Себепті қызығушылығын кезеңі | Тәрбиеші: -Балалар,бүгін ерекше күн бізге қонақтар келіп отыр, қонақтармен амандасайық. -Бір-бірімізге қайырлы таң тілейік! -Енді, көзімізге, құлақтарымызға, саусақтарымызға қайырлы таң тілейік! -Қайырлы таң көздерім,сендер ояныңдар! -Қайырлы таң құлақтарым,сендер ояныңдар! -Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар! - Балалар, біз қай уақытта ұйқтаймыз? -Ал,қай уақытта ұйқыдан оянамыз? -Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма? Телефон шырылдайды. Тәрбиеші: -Алло, сәлем! О, құттықтаймын! Иә, әрине барамыз. -Балалар, бізді біреу туған күнге шақырып жатыр?! -Кім екенін барған соң көресіңдер. -Туған күнге барғыларың келеді ме? | -Балалалар қонақтармен амандасады. -Сәлеметсіздерме,здравсвуйте, heIIo! -Балалар бір-біріне қарап, «қайырлы таң» деп айтады. Балалар көздерін,құлақтарын,саусақтарын уқалайды. -Түнде -Таңертең -Иә Қызығушылық танытады. Иә, барғымыз келеді. |
Ұйымдасты рушылық ізденіс кезеңі | 3комп Тәрбиеші: -Балалар, Күлдіргіге құр қол барған ұят болар, оған гүл жасап берейік. Ойын: «Гүлді картинка» Шарты: Картинкадағы гүлдердің ортасының түсіне сәйкес гүл күлтешелерін жапсыра білу. -Балалар, Күлдіргінің туған күніне бару үшін автобусқа билет алайық (билетті балаларға үлестіру). Ойын: «Өз орныңды тап» Шарты: Билеттің 2-ші жағында жапсырылған пішіндерге сәйке, автобустан өз орындарын табу. Тәрбиеші: Міне, біз келіп жеттік билеттерді лақтыруға болмайды арнай салатын жеріне салайық (балалар салады). Күлдіргі: -Салем,балалар қош келдіңдер!Сендер келіп қалдыңдарма, мен сіздерге торт алып келе жатыр едим. Тәрбиеші: Балалар Күлдіргіні туған күнімен құттықтайық. Балалар: Қостілділік компонент: Туған күніңмен, с днем рождением, happy birthdai! (Балалар сыйлықтарын береді) Күлдіргі: -Ой, рахмет балалар, менің сіздерге беретін майлықтарым жыртылып қалып еди, жамауға көмектесесіңдер ме?! Ойын: «Майлықтың жамауын тап?!» Шарты: Қиылған пішіндердің бөліктерімен майлықтың жыртығын жамауы қажет. Күлдіргі балаларға сиқыр көрсетеді «Сиқырлы түстер» Шарты: Банкідегі таза суды түсті суға айналдыру. Тәрбиеші: Енді Күлдіргімен бірге ойын ойнап, бойымызды сергітіп алайық. Ойын: «Кім көп жарады?!» Шарты: Музыка ойнағанда үрілген көпіршіктерді жарулары қажет, ал музыка тоқтағанда қол ұстасып тұрып қалулары керек. Балалар, туған күн көңілді өтіп жатқан сияқты сияқты ғой, солай ма? Ендеше, тағы ойын ойнайық. Ойын: «Ойла да,жалғастыр?!» Логикалық сұрақтар: -Піл үлкен, ал тышқан.......? -Дөңгелектің бұрыштары бола ма? -Түлкінің құлағы қысқа,ал қоянның құлағы.......? -Күшік жүгіреді, ал қарлығаш........? -Қоян көппе, сәбіз көппе? -Қоянда неше құлақ бар.....? Тәрбиеші: Балалар, біраз уақыт болды, біз Күлдіргіге рахмет айтып, балабақшамызға қайтайық. Балалар: -Рахмет Күлдіргі, сау бол! Күлдіргі: Сендерге де рахмет, менің көңілімді көтеріп, туған күнімді көңілді өткіздіңдер, сау болыңдар, мынау сиздерге сыйлық, бөбекжайларыңа барған соң тәрбиешілерің береді (қорапты береді). Тәрбиеші: -Қайтадан автобусқа билет алып, өз орындарыңа отыра қойыңдар. (балалар билет алып өз орындарына отырады) | Балалар гүл күлтешелерін түстеріне сәйкес жапсыра білді. Балалар қуанады. Автобусқа билеттерін алады. Балалар пішіндерге сәйкес өз орындарын таба білді. Билеттерін билет салғышқа салады. Балалар Күлдіргіні туған күнімен құттықтайды. Балалар қайталайды. -Туған күніңмен, С днем рождением, Happy birthdai! -Иә, көмектесеміз. Балалар қиылған пішін бөліктерінен жамауды таба білді. Балалар қызығушылық танытады. Ойынды қызығушылықпен ойнайды. -Иә, солай. Балалар сұрақтарға жауап береді. -кішкентай -болмайды -ұзын -ұшады -сәбіз -екі Балалар Күлдіргіге рахмет айтады. Билеттерді алып автобусқа отырады. |