kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Толағай" отбасылық интеллектуалды ойыны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Тасилова Нагима 


Егер өмір алтын болса, зергері –мұғалім,

Егер өмір теңіз болса, гауһары –мұғалім.

Егер өмір жүзік болса, көзі – мұғалім,

Егер өмір ақын болса, сөзі -мұғалім

Шухрат.

Мамандық таңдау болашақты таңдау. Өмірде мамандықтың сан алуан түрі бар. Әр мамандықтың өзіне тән ерекшелігі тағы бар.Әйтсе де мектеп қабырғасын қимастықпен аяқтаған сәттен бастап мамандық таңдау аса маңызды іс болғанымен, мен үшін еш қиынға соқпады. Себебі, қоғамдағы сан алуан мамандықтардың ішіннен жан-жақтылық пен білімділікті, ең бастысы мейірімділікті қажет ететін мұғалім мамандығының иесі атану бала кезгі арманым еді.

2004 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының «педагогика және психология» мамандығы бойынша үздік аяқтап, кеншілер қаласына арнайы жолдама арқылы ұлы ағартушының есімін иеленген Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжіне ұстаздық қызметке жұмысқа қабылдандым.

Бөтен қала, бөгде адамдар. Ең алғашында жаңа ортаға тез қалыптасып, ұжымға жылдам сіңісіп кету қиынның қиыны болды.

Әйтсе де алға қойған мақсатым – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол, қоғам сұранысына жауап берер білімді шәкірт тәрбиелеу қызметін адал еңбекпен жүзеге асырғым келді.Жақсы ұстаз атану – әр жас маманның борышы.

Нағыз ұстаз болу бақыт әрі абырой.Шындығында мұғалім болу оңай болып көрінгенмен,ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.

«Ел есінде бір жыл қалғын келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе бала тәрбиеле» дейді халық даналығы.

Кәсіби қызметімнің алғашқы күндерінде-ақ мені «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша оқыған қазақ тобына жетекші етіп бекітті. Барлығы өзім сияқты ауылдың қарапайым да аңғал, ак жүректі балалары.Бір қызығы, олардың арасында менімен қатарлас, тіпті менен бір-екі жас үлкен студент жастар бар еді.

Әр сабақты түсіндірген сайын бойымды қорқыныш сезімі билейтін. Әйтсе де ештенеге қарамастан болашаққа деген қызығушылықпен еңбек жолымды бастап та кеттім. Жақсы ұстаз - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, оқу орынын шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен шынайы сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады»деген сөздер жұмысқа келген сайын санамда жаңғырылып тұратын.

Елбасы Н.Назарбаев қай кезде болмасын ұстаз атаулыны ерекше құрметтейтіні баршаға мәлім. Ол «Ел болашағының кілті- бүгінгі жас ұрпақтың қолында.Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында.Тек жоғары сауатты,дарынды,дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады»-деп бірегей тұлға- ұстазға деген құрмет пен ықыластың ерекше екендігін білдірген болатын.

Сондықтан да «жас келсе іске»демекші өз білгенімді көңілге түйіп, көргенімді қолмен ұстап, әр сабақ сайын студент жастарға жаңашыл инновациялық технологиялардың көмегімен қызықты да түсінікті оқу материалын меңгертуге тырыстым.

Бүгінгі білім мен білік сыналар заманда ұстаз – ізденуші, зерттеуші, жаңашыл болуы тиіс.Орыс ақыны В. Маяковский: «Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек»- деген екен.

Осыған байланысты менің ойымша жаңашыл ұстазға тән мына қасиеттерді даралап көрсетуге болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Толағай" отбасылық интеллектуалды ойыны»

Толағай отбасылық ойыны



Мақсаты: Оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және ата - аналармен біріге отырып жұмыс атқару.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақ әдісі: Ойын, сайыс
Пән аралық байланыс: Дене шынықтыру, музыка, әдебиет
Керек құрал - жабдықтар:

Сабақ барысы:
І. Кіріспе: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар және команда мүшелері. Бүгінгі біздің өткізгелі отырған шарамыз да денсаулық сақтау, оны күте білуге шарт. Бүгінгі «Толағай»атты отбасылық ойын сайысына қош келдіңіздер!
Сайысымызды бастамас бұрын осы сайысқа әділ баға беретін, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін

Өмір өзен ағып жатқан талассыз,
Осы сайыста керек мықты жарылыс,
Болмаса егер денсаулығың сол кезде,
Қаларсыздар жол ортада, шарасыз!-
дегендей 3 командаға ойын шартын түсіндіріп өтейін:

1) Сайыс. Таныстыру
Топтың аты, ұраны, эмблемасы
2) Сайыс. Ойын түрлері
1. Жылдамдыққа жүгіру
2. «Кенгуру»
3. «Сүңгіп өт»
4. «Баскетбол ойыны»
5. «Арба»ойыны
6. «Мергендер»
7. « Кім мықты»
3) Сайыс. Өз өнері

Ал қанекей бір - бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз,
«Жеңіске жетеміз» деп,
Жанында ұран тастаймыз.

1) Таныстыруымызды бастайық (сайыскер бір - бірлеп ортаға шығып, топ атын, ұранымен таныстырып, орындарына тұрады.
1 - команда:
2 - команда:
3 - команда:

2) Сайыс.
1 - ойын.
2 - ойын: «Кенгуру» деп аталады. Бұл сайыста сайыскерлер екі аяқтарына қап киіп кенгуру секілді секіріп зал соңына барып қабырғадағы мақалдарды жалғастыру.
1 команда:
1) Денің сау болса
Жарлымын деме
Жолдасын көп болса
Жалғызбын деме
2) Шынықсаң - шымыр боласың
3) Бірінші байлық - денсаулық

2 команда:
1) Тазалық - саулық негізі
Саулық – байлық негізі
2) Ауырып ем іздегенше - ауырмайтын жол ізде.
3) Денсаулық - зор байлық
3 команда:
1) Дені саудың - жаны сау
2) Көзің ауырса, қолыңды тый,
Ішің ауырса - аузыңды тый.
3) Күш - атасын танымас

3 – ойын: «Сүңгіп өт» деп аталады. Сүңгіп өт сайысында үңгірде өтіп секірткімен 10 рет секіріп топқа келеді. Келесі ойыншы жалғастырады.
4 – ойын: «Баскетбол ойыны» Ойыншылар қалқанға допты лақтырады да допты командасына беріп ойынды жалғастырады.
5 - ойын: «Арба»ойыны деп аталады..
6 - ойын: «Мергендер»деп аталады. Бұл сайыста орында тұрып дәлдікке лақтырады.
7 - ойын: « Кім мықты» деп аталады. Бұл сайыста команда арқан тартысады

3) Сайыс
Әр команда өз өнерлерін көрсетеді (ән, би, сурет т. б.)

- Ал енді сайысымыз өз мәресіне келіп жетті сайысымыздың шарты бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөзі




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Толағай" отбасылық интеллектуалды ойыны

Автор: Тасилова Нагима

Дата: 13.10.2016

Номер свидетельства: 349006

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "ЖАС  ?РПА?  ПСИХИКАСЫН  СА?ТАУ  МЕН ДАМЫТУ- БОЛАША?  КЕПІЛІ "
    ["seo_title"] => string(60) "zhas-u-rpak-psikhikasyn-sak-tau-mien-damytu-bolashak-kiepili"
    ["file_id"] => string(6) "198389"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428403315"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Ке?ес:Отбасы т?рбиесі-баршаны? ісі "
    ["seo_title"] => string(39) "kien-ies-otbasy-t-rbiiesi-barshanyn-isi"
    ["file_id"] => string(6) "236891"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444190170"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "вне классный урок"
    ["seo_title"] => string(16) "vnieklassnyiurok"
    ["file_id"] => string(6) "274047"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452326942"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства