Халқымызда «баланы жастан» деген даналық сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата-бабадан келе жатқан дәстүрлерді, ең алдымен, өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ патриот тәрбиелесек – еңбегіміздің жанғаны, қосқан үлкен үлесіміз.
Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердің алдына елеулі жауапкершіліктер қойылды.