мәселе талданады және өзінің құрылымы жағынан да басқаша болады.

«Бірлік» клубының алдына қойып отырған мақсаты- қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру болып табылады. Осының барысында басқа да мәселелер шешу:

-Әлеуметтік тұрғыдан белсенді тұлғалар тәрбиелеу;

-Жастарды сынай ойлауға баулу;

-Өз бетімен білім алуға талпындыру;

-Жаңа-әлеуметтік психологиялық қабілеттердің қалыптасуына ықпал ету.

Пікір таласқа дайындық барысында студенттер талқыланатын мәселелерге қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көптеген ақпараттармен таныс болады. Бұл оларға сол мәселе бойынша өз көзқарастарын қалыптастыруға, оларды өз оппонентерінің көзқарастарымен салыстыра отырып, ойын барысында қорғауға үйретеді. Пікір талас жастардың жан-жақты білімдерін жетілдіріп, мәдени деңгейлерін көтереді, басқа адамдарға түсіністікпен қарап, олармен санасуға үйретіп, шешендік өнерге баулиды. Жаңа технологиялар енгізу арқылы білім алу процесіне әсер етіп, жастарды өз бетімен білім алуға ынталандырады.

Пікір-сайыстан біздің алғанымыз, үйренгеніміз көп болды. Біріншіден, студенттердің ойлау қабілеті шындалды. Екіншіден, сөйлеу мәдениеті, екі жақты көзқараста тақырыпты талдап алуға үйренеді. Үшіншіден, «Жеке тұлға» қалыптастырудың басты көзі болып табылды.

Біздің дебат клубымыздың іс-әрекеттері:

-Студенттердің қызығушылығын тудыру;

-Студенттерге дебат форматтарын түсіндіре отырып үйрету;

-Дебат сайысының тақырыптарын бірлесе таңдау;

-Дебатқа дайындау, әрбір жауапқа талдау жасау;

-Кітапханада жұмыс істеуге дағдыландыру;

-Дебат ойындарын үнемі өткізу;

-Колледж кубогін өткізіп тұру;

Осы іс-әрекеттерді өз деңгейінде жүзеге асырып келеміз.

Колледжімізде дебат сүйер студенттер саны артуда. Тобымыз көбейген сайын ортақ ойлар, пікірлер көбейе бастады. Алдымызға мақсат қоя отырып, көптеген ойындарға, мастер класстарға қатыстық. Көп тәжірибе жинадық. Қалалық екі дебат ойынына қатысып, бірінші рет 1-орын, екінші рет – «Қала Кубогін» иелендік. Облыстық ойынға да қатысып келдік. Ендігі мақсатымыз облыстық ойындарға ден қойып, өзімізді жақсы жағынан көрсетсек дейміз. Бұл дегеніміз колледжге және қала өміріне қосқан үлесіміз деп есептейміз.

Сонымен, дебат ойындары ХХІ ғасырда тұрған жастарымыз үшін қажетті дағдыға айналды. Өзім клуб жұмысында тәжірибе жинақтап, сабақ үрдісінде, сабақтан тыс кезде «пікір-талас» түрлерін оқыту технологиясына енгізе отырып, біраз жетістіктерге қол жеткіздім. Жалпы айтқанда тарих сабағында қолданған өте тиімді. Пікір-талас стратегиясы бірлесіп білім алудағы, ақиқатты іздеудегі жауапты іс-әрекет. Мұнда студент жетекші позицияда болса, ал оқытушы мәселені меңгеруде, талқылауда және шешім шығаруда көмекші серік міндетін атқарады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Теннис ойнау шеберлілік

Автор: Кабажаев Еркин Ержанович

Дата: 30.01.2019

Номер свидетельства: 497834


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства