Просмотр содержимого документа
«"Туған елім-алтын қазынам"»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: « Туған жерім-алтын қазынам»
1.Қазақстан Республикасы, Астана қаласы туралы,елбасымыз туралы сұрақ жауап арқылы сұрау
2.Ақтөбе қаласының көрнекті жерлері бойынша әңгіме жүргізу
3.Дидактикалық ойын : «Кім не біледі?»
4.Сергіту сәті: видео
5.Топтық жұмыс : Еліме тілек
Мақсаты : Ертеңгі ел болашағы болып табылатын жас бүлдіршін балғындарға өз елі туралы,оларды отансүйгіштік патриоттық сезімге тәрбиелеу,ой-өрісін дамыту,сөздік қорын молайту.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының картасы,слайд шоу суреттер
Ұйымдастырушылық кезені:
-Балалармен бірге әнұран орындайды.
Жақсы балалар,бүгін біздер туған жеріміз туралы әңгімелеспекпіз.Қәне балалар тақтаға қарайықшы.
-Балалар, Біздің ұлтымыз кім?
Қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар жауабы:Қазақстан Республикасы
Ал біз қай қалада тұрамыз?
-Ақтөбе қаласында
Мынау Ақтөбе каласының картасы
Енді балалар біздің өз туған қаламыз туралы айтамыз.Тақтаға назар аударту
Ақтобенің әдемі көрнекті жерлерін көрсету,Темір жол,Әуежай,Ақтөбе қалалық әкімдігі, Нұр-ғасыр мешіті,Керуен сити,тұңғыш президент саябағы т.с.с туралы мәліметтер беру.
Сергіту сәті: Видео сергіту сәті
Кәне шеңбер құрайық
Уық болып тұрайық
Шаңыраққа қосылып
Киіз үйді құрайық
Дид/ойын: «Кім не біледі?»
Біздің Републикамыз қалай аталады?
-Туған қаламыз қалай аталады?
Біз қай тілде сөйлейміз?
-Туған жерімізді жақсы көреміз бе?
Біздің Елордамыз қай қала?
Біздің елбасымыз кім?
Қорытынды:Жақсы балалар Туған жерімізге арнап өлең оқып жіберейік
Қазақстан туған жерімізге арнап өз тілектерінді атап,гүлдерді жапсырып шығайық