Іздестіру- ұйымдастыру | Тәрб. енді орнымызға жайғасайық. 1.Қазір жылдың қай мезгілі? 2.Бір жылда неше жыл мезгілі бар? 3.Аптада неше күн бар? Ендеше, балалар түрлі-түсті шарлар көрсетемін, ал сендер шар-а қарап қай жыл мезгіліне байланысты екенін айтасыңдар. Дұрыс, балалар бүгін аптаның екінші күні –сейсенбі. Бүгінгі сабағымыздың білім беру саласы –«Таным» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті –«Математика сабағы» -Балалар, бүгін таңертең мен өзімнің үстел-ң үстінде бір құсты көрдім. Сендер, білесіңдер ме, бұл қандай құс? -Дұрыс, қарға барлық жерде ұшып жүреді, бәрін көреді, біледі, сондықтан өзінің ұзын құйрығында бізге хат әкеліпті.Қане, олай болса бәріміз ашып оқиық. Мен атамнан қаштым Мен апамнан қаштым Енді міне маған қауіп төніп тұр, көмектесіңдерші. Бірақта, кімнің жазғаны жазылмапты,асығып жазғанға ұқсайды. Ал сендер білмейсіңдер ме, бұл хатты қарға кімнен әкелді екен? Балалар, онда оған кім көмектескісі келеді?Бірақта, саяхатымыз қауіпті болуы мүмкін, қорықпайсыңдар ма? Мүмкін бауырсақты қу түлкі алып кеткен шығар, олай болса көмектесуіміз керек. Аю 3 1 Қоян / Түлкі 4 2Қасқыр Т.-бала-ң назарын схемаға аударады. Қай жерден іздеуді бастаймыз?Дұрыс-1 санның қасында қандай аң отыр? Ол бізден көмек сұрайды, мына көжек-е сәбізді бірдей қылып беруді талап етеді. 1-тапсырма: «Қанша болса, сонша» Тақтада неше көжек бар?Қандай санды жанына қоямыз?(1-2 балаға санату). Көжектерге неше сәбіз керек? Әр көжекке бір-бірден, қане, мұқият қараңдаршы бәріне бірдей жетті ме? Көжек-н сәбіз туралы не айтуға болады? Жақсы, балалар бұл тапсырманы орындадыңдар. Әрі қарай жалғастыруымыз керек, схема бойынша келесі қандай сан? 2 цифрасының жанында отырған аңды кім біледі? -Қасқыр қайда өмір сүреді? -Орманда нелер өседі? -Қандай ағаш, неше шырша өсіп тұр, санайықшы. Енді осы шыршалар несімен бір-біріне ұқсас,тағы да қандай айырмашылығы бар екенін кім көрсетеді? Балалар, қалай ойлайсыңдар шыршамыз қандай пішіндерден құралған? -Қасқыр бауырсақтың қай жағында орналасыпты? Ендеше, балалар біз қасқырға үй салуға көмектесейік, ол бізге келесі аңға жол көрсетеді Олай болса қандай фигураларды қолданамыз? Міне, қасқыр риза болып, бой жазып, дем алуға шақырады. Сергіту сәті. Бір мен екі қосуды, Үш пен төрті қосуды. Үйренеміз,үйренеміз үйренеміз, Суреттіде саламыз. Би де, билей аламыз, Үйренеміз,үйренеміз үйренеміз. Үшбұрыш пен төртбұрыш, Дөңгелек пен үшбұрыш. Үйренеміз,үйренеміз,үйренеміз, Суреттіде саламыз. Би де, билей аламыз, Үйренеміз,үйренеміз үйренеміз. Т. балалар енді қай жаққа баруымыз керек?Келесі қай сан?Осы жолы кімге көмек береміз? Аю қыстың күні ұзақ ұйқыға кетеді, сондықтан өзіне көптеген пималар дайындапты, бірақта аю өзіне бірдей пиманы таңдай алмай, бәрін шатастырып алыпты, соған көмектесейік балалар. Аю балаларға рахмет айтып, түлкі жаққа жол көрсетеді. Т. –балалар қандай сан аталмай қалды? (схема бойынша 4 санына келеміз) Келесі кезекте қандай аң қалды деп ойлайсыңдар? Жұмбақ жасыру: «Өзі қу, жүрген жері айқай –шу екен!»Бұл не? Балалар, түлкі бауырсақты тығып қойыпты, Түлкінің айтуы бойынша алдымыздағы көптеген қораптардың бірінде бауырсақ болуы мүмкін, ол үшін қораптарды ашып ішінде қандай тапсырма бар екенін көріп, орындауымыз керек. Егерде дұрыс орындасақ, осы жерден бауырсақты аман-есен табуымызға болады. Т. –балалар сендер ризасыңдар ма, бауырсақты құтқарып қалғанымызға. Жақсы, қане досымызға айтайықшы, қандай аңдарды кездестіргенімізді, кімге көмектестік. (Балалар бауырсақты бір-біріне бере отырып,өздерінің | Көктем Төрт(қыс, көктем, жаз, күз) 7 күн бар Сары түсті шар- күз мезгіліне ұқсайды( жаңбыр көп жауады, қолдарымен қолшатырды көрсету) Ақ шар-қыс белгісі(аяз болады беті-қолдарын уқалайды, аяқ-н топылдатады) Жасыл шар- көктем белгісі(саусақ жаттығуы «Құстар ұшып келеді») Қызыл түсті шар –жаз белгісі(жүгіреміз, секіреміз, тату болып ойнаймыз)     -Бауырсақтан -1цифрынан (3 тілде санау) Қоян 4көжек   4санын қоямыз Сәбіз бен көжектер бірдей, неше көжек болса- сонша сәбіз бар! 4 көжек пен 4сәбіз -2 цифрасы -Қасқыр  -Орманда -Ағаштар өседі -екі шырша Жасыл түсті Біреуі биік, біреуі аласа Бәрі үшбұрыш пішіннен Төменгі оң жағында Үйдің қабырғасына төртбұрыш аламыз, төбесіне үшбұрышты қоямыз Үшбұрыш, төртбұрышты  -Үш саны -Аюға  Балалар пимадағы пішіндерді мұқият қарап, бірдей пішіндерді тауып,дұрыс таңдауға көмек берді.  Төрт саны -Түлкі  Қорап ішіндегі тапсырма:1-4-ке сандар туралы тақпақ айтқызу. 5-і тапсырма бауырсақты тауып алады. Балалардың қуануы.  |