Іздену-ұйымдастырушы | Тосын сәт: Топқа елші кіреді. -Сәлеметсіздер ме,балалар?Мені қайдан келді деп таң қалып тұрған шығарсыңдар.Мен дүние жүзін аралаған Елшімін..Олай аталу себебім бір жерде тұрақтай алмаймын.Қазақстандай ел бар екенін естіп,көріп танысыайын деп келдім.Енді сіздердің елдеріңізбен танысқым келеді. Тәрбиеші:Ендеше сіз біздің қонағымыз болыңыз. Біз сізге елімізді,жерімізді таныстырайық. Бейбіт таңдар арайланып атады, Туған жерді аймалады шапағы. Байтақ елім Қазақстан! Ең бақытты балалардың Отаны. -Балалар біз қандай Республикада тұрамыз? -ҚР елордасы қай қала? -ҚР елбасы кім? -ҚР қандай мемлекет? Елші:Егеменді ел болған соң мемлекеттік рәміздері де бар шығар? Тәрбиеші: Әрине бар.Қане балалар рәміздерге не жатады? -Дұрыс айтасыңдар балалар,еліміздің ашық аспандай көгілдір Туымыз,айбынды елтаңбамыз,мағыналы Гимніміз бар. Елші:Әркім өзін Қазақстан азаматымын деп санаса,ол азамат білімді болу керек. Арыстан:Менің Отанға деген махаббатым өте зор.Отаным Қазақстан Республикасы.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.Елордамыз Астана қаласы.Қазақстан-бірлігі жарасқан ел.Отанымыз жері байтақ өлкем.Оның байтақ жерінде жазықтар.таулар,өзен,көлдер де бар.Қазақстанның тәуелсіздігін жүз елуден астам ел таниды. Тәрбиеші: -Дұрыс айтасың,жарайсың.Қазақстан туралы көп біледі екенсің.Біз суреттерге қарап байтақ жерімізбен таныстық.Ендеше осы Отанымыз туралы кім тақпақ айтып береді? Әмір:1.Отан менің ата-анам, Отан досым бауырым. Отан өлкем Астанам, Отан туған ауылым. Әнуар:2.Ен даласын егін жапқан, Бар баласы бақыт тапқан. Менің елім,туған жерім. Күн сәулелі Қазақстан. Айзере:3.Отан менің жүрегім, Отан менің тірегім. Отан менің отбасым, Тек сені ойлап жүремін. Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар Отан туралы тақпақ біледі екенсіңдер. Ал,балалр Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер? Мен бастаймын ал,сендер аяқтаңдар. «Отан-отбасынан басталады» «Отан-оттан да ыстық» «Отансыз адам-ормансыз бұлбұл» «Жері байдың-елі бай» Сергітусәті: Көк жалау желбіре Асқақтап аспанда Жас ұлан,ел бірге, Сап түзе жасқанба. Ойын: «Күннің шуағы» Ойынның мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорларын арттыру. Жүйелі сөйлеуге баулу. Ойын шарты:Тақтада күннің суреті бейнеленеіп тұрады. Күннің шуақтарында сұрақтар жазылған. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы балалар күннің шуақтарын орнына орналастырады. 1.Сендердің қалаларың қалай аталады? 2. Біздің бақшамыз қалай аталады? 3.Елордамыз қай қала? 4.Елбасымыз кім? 5.ҚР туының түсі қандай? 6. Қазақстанда қандай ұлт өкілдері бар? 7. Астанада қандай ғимарат бар? Тәрбиеші:Біздің Қазақстанда көп ұлттар тұрады.Олар бір-бірімен қалай тұрады деп ойлайсыңдар? -Олар бір-бірімен дос,тату тұрады. Ортақ бізге бір Отан, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы, Достығымыз жарасқан. Балалар,ҚР рәміздерін,мемлекеттік тілін құрметтеп,өз еліңді,жеріңді қорғап,халқыңа еңбек ету керек.Сонда ғана қазақтың нағыз патриот азаматтары болып ер жетесіңдер.Ал,қазір Марселдің «Біз қазақ баласы»өлең жолдарымен сабағымызды аяқтайық. Біз - қазақ баласы Бабалар мұрасы, Аталар мирасы – Бар байтақ даласы, Біз – қазақ баласы. Көксеген келді күн, Тәуелсіз ел бүгін – Бар Отан анасы, Біз – қазақ баласы. Дәстүрді сақтаған: Жеті ата-бабасын Жадына жаттаған, Біз – қазақ баласы. | Балалар Елшімен амандасады. (Слайдтар көрсетіледі) -Қазақстан Республикасында -Астана қаласы - Н.Ә.Назарбаев - Егеменді,Тәуелсіз мемлекет Рәміздеріміз-Ту,Елтаңба,Гимн Отан туралы тақпақтар айтылады. Мақал-мәтелдер айтады. (екі қолмен екі жаққа сермеу) (екі қолмен жоғары созылу) (бір орында сап түзеп жүру) Петропавл қаласы «Нұрсәт»балабақшасы «Астана»қаласы Н.Ә.Назарбаев Көгілдір Қазақ,орыс,татар,өзбек,неміс т.б. Бәйтерек -Отанымыз тыныш болсын! -Аспанымыз ашық болсын! -Туымыз биікте желбірей берсін! |