Тіл ұстарту жаттығулары
ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ ТУРАЛЫ
Қыс туралы
Ыс – ыс – ыс,
Келіп жетті қыс.
Ар – ар – ар,
Жауады қар.
Яз – яз – яз
Сақылдаған сары аяз.
Ран – ран – ран,
Соғады боран.
На – на – на,
Зулайды шана.
Күз туралы
Үз – үз – үз,
Жаңбырлы Күз.
Рақ – рақ – рақ,
Саулайды жапырақ.
Ел – ел – ел,
Соғады жел.
Іс – іс – іс,
Піседі жеміс.
Дай – дай – дай,
Жинаймыз бидай.
Көктем туралы
Тем – тем – тем,
Көңілді көктем.
Ыр – ыр – ыр,
Жауады жаңбыр.
Ғай – ғай – ғай,
Жарқылдайды найзағай.
Шек – шек – шек,
Шығады бәйшешек.
Ал –ал –ал,
Төлдейді мал.
Жаз туралы.
Аз – аз – аз,
Жайдары жаз.
Үн – үн – үн
Ыстық күн.
Ға – ға – ға,
Шомыламыз суға.
Яқ – яқ – яқ,
Жүреміз жалаң аяқ.
Иын – иын – иын,
Болады көп ойын.
ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ ТУРАЛЫ
Ие – ие – ие,
Маң – маң басқан түйе.
Та- та – та,
Жібек жүнді бота.
Иыр – иыр – иыр,
Сүт береді сиыр.
Зау – зау – зау,
Мөңірейді бұзау.
Қы – қы – қы,
Кісінейді жылқы.
Шақ – шақ – шақ,
Құлдырайды құлыншақ.
Ой – ой – ой,
Қорада тұр қой.
Зы – зы – зы,
Моп – момақан қозы.
Кі – кі – кі,
Сақалды ешкі.
Ақ – ақ – ақ,
Секеңдеген лақ.
Ік – ік – ік,
Шәукілдейді күшік.
Ық – ық – ық,
Тышқан жейді мысық.
ЖАБАЙЫ АҢДАР ТУРАЛЫ
Ю – ю – ю,
Қорбаңдайды аю.
Тан – тан – тан,
Аң патшасы – Арыстан.
Ыс – ыс – ыс,
Тарғыл түсті жолбарыс.
Қыр – қыр – қыр,
Бұл көкжал қасқыр.
Іл – іл – іл,
Тұмсығы ұзын піл.
Лан – лан – лан,
Шығады жылан.
Кі – кі – кі,
Айлакер қу түлкі.
Ян – ян – ян,
Қорқақ қоян.
Пі – пі – пі,
Тікенекті кірпі.
Ін – ін – ін,
Жаңғақ жейді тиін.
ҚҰСТАР ТУРАЛЫ
Пан – пан – пан,
Сап – сары балапан.
Ұс – ұс – ұс,
Ұшты үлкен құс.
Ғай – ғай – ғай,
Жем шоқиды торғай.
Ға – ға – ға,
Тал басында қарға.
Ғаш – ғаш – ғаш,
Ұя салды қарлығаш.
Бұл – бұл – бұл,
Сайрайды бұлбұл.
Қан – қан – қан,
Ала қанат сауысқан.
Дақ – дақ – дақ,
Емші құс тоқылдақ.
Қу –қу – қу,
Жүзеді қос аққу.
Уық – уық – уық,
Қыт – қыттайды тауық.
Шін – шін – шін,
Бақыт құсы көгершін.
Кек – кек – кек,
Өз атын шақырады көкек.
Рек – рек – рек,
Ұшты көлден үйрек.
Еш – еш – еш,
Шақырады әтеш.
Кіт – кіт – кіт,
Самғайды Бүркіт.
КИІМДЕР ТУРАЛЫ
Он – он – он
Тері тон.
Пақ – пақ – пақ
Киіз байпақ
Пан – пан – пан
Атам киеді шапан
Лош – лош – лош
Әжем киеді галош
Зол – зол – зол
Зерлі камзол
Я – я – я
Моншақта тақия
Ле – ле – ле
Үуілі сәукеле
Қап – қап – қап
Әдемі қолқап
Лек – лек – лек
Қос етек көйлек
Ли – ли – ли
Биік өкше туфли
Ік – ік – ік
Сәнді етік
Ди – ди – ди
Су кешетін поди
Мақ – мақ – мақ
Жылы тымақ
Пек – пек – пек
Тоқыған телпек
Ки – ки – ки
Жүн носки
ЫДЫС-АЯҚ ТҮРЛДЕРІ ТУРАЛЫ
Бақ –бақ – бақ
Ас салатын табақ
Шақ – шақ – шақ
Өткір пышақ
Зан – зан – зан
Ет асатын қазан
Зы – зы – зы
Алма салатын вазы
Ман – ман – ман
Су құятын құман
Нек – нек –нек
Шай қайнайтын шәйнек
Се – се – се-
Шай ішетін кесе
Гі- гі – гі
Сүт сүзетін сүзгі
Ке – ке – ке
Шұңғыл тәрелке
Ық – ық – ық
Ас ішетін қасық
ЖАНҰЯ МҮШЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Та – та – та
Ақ сақалды ата
Е – е – е
Ақ жаулықты әже
Ке – ке – ке
Асқар таудай әке
На – на – на
Мейірімді ана
Ға – ға – ға
Қамқоршы аға
Ыз – ыз – ыз
Айназ жақсы қыз
Ла – ла – ла
Саят пысық бала