Просмотр содержимого документа
«Ұлттық ойындар мен салт - дәстүрлердің тәрбиелік мәні.»
Ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні.
Ташранова Алия Мухамбеткалиевна
№ 24 «Аққу» МДҰ тәрбиешісі
Тәрбие – баланың дүниеге елген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым – қатынастарымен танысады Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді.
Халқымыздың ұлт перзенттерінің бірі заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.О.Әуезов «Біздің халқымыздың өмір кешкен – ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұртты қуанту, көңілін шаттандыру ғана емес ойынның өзінше бір ерекше мағынасы да болған», - деп тегінен тегін айтпаса керек. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен де мәнді – мағыналы істер туындап өрбейтінін байқаймыз. Өйткені, ең алдымен ненің болсын бас алып, жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Ойынды біз бар өнердің бастауы деп білеміз. Ұлт ойындары біздің көз алдымызға тап осы суреттерді елестейді. Өйткені бір кезде ол бар өнердің басы, олардың нәр алатын бастауы болғаны анық. Шынында да көне мәдениет пен әдеби туындылар, ең алдымен, сол халықтың жиналған думанды - сауықта, ойын той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған. Сөйтіп, бүгінгі және болашақ ұрпақ ұлт ойындарының өзі адам еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой құбылыстарының көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны ретінде өмірге келгенін оның бар өнердің бастамасы, халықтық - әлеуметтік экономикалық өмірінің айнасы екенін білуге тиіс. Ұлт ойындары сол халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныса отырып көзіміз әбден жетеді. Өйткені қазақ халқынын ұлттық ойындары өте ертеде туып, оны көші қоны тұрмыс жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер етеді. Олай дейтініміз осы ойындардың көпшілігі тұрмысқа лайықталып, арнайы материалдық әзірліксіз ойнала беретіндігінде ғана емес, сонымен бірге халықтық психологиялық ерекшеліктеріне де байланыстылығында екендігіне көзіміз жетеді. Ұлт ойындары осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруалық, мәдени, өнер тіршілігінің жиындық бейнесі көрінісі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін - бірі толықтырып, байыта түседі.
Өзінің өлең жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене күш - қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдікке, т.б. ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойынын толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Манашұлы Тұяқбай жырында:
«Балалармен ойнайды,
Ойнап жүріп ол бала
Кеудеге ақыл ойлайды», - деп түйіндейді.
Мұндай мысалдарды халық ауыз әдебиеттерінен көптеп кездестіруге болады. Бұдан көретініміз ойын тек көңіл көтеру ғана емес, қайта белгілі бір халықтың әлеуметтік экономикалық дамудың төменгі сатысында тұрған кезінде, жазу өнері әлі дамымаған, оқу орны болмаған кезде, өз ұрпақтарын өмірге әзірлеу мүмкіншіліктерін пайдалынатын бірден - бір тәжірибелік іс - әрекет қызметін атқарады. Сонымен бірге ойын сол халықтың өзінің ішкі байланысының ғана емес, басқа халықтарымен де ұлтаралық қатынастарының негізін қалаған. Ойынға жиналатын орын халықтың сан алуан өнерінің де сарапқа түсетін жері болған. Сөйтіп ол ғасырлар бойы қоғамдық тәрбиенің баға жетпес жемісті қызметін атқарған.
Зер салақарасақ тілімізде кездесетін кейбір сөз тіркестері: Домыра ойнау, Қобыз ойнау, Ат құлағында ойнау, Отпен ойнау, Сумен ойнау, Жұмбақ жасырып ойнау, Жаңылтпаш айтып ойнау, Ойын - күлкісі, Ойын - баласы, Доп ойнау, Асықойнау, Дойбы ойнау, Шахмат ойнау т.б. сөз тіркестері халықтың көне мәдениетінің бір куәгері - ойын туралы түсініктің туу тарихы тым әріден басталғанынан және ата - бабаларымыз қолданған ойындар түрінің сан алуан болғандығынан хабар береді.
Тарихының көнелігіне қарамастан ойын үнемі жаңа, ол тот баспайтын, ескірмейтін нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға сулық беріп, рухани азық болатын да – осы ойын. Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен. Сондықтан ұлттық ойындарды ұйымдастыру әдістерін меңгеру педагогтардың педагогикалық шеберлігіне жүктелген.
Баланың бірінші әрекеті- ойын, сондықтан да оның мән-мәнісі ерекше. Ойын-адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма ?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынның міндеті -баланың қызығушылығын оятып , белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады.Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында оқу қызметін меңгерту олардың танымдық белсенділігін дамытудың басты бағыты болып саналады.
Өз халқының тарихын және мәдениетін білу баланың дүниеге келген күнінен басталады. Бала қазақ болып туылғанын өзінің өлең төсегі-бесігінен сезеді. Анасының әлдиін естіп, туған жерінің, туған-тусқанының бауырларының аялауынан бойына жан азық етіп алады. Сәби өнегелі бала болып өсу үшін үлкендер оған денсаулық және рухани кеңестікті әзірлейді.
Қырқынан шығару.Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.Сәбидің қарын шашы,тырнағы алынады.Баланың қырқынан шығарудың маңызы мынада қырық күннен кейін бала шиыра қөз тоқтатады,құбылыс,дыбысты сезе бастайды.
Ит көйлек. Жаңа туған нәрестенің алғашқы көйлегін «ит көйлек» деп айтады.Өйткені ол іліп қана тігіледі.Бала қырқынан шығарылғаннан соң,әлгі көйлекке тәтті түйіп,оны іттің мойына байлап жібереді.Итті балалар қуып жетеді де,ұстап,тәттісін бөліседі.Ит қөйлек атының шығуы халық итті қазынаның бірі деп бағалағандықтан шыққан.
Бесікке салу:Бесіктің сәби денсаулығына,тазалығына пайдасы өте зор.Бесітегі сәбидіңқол аяғы түзу,ширақ болады.Сондай-ақбесік баланы кездейсоқ құлаған заттан,суық пен ыстықтан да қорғайды.Пәле жәледен сақтасын деп ырымдап оған тұмар,бүркіт тұяғы,үкі тағып қояды.Бесіктің жабдықтары:жастық мамық жөргек,түбек,шүмек.Бесік қасиетті,киелі құтты мүлік,сәбидің алтын ұясыболып есептеледі.Жаңа баланы бесікке салу да халқымыз үшін елулі дәстүрдің бірі.Бесікке салу жолы,үлкен елдің тәрбиелі,өнегелі әжелеріне,әелдерге тапсырылады.Олар бесікті аластап тыштырма жасап алып,баланы бесікке бөлейді.Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі таза зат жабылады.Бесікке салған адамға бесікке салар яғни кәделі сый беріледі.
Тұсау кесер:Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.Ала жіппен баланың аяғын тұсап,оны аяғын жылдам басатынәйелге қидырады.Тұсау кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді,шашу шашылады.Баланың ата-анасы тұсау кесушінің кәдесін береді.Тұсау кесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері,жолдары,сенімдері де бар.Көбейіп,көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды.Бай болсын деп малдың тоқ ішнгінен ,адал болсын деп ала жіптен де жасайды.
Ашамайға мінгізу сүндет той:5-6, жастағы балаға жігіт болғанының белгісі деп қолына қамшы ұстатып,жасауы мен ат мінгізеді. Ол енді азамат ретінде мінген атына ата-анасы мен,ата-әжесімен қатар,мінген атына қарау керек су,шөп,жем беру,баптау.Сонымен қатар баланы сүндетке отырғызып,туған-туысқандары сыйлықтар сыйлайды,той ұйымдастырылады.
Тіл ашар, сырға тағу той:Қыз бала 5-6 жасқа толғанда оның мектепке баруына байланысты ата-анасы әсем киім әперіп,той жасайды және құлағын тескізіп әжесі алтын сырға тағады.
Бәсіре: Баланың есі кіріп оң-солын таныған соң, оған бәсіре тай атайды. Балаға оны көрсетіп оған күтім жасауды үйретеді,су,шөп беру т.б.Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп,еңбекке ынталандырады.
Ас қайыру: Баланың тілі жетілген кезде үлкендер оған күнделікті тамақтан соң ас қайыру батасын үйретеді: Басымызға жас берсін,үйімізге бақ берсін,ішкен-жегеніміз бойымызға сіңе берсін.Осы батаны қазақ баласы өмір бойы тәртіп талабы ретінде орындау қажет.Бадырғанның сыпайылық сөздері: Келіңіз төрлетіңіз!, Рұқсат етіңіз!, Мүмкін болса, Айыпқа санамаңыз, Кешіріңіз, Абайлаңыз.Осы аталған қазақ халқының салттарыната-ана отпасында дер кезінде орындау мен қатар баласынын алдында жеке басының өнегесімен бедесі болуы тиіс.
Әсіресе анасың орны ерекше. Ерекше болатын себебі: бала ана етінен жаралып, құрсағынан шығады. Осы үшін анаға алғашқы сәлем беріледі, екінші сәлем де анаға, себебі сәбиге түн ұйқысынан оянып, мұздай бесік таянып ақ сүтін беріп өсіретін ана, үшінші сәлем де анаға жетелеп жерден көтеріп тәй-тәйлетіп жүргізіп өсіретін, білімге ұмтылдырып тәрбиелейтін ана, ал төртінші үлкен сәлем әкекге алтыға толып тай мініп, азамат қатарына ілігіп әр бала әке сүйініші және мұрагері болуға дайын болады. Бұған қоса ата-ана баласының бойына ата-әжесіне, аға-інісіне, апа-қарындастарына, ағайын-туыс, жақындарына, достарына деген сүйіспеншілігін, туыстық сезімін, биік адамгершілік қасиетін дарытып сіңірсе, алдағы уақытта даласының бақытты өмір сүруіне сенімді бола алады.
Уақыт мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне 5-6 жастағы балдырғандарды тәрбиелеуді жаңа заман талаптарына сай, әрі ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп өсіру секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Сондықтан отбасындағы салт дәстүрлердің маңызды әсерін жойып дайындық топтарда ұлттық ойындар арқылы баланың санасына қоршаған дүниенің жыры мен сырын сіңіруге түрлі тәрбиелік шаралар қарастырылады. Олар әр пәндерде қолданылатын ұлттық ойындар. Себебі сабақ барысында ойын сабақты түрлендіріп, мазмұнын байыта түседі, балалардың бойындағы білуге деген талпыныс пен құмарлықты оятады, балалық қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі, өмір тәжіребелерін толықтырады. Ойындардың бір саласы логикалық ойлау мен тапқырлыққа негізделсе, енді бір тобы философиялық ой түйіндерін жасауға итермелейді. Сонымен тәжіребеде ұлттық ойындардың қолдару әдістерін ұсынуға болады.
Қимылды ойындар – күн бойы ұйымдастырылған оқу іс - әрекет арасында, серуендерде, үзілістерде өткізіледі:
логикалық ойындар – ұжымдық тапсырмалар ретінде барлық ұйымдастырылған оқу іс - әрекет арасында 5-6 минут уақытында өткізіледі
мәнерлеп сөйлеу мен шешендікке баулу ойындары өткізіледі.
тіл дамыту және көркем әдебиет сабақтарында баланың жеке дара қабілетін ашу үшін өткізіледі.
Мектеп алды даярлық топ балалардың басты қызметі – ойын екенін ұмыта отырып оларды қалайша жазуға, оқуға, санауға үйретуге болады. Бала 6-7 жасқа таяғанда ата -аналар алдында жоспарда бірінші оқу үрдісі тұрады, бірақ балаларда ойынға деген ұмтылысы дамып жетілу ерекшелігі 9-10 жасқа дейін жалғасады. Бұл жаста тек ойын арқылы даланы дамытуға, үйретуге, тәрбиелеуге болады. Бұл маңызды ойын кезеңінсіз мектеп жасындағы балалардың дұрыс оқыту мүмкін емес, кейінірік баланың жеке толыққанда тұлға ретінді қалыптасуы да мүмкін болмайды. Осыны түсінген педагогтар өзара кеңесе отырып, бұл маңызды мәселені жан-жақты талқылай мектеп алды даярлық балаларын тәрбиелеуде оларды ойынға бет бұрғызуға әрекет жасайды. Қазіргі заманда балаларының ата-аналары ойын ойнамайтын ұрпаққа жатады: олардың балалық шағы ойынсыз өткен, уақыттарының барлығын үйрену элеметтері жаулаған. Міне сондықтан да ата-ана өз баласымен ойнайды, кейбіреуі баламен ойынды қалай ойнату керектігін білмейдіде, көпшілігінің балаларымен ойнауға, үйретуге уақыттары жетпей жатады. Ойланып қарасақ ата-ана балаларына тіпті ойыншық таңдағанда да өз ұлттық ойыншықтарын таңдап алуды ойлынайды. Ол не себепті? Себебі щетелдік Барби қуыршағымен таласатын біздің Баянсұлу, Құртқа, Қыз Жібек сияқты қуыршақтарымыз өз бұйымдарымен, зергерлік әшекейлерімен әлі жасалған. Баланы қызықтыру үшін біз мұғалімдер мысалы Білгішбек, Дым білмес ұл бала ойыншықтарын өзіміз қолдан жасап балаларға ойын барысында таныстырамыз, бірақ ондай ойынщық күнделікті қоршаған ортасында қолданыста болмаған соң әрине 5-6 жастағы баланы Буратино, Карлсон секілді ойыншықтары қиялын айналдырып қызықтырыды. Бұл жағдай мемлекеттің тарапынан шешілетін мәселе. Сондықтан мектепалды даярлық топ тәрбиешілер қолданатын дидактикалық, желілі - рөлді, қимылды ойындар құрал-саймандары жетіп артылатынын жоққа шығара алмаймыз. Ал бала нағыз өз елінің Отан сүйгіш азаматы етеп тәрбиелеуде бүгінгі таңда ұлттық қуыршақтардың болуы заман мен уақыттың талабы деуге болады. Егер Қаңбақ шал, Қобыланды, Алпамыс, Мақта қыз, Алдар көсе, Ертөстік, Қажымұқан сияқты ойыншықтар өзінің ауыстыруға болатын түрлі киімдері мен қару - жарақтарымен жасалса бүгін өсіп келе жатқан балдырғанның ұлттық келешегі жетіле түсер еді.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезенде қолға алар ісіміздің бірі де, бірегейі де - ұрпақ тәрбиесі. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілі мен мәдениетіне мойын бұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру бүгінгі күннің басты ісі.