Туған күн кешінде
Безендірілген залға сайқымазақтар Сайгөлекпен Айгөлек кіреді.
Тәрбиеші: ....Уау- қарашы Сайгөлек, қанша балалар жиналыпты. Қанша қонақтар келіпті?
-Мында не болайын деп тұр?
-Бір мереке болайын деп тұрған сияқты.
-Сендердің мерекелеріңде бізге де қалуға бола ма?
-Далада не жатыр? (қар жатыр)
-Ал қар жылдың қай мезгілінде болады? (қыс мезгілінде)
- Балалар, біз бүгін бір қуанышты күнді атап өткелі тұрмыз.
-Ол қандай мереке?Кім біледі?
Балалардың жауаптары
-Ол туған күн мерекесі. Қыс мезгілінде туған балалардың туған күн мерекесін тойлауға жиналдық.
-Ал балалар, сендер достарыңның туған күндерін тойлауға дайынсыңдар ма?
-Олай болса туған күн иелерін ортаға шақырайық!
(көңілді әуен ойналып тұрады)
-Тобымыздың ақылды, сұлу қызы Әдия сұлуды ортаға шақырамыз.
- Анасымен әкесінің еркесі Аружан сұлуды ортаға шақырамыз.
- Ерасыл батырды ортаға шақырамыз.
- Жанерке сұлуды шақырамыз.
- Бақшамыздың кішкентайы Аржан батырды ортаға шақырамыз.
-
-
Туған күн иелері бүгінгі мерекеге жалғыз емес аналарымен келіпті.
Қол қошемет.
Балалар көңілді күймен залға кіреді.
Жүргізуші:
Той тойлап балабақша балғындарым.
Туған күн құтты болсын балаларым!
Сіздерді мерекемен құттықтауға,
Келіп қалдық міне бүгін.
(Балаларға сиқырлар көрсету)
Жүргізуші:
Туған күн иелері «Менің отбасым» тақырыбына буклет жасап әкелді.
Сөз кезегі туған күн иелеріне беріледі.
(Туған күн иелері буклет бойынша өздері туралы әңгімелейді)
Жүргізуші:
Біз байқамай отырған бір әнші бар
Өнеріне өзгелер тәнті шығар
Амирды шақырайық біз ортаға
Жүректі тербеп аларәнді шырқар.
Ән: Х.Амирдың орындауында «Жаяу»
Жүргізуші:
-Маша біздің балаларымыз көңілсіз отырған сияқты. Мүмкін ойын ойнаймыз.
- Ойнасақ ойнайық.
1 Ойын:
Жүргізуші:
-Балалар, туған күн болғанда біз не істейміз?
(балалардың жауаптары)
-Жылы тілектер
-Ендеше, сөз кезегі туған күн иелерін құттықтау үшін баларға берейік.
Аңсар:
Талай қызық өткіздік
Әрқайсысы ерекше
Туған күнді тойлайтын
Бүгінгі күн ерекше.
Мадияр:
Балабақша бағында
Тамаша күндер көп болды
Бүгін міне туған күн
Аталып өтпек ерекше.
-Ал кім өз сөздерімен құттықтағысы келеді?
Жания:
Құрметті достар! Сіздерді туған күндеріңізбен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, мол бақыт, жарқын болашақ тілейміз!
Амир:
Жұлдыздармыз жарқырар
Өнер қуған, би билер
Қолдасаңыз қуаттап
«Талаптыға нұр жауар».
Жүргізуші:
Өнер қуған, би билер- дейді.
-Демек балалар бүгінгі мерекеге би де дайындап келген сияқты.
Солай ма?
Би: «Бақытты балалық шақ»
2 Ойын
Жүргізуші:
-Маша сен білесіңбе бір кішкентай қыз анасы туралы тақпақ айтқысы келіп тұр
Перизат:
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болса бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан.
-Шаттық кетпес баладан,- деп бүгінгі кешіміздің қонақтары туған күн иелерінің аналарына сөз берейік.
(Аналар құттықтау сөз сөйлейді)
Жүргізуші:
Ана деген өмірдегі ұлы есім,
Бақ тілесе анадай-ақ тілесін
Ана деген ардақты ат, сен оны,
Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.
Ән «Ақ мамам»
Торт сыйлау. Шырақтарды үрлеу.
-Балалар сендер туған күн туралы ән білмейсіңдер ме?
Ән: «Бүгін сенің туған күнің»
(қораптың ішінде көптеген мерекелік шарлар.)
Балалар барлығы бірге:
Біз бүгінгі кіп-кішкентай баламыз
Бақыттымыз әсем әнге саламыз
«Айналайын» деген сөзден нәр алып,
Ертең- ақ жарқын күндей жанамыз.
Жүргізуші:
- Осымен, «Қарлығаш» шағын орталығы бүлдіршіндерінің «Туған күн» мерекелік ойын-сауық кеші аяқталды. Жарқын күндерде кездескенше, еліміз тыныш, бүлдіршіндеріміз аман-сау болсын.