Тақырыбы: «Төрт түлік мал»
Мақсаты: Балаға үй жануарларының, олардың төлдерінің атауларын қазақ тілінде дұрыс айта білуге үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Сөздерді сөз тіркесімен айту дағдысын қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: үй жануарларының макеттері, суреттер, үлестірмелі материалдар.
Ұйымдастыру кезеңі
Қалдарың қалай?
(шаттық шеңбері)
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты,
-бүгін бізге біреу қонаққа келген сияқты, дұрыстап тыңдайықшы (жануарлардың дауыстары: түйе, ат, сиыр, қой,ешкі. Дауысын дұрыс тапқан жануарлар кезекпен шығып отырады)
- олар егістікте жайылып жүргенде, балаларынан адасып қалыпты, соларды тауып берші деп, бізден көмек сұрап келіпті, көмектесеміз бе?
-ол үшін сен олардың төлдері туралы тақпақтар айтып берулерің керек.
Қай төл туралы тақпақ айтса, сол төл шығады (баладан не туралы тақпақ айтқанын сұраймын)
-, бізге нелер бүгін қонаққа келді?
- Қандай жануарлар?
- Неге оларды үй жануарлары деп атаймыз?