Мотивациялық - қозғаушылық | Педагог балалармен бірге шаттық шеңберін жасайды. Балаларға қонаққа Алдар көсе келеді. Балалардан көмек сұрайды. Ол қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлерімен танысқысы келетінін айтады. | Балалар бір бірімен амандасады. Алдар көсе келгеніне қуанады. Балалар оны қазақ халық ертегілерімен таныстыруға қуана қуана келеседі. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Ертегілермен танысу кезінде педагог балалармен кластер құрастырады. Педагог балаларға синквейн жұмбақтарын жасырады: 1.Қарлығаш пен Дәуіт 2. Жылан 3. Қарға 4. Дәуіт 5. Мейірімді Осы ертегі бойынша әңгіме барысында педагог балаларға жыл құстарын және қыстап қалатын құстарды еске түсіруді ұсынады. Педагог балаларға дәуіт пен қарлығаштың іс-әрекетін сипаттап берулерін сұрайды және Алдар көсенің «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі туралы пікірін тыңдауды ұсынады. Ертегі бойынша суреттемені кластерге орналастырады. Педагог балаларға келесі синквейн жұмбақты жасырады: 1.Мақта қыз бен мысық 2. Қырсықтық 3. Сүтін төгеді 4. Құйрығын кесіп алады. 5. Дос болады Педагог балалармен «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша әңгімелеседі. Педагог балалардан қандай сүт тағамдарын білетінін сұрайды. Педагог балалардан мақта қыз бен мысықтың жасаған іс-әрекеттері дұрыс, дұрыс еместігін сұрайды. Олардың мұндай жағдайда не істейтіндігін сұрайды. Педагог осы ертегі жайлы Алдар көсенің бөліскен ойы жазылаған аудио жазбаны қосады. Ертегі туралы суреттемені кластерге орналастырады. Сергіту сәті: Қара жорға әуеніне қимылдап билейді. Педагог «Батпан құйрық» ертегісі бойынша синквейн –жұмбақ жасырады. 1.Батпан құйрық 2. Түлкі жолығады 3. Қойдың құйрығы 4. Аш-көз 5. Айлакер Ертегі барысын баяндау кезінде педагог балалардан жабайы аңдар туралы сұрайды. Қасқырдың әрекетін бағалауды сұрайды. Педагог Алдар көсенің жазбасын тыңдатады. Ертегі бойынша сүреттемені кластерге орналастырады. Кластер бойынша жұмыс (біз танысқан ертегілер бойынша барлығын еске түсіру ұсынылады) | Балалар жұмбақтарды шешеді. Балалар құс атауларын еске түсіреді. Балалар дәуіт пен қарлығаштын іс-әрекеттерін сипаттайды. Мұқият түрде аудио- жазбаны тыңдайды. Балалар жұмбақты шешеді. Балалар ертегіні талқылайды. Сүт тағамдарын атайды. Балалар өз сөздерімен жауап береді. Балалар мұқият тыңдайды. Балалар сергіту сәтін орындайды. Балалар жұмбақтың жауабын табады. Ертегі бойынша әңгімелеседі. Сұрақтарға жауап береді. Жабайы аңдарды атап береді. Балалар ертегілерді естеріне түсіреді. |
Рефлексиялық - түзетушілік | Педагог балаларға сабақ барысындағы өз жұмыстарын бағдаршам арқылы бағалауды ұсынады. | Балалар өз еңбектерін бағалайды. |