Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, дәстүрлі амандасу түрлерін айтып жарысамыз.
Ал енді, қимылды тез жасай отырып дәстүрлі емес амандасу түрлерін орындауларыңыз керек. «Бастаймыз» деген белгі бергенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сіздер бір-бірлеріңізбен тез-тез амандасасыздар. Әр адаммен әр түрлі амандасасыздар. Сонымен, көзбен... қолмен... құлақпен... тіземен... иекпен... өкшемен.... арқамен...мұрынмен...шашпен...шынтақпен
«Бір күн танысыңа, қырык күн сәлем» дегендей бір – бірімізбен сәлемдестік. Бірақта біз бір-біріміздің есімімізді білмейміз, сондықтан да жұмсақ ойыншықты бір-бірлеріңізге бере отырып өз есімдеріңізді айтып есімдеріңіздің бас әріпінен басталатын бойыңыздағы жақсы бір қасиетті айтуларыңыз керек.
Әдіс: «Болжау ағашы»
Мақсаты: Семинарға қатысушылар семинардан не күтетіндерін басқа қатысушылардың ойын білу.
Құрал: дайын алма ағашы, жапырақ үлгілері.
Өтілу барысы: алдын ала дайындалған жапырақ үлгілеріне –қатысушылар семинардан не күтетіндерін жазып ағашқа іледі.
Жаттығу: “Әуе шары” (адам денсаулығының құндылығы туралы).қағаздар дайындау
Алдарыңызда ұшып бара жатқан әуе шарының суреті берілген. Әуе шарының себетіне адамның суретін салынған. Ол сізсіз. Сіздің айналаңызда көк аспан, күн шұғыласын шашып тұр. Осы суреттің қасына сіз әуе шары мен саяхатқа шыққанда алып шығатын өзіңіз үшін 9 құндылықты жапсырыңыз. (мысалы, ақша, денсаулық, отбасы, жұмыс, махабат, достық, ата-ана болу, өмірде өз орныңды табу, сыйлы адам болу, т.б.). Енді көз алдыңызға елестетіңіз, әуе шарыңыз аяқастынан төменге құлдилады және сізге төменге құлап түсетін қауіп төнді. Сізге бірінші төбеге көтерілу үшін, балласттан (әуеде ұшу аппаратының ұшу биіктігін тәртіптейтін жүк) құтылу керек. Балластты тастаңыз, демек жазған 3 сөзді алып тастаңыз, (тағы 3алып тастаңыз). Қалған 3 құндылықтың ең құнды дегенін алып қалып қалған екі құндылықты алып тастаңыз.Тізімде не қалдырдыңыз? Не себеппен ол құндылықты қалдырдыңыз (3 қатысушыдан сұрау)
Құрметті әріптестер әрине денсаулықсыз өміріміздің мәні жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында айтылғандай денсаулық ол тек аурудың немесе физикалық ауытқудың болмауы ғана емес, сонымен қатар толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың болуы.
Қортынды: Семинарда алған білімдерін түрлі тапсырмалар арқылы талдау.
Қатысушыларға тапсырма: 1. Денсаулық көйлегін жасау.