Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары Сабақтың мақсаты: Үй жануарлары және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту, үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды қайталай отырып, сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту. Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Көрнекіліктері: Үй жануарларының суреттері, үлгі сурет. Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, көрсету, ойын. Сабақ жүрісі: - Балалар шеңберге тұрамыз. - Шеңберіміз неге ұқсайды? - Допқа,айға, күнге. - Ұйқұдан тұрғанда таңертең терезеден нені көреміз? - Күнді. - Дұрыс айтасыңдар жарқыраған күнді көреміз. Далаға шыққанда жоғарыдан нені көреміз, төменнен нені көреміз? - Жоғарыдан аспанды, күнді, бұлтты көреміз, ал төменнен жерді, суды әдемі гүлдерді көреміз. - Өте жақсы балалар. - Кәне балалар сабағымызды бастайық. Жәймен орнымызға отырамыз. Қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем. - Көктем мезгілінде неше ай бар? - Көктем мезгілінде 3 ай бар. -Наурыз, сәуір, мамыр. - Кәне, балалар апта туралы санамақты санайық. Апта деген ағайдың, Жеті бірдей ұлы бар Бірінші дүйсенбі, Екіншісі сейсенбі Үшіншісі сәрсенбі Төртіншісі жұма
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Тәрбиеші:Башеева Л Т.
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты: Үй жануарлары және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту, үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды қайталай отырып, сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту. Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Үй жануарларының суреттері, үлгі сурет.
- Жоғарыдан аспанды, күнді, бұлтты көреміз, ал төменнен жерді, суды әдемі гүлдерді көреміз.
- Өте жақсы балалар.
- Кәне балалар сабағымызды бастайық. Жәймен орнымызға отырамыз. Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Көктем мезгілінде 3 ай бар.
-Наурыз, сәуір, мамыр.
- Кәне, балалар апта туралы санамақты санайық.
Апта деген ағайдың,
Жеті бірдей ұлы бар
Бірінші дүйсенбі,
Екіншісі сейсенбі
Үшіншісі сәрсенбі
Төртіншісі жұма,
Бесіншісі сенбі
Жетіншісі жексенбі.
- Балалар, өткен сабақтардан білеміз, үй жануарлары туралы еске түсіріп, үй жануарлары туралы әңгімелейміз. Үй жануарларына не жатады?
- Жылқы, сиыр, түйе, қой ешкі.
- Үй жануарларының суреттерін көрсету.
- Мынау не?
- Мынау түйе.
- Ал енді мына суретке қарайық.
- Үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз?
Түйенің төлі ботақан,
Жылқының төлі құлын
Ешкінің төлі лақ,
Қойдың төлі қозы,
Сиырдың төлі бұзау.
- Үй жануарларының адамға қандай пайдасы бар?
-Пайдасы өте көп. Сүт береді, жүн береді, ет береді.
Д/О: «Төлін тап».
Мақсаты: Үй жануарларының атын және төлдерін ажыратуға үйрету.
- Мынау сиыр, сиырдың төлі-бұзау.
- Мынау түйе, түйенің төлі- бота,
- Мынау қой, қойдың төлі-қозы,
- Мынау ешкі,ешкінің төлі-бұзау.
- Мынау жылқы, жылқының төлі-құлын.
• Мақал-мәтелдерді жаттату.
1. Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл көсір.
2. Сиырдың сүті-тілінде.
3. Ат- адамның қанаты.
4. Даланың көркі мал.
5. Малды баға біл, бабын таба біл.
- Енді балалар жұмбақ шешеміз.
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой).
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар
Сегіз тұяғы бар
Иегінде сақалы бар. (ешкі).
Көзі шоқтай жайнаған,
Балалармен ойнаған
Екі өркешін билетіп
Еркелеуін қоймаған. (бота).
Шаршаған боларсыңдар,серігіту жаттығуын жасайық.
Қошақаны қойдың
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың?
Секең-секең ей лақ
Жүрмін саған кейіп-ақ
Тыным тапсаң болмай ма,
Секірмей-ақ кей уақыт.
Үй жануарлары туралы тақпақ-өлеңдер айтайық.
Назгүл: Құлын- құлын құлыншақ
Желбірейсің тұлымшақ
Маңдайыңда жұлдызың
Құйрығыңда құндызым.
Қарақат: Кіп-кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным өзім деп.
- Енді мен бота туралы тақпақ айтайын.
Айналайын ботам
Қандай күлте жотаң
Табандарың жалпақ,
Теріп жейсің жантақ.
Лақ туралы:
Жалт-жұлт етіп-лақ,
Жағалайсың бұлақ
Секірем деп, бірақ
Қала көрме құлап.
- Енді бір тағы да ойын ойнап жіберейік. «Төлдер қалай дыбыстайды?»
- Қой маңырайды
- Сиыр мөңірейді
- Жылқы кісінейді
- Түйе боздайды.
-Ал, енді балалар «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін оқып беремін.
Ерте, ерте, ертеде, Хайуанаттар жыл басы болуға таласыпты.
Жылқы: Мен алысты жақын қыламын. Адамдар күшімді пайдаланады. Адамға мен пайдалымын жыл басы мен боламын.
Түйе: Жыл басы мен боламын. Мен тамақ талғамаймын,ауырды көтеріп алыс-алыс жерлерге барамын.
Сиыр: Мен жыл басы боламын. Адам менің сүтімді ішеді, құрт-май жасайды.
Қой: Жыл басы мен боламын. Менің жүнімнен арқан жіп еседі, киім тоқиды.
Тышқан: Бұл таластан еш нәрсе шықпас. Күнді қарап тұрайық, кім бұрын көрсе сол жыл басы болады.
Түйе өзінің бойына сеніп «Менен бұрын кім көрер дейсің» деп, тышқанның сөзін қостап басқаларға қарайды. Көп хайуанат таласып, мен көремін, мен көремін деп тұрғанда, тышқан жорғалап түйенің өркешіне шығып алады. Ең биікте тұрған тышқан жылды бұрын көріп, жыл басы болады.
Алақай, алақай
Күнді көрдім алақай
Қулығыммен, ақылмен
Бәрін жеңдім алақай!
Сөйтіп, балалар жыл басы тышқан болыпты.
• Қорытындылау.
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
«Тәуелсіздік тұғырым»
Тәрбиеші: Башеева Л.Т
Сабақтың мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Олардың сөздік қорларын көбейтіп, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.
Көрнекіліктер: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы, әнұраны және тағы басқа кітапшалар.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Балалар, біз сабақта қалай отырамыз?
Балалар: Әдемі жақсы болып отырамыз.
Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан ерекше. Ерекше болатын себебі, бүгінгі сабағымызға Шахта орта мектебінің ән жетекшісі Элмира апай және оқушылар қатысып отыр. Бұл кісілер біздің сабағымызға қатысып, соңынан сендерге мерекелік шашу ретінде ән-жырларын айтады. Балалар, алдымызда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күн мерекесі жақындап келеді.
Қазір бізге Хадис ағайымыз халқымыздың елдікке, тірлікке, бірлікке шақыратын Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап береді.
Бәрі тік тұрып Әнұранды тыңдайды.
Тәрбиеші: Отырыңыздар.
Кәне, балалар барлығыңда маған қараңыздар. Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс.
Тәрбиеші: Дұрыс, қыс. Қыс айларын атайық.
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыс бізде 3 ай қонақта болады.
Тәрбиеші: Енді бүгінгі сабағымызға көшейік. Кім айтады біздің еліміз қалай аталады?
Балалар: Қазқақстан Республикасы.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар, сұлтандар, билер басқарған. Ал қазір Президент басқарады. Сендер балалар, білесіңдер ме, елбасымыз кім?
Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біздің Президентіміз, яғни Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды. Жақында біздің елімізде, жерімізде Ел басын сайлау жөнінде сайлау болды. Сол сайлауда тағы да Елбасы, Президент болып Н.Ә Назарбаев сайланды.
Мен казір сендерге Желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша айтып беремін.
1986 жылы Желтоқсан оқиғасында Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұғаметжанова тағы басқа жап-жас аға-апаларымыз құрбан болды. Содан бері 19 жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл сайын басымызды иіп, еске аламыз.
Өздері қыршын кетсе де ерлігінің өшпеш ізі қалды. Олардың арман тілегі орындалды. Қазір біздің еліміз тыныш, жақсы өмір сүріп жатырмыз. Бақытты елміз, бақыттымыз.
Енді балалар, барлығыңда маған қараңдар. Мынау не?
Балалар: Ту.
Тәрбиеші: Дұрыс, бұл Қазақсатан Республикасының Туы. Түсі қандай?
Балалар: Көк.
Тәрбиеші: Көк ашық аспанды білдіреді. Қыран құс-еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі. Балалар ал мынау не?
Балалар: Елтаңба.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
Бұл Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
Шаңырақ-Қазақстан атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгі.
Мынау Әнұран. Кәне, енді маған қарап отырыңдар.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лала, лаула! Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің.
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Назерке: Егеменде елдің біздер,
Ұланымыз жас қанат
Апайларға сәлеміміз,
Құттықтаудан басталады.
Жанерке: Ырғарлы қыс-тоқсан күн,
Желтоқсан деп аталған
Желтоқсанда жастарым,
Тәңірінен бата алған.
Жанайым: Жыр арнадым еліме теберіне,
Үміт артам елімнің ертеңіне
Тәуелсіздік алғалы көп жыл болып,
Отаным жылдан жылға көркеюде.
Диас: Біргемін мәңгі сенімен,
Ешқашан сені сатпаймын
Өзіңе деген өлшеусіз
Құрметімді сақтаймын.
Арнаймын саған ән-жырды
Сен туралы жырлаймын
Көркейе бер, Отаным,
Сенсіз жерге сыймаймын.
Мәди: Отан-анаң ауялы,
Отан- өршіп өзеннің.
Отан-асыл арманның,
Аялаған өз елін.
Ділназ: Қазақтың жері кең байтақ,
Бабамның берген еншісі.
Желбірей бер көк байрақ
Отанымның белгісі.
Нұржан: Көк аспанда көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
Қадір: Атағы артық, жаны аппақ,
Әй Отным, Отаным
Үмітіңді мен ақтап,
Үлесімді қосамын.
Дария: Елтаңбасы елімнің,
Неткен айбат әдемі
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Серігіту жаттығуы.
Көк байрақ желбіре,
Асқақтап аспанда
Жас ұлан ел- бірге
Сап түзе, жасқанба /2-рет
Тәрбиеші: Отыра қойыңдар. Ал енді балалар, қазір мен сендерге сұрақ қоямын. Сендер соған жауап беріңдер. Қазақстан Тәуелсіздікті қай жылы алды және неше жыл толды?
Жалғас: Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік алды және егеменді ел болғанымызға 14 жыл толды.
Тәрбиеші: «Тәуелсіздік алдық» дегенді қалай түсінеміз?
Аружан: Тәуелсіз еліміздің жері теңдігі өзінде және туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Туған ел, Отан туралы мақал-мәтел кім айтады?
Айтқали: Өз елім- өлең төсегім.
Аманбек: Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Мұхтархан: Отан-оттан да ыстық.
Тәрбиеші: Енді, балалар «Отан» деген әнді айтайық.
«Достық» туралы ән.
Тәрбиеші: Енді балалар тағы да «Отан», «Қазақстан» туралы тақпақ айтайық.
Данияр: Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Ақберген: Отан деген атамекен,
Отан деген туған жер
Отан-Ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел!
Еркебұлан: Жанардан саулап намыс мың,
Көрсетіп тісін барыстың
Желтоқсандық ерлерім
Ұлттық ар үшін алыстың.
Ералы: Құрбандық еттің жаныңды,
Көк мұзға көміп қаныңды
Тәуелсіздік алған күн-
Жастардың күні жалынды.
Тәрбиеші: Өркениетті ел боламыз келешек,
Шет елдерге болмаймыз біз берешек
Екі мың отыз келген кезде бұйырса,
Елім дейтін, халқым дейтін ер өседі.
Аш болмайды, тоқ болады халқымыз,
Ешқашанда бұзылмайды халқымыз,
Ешқашанда бұзылмайды салтымыз
Президентті әрқашанда қолдаймыз,
Жастарыма, толық сенім артамыз.
Ермұхан: Арқасына күнді алып,
Қыранымыз самғап жүр
Көк туымыз желбіреп,
Жер мен көкті жалғап тұр.
Мадина: Әділдік жеңіп соңында.
Тәуелсіз болды еліміз
Татулықпен бірлікпен,
Гүлдей бер, туған жеріміз.
Әлішер: Тәуелсіздік келді деп,
Оралды қайта салтымыз
Баянды болғай енді тек
Бақытты біздің халқымыз.
Арсен: Отаным, Қазақстаным,
Жұмбағым Қазақстаным
Сен менің желеп-жебеушім,
Тәуелсіз Қазақстаным!
Бекжан: Елтаңбасы елімнің,
Ортасында шаңырақ
Мемлекеттік туымнан
Күн шығып тұр жарқырап.
Бағнұр: Көк туымда-күш жігерім,
Көк туымда ар намысым
Үміт артар ұшқын едім
Бағымның да жанғаны шын.
Ғабит: Отан туған үйіміз
Отан труған жеріміз
Отан ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз.
Ернар: Елімнің атын айтсам Қазақстан
Жерімнің атын айтсам Қазақстан
Қайнауы қазынаға толған мекен,
Байлығым атын айтсам Қазақстан.
Аян: Қазақстан-республикам мақтанышым
Мен сені жырламаймын, мақтан үшін.
Құдайым маған құйттай жүрек берген,
Лүпілдеп сені сүйіп, сақтау үшін.
Тәрбиеші: Кең байтақ туған елім Қазақстан,
Мен сені әрқашанда мақтан тұтам
Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,
Баршаны байлығымен таңқалдырған.
Төбеңде көк байрақты желбіретіп,
Жасашы, жасай берші Қазақстан!
Хор: «Менің Қазақстаным».
Тәрбиеші: Сонымен балалар біздер бүгінгі сабағымызда Желтоқсан оқиғасы туралы, Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстық. Келесі сабағымызда Қазақстан республикасының туын жапсырамыз.
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
«Тілім-тірегім»
Тәрбиеші: Башеева ЛТ.
Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет Тақырыбы:«Тілім – тірегім» Мақсаты: - Балалардың сөздік қорын байыту; - Есте сақтау қабілетін дамыту; - Сұраққа толық жауап беруге үйрету; - Зейінін тұрақтандыру; - Отанын, жерін қорғауға тәрбиелеу; - Отан туралы түсінік беру; - Тілін құрметтеуге баулу; - Қазақ тілінің мәртебесі туралы түсінік беру;
Сөздік жұмыс: - Қазақ тілі, Қазақстан Республикасы, елбасы, Отан, рәміздер т.б Технологиямен қамтамасыз ету: - Әріптер, мақал-мәтелдер, суреттер т.б
Әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің басқару әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Амандасу
Балалар, бүгін бізде ерекше оқу іс-әрекеті өткелі отыр. Бүгін біз Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, ана тілі-қазақ тіліне деген өзіміздің сый құрметімізді көрсетпекпіз. Алдыменен Отанға деген сүйіспеншілігімізді білдіру үшін Қазақстан Республикасының Гимнін орындауға шақырамын.
Әдеттегідей оқу іс-әрекетімізді жүректен-жүрекке жылы лебіздерімізбен жалғасытырайық.
Жыл ерекшелігін сұрау:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз неше ай қонақта болады?
Күз айларын атайық?
Күз ерекшелігін ата?
Суреттерді әңгімелейік..
Армысың алтын күн!
Армысың көк аспан!
Армысың жер ана!
Армысыңдар достарым!
Аман болсын халқымыз,
Заман болсын ел тыныш.
Аман болсын аналар!
Аман болсын балалар!
Қазақстан Республикасының Гимн орындалады.
Аспанымыз ашық болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Бақшамыз бақты болсын!
Жеріміз гүлдене берсін!
Елімізде бейбітшілік болсын!
Қазақстан гүлдене берсін!
Отбасымыз аман болсын!
Деніміз сау болсын!
Жеріміз бай болсын!
Әрқашан күн сөнбесін!
Күз
3 ай
Қыркүйек, қазан, қараша.
Күн жаңбарлы болады. Адамдар жылы киінеді. Құстар жылы жаққа ұып кетеді. т.б.
«Саябақта»
Шотан мен Әсемай саябаққа барып күзгі жапырақтарды теріп жүр. Олар алма теріп жүрген кірпіні көріп қызықтауда. Ал, кірпі өз азығы алманы жинап бара жатыр. Саябақ іші алтын түске еніпті, талдарда күз түскенге мәз мейрам болып тұр, себебі олардың да демалатын уақыты келді. Талдар қыс бойы ұйықтап, көктемде қайта оянады.
«Көшеде»
Күз мезгілі бейнеленген. Күн жаңбырлы әрі жел бар. Адамдар жылы киініп алған. Қолдарында қолшатыр бар. Әнел апасымен бірге балабақшаға келе жатыр. Аякөз мектепке бара жатыр. Ал, Мәдидің әкесі мен анасы жұмысқа кетіп бара жатыр. Ал, күшігі Ақтөс жаңбырдың астында қалып қойыпты, үсті малмандай су болып қалған.
«Біздің аула»
Күз мезгілі бейнеленген. Балалар жылы киініп алған. Олар аулаға түскен сары жапырақтарды жинап жүр. Дархан талдын түбін қопсытып жатыр. Аягүл мен Кәусар жапырақтарды сыпырып жинап алып жатыр. Алдияр мен Ақырыс күзі ағаштарды отырғызып жатыр. Себебі күзде еккен талдың тамыры тереңге тез жайылады. Айнала сары алтын түске енген.
Күз мезгілі бейнеленген. Балалар жеміс бағында алма жинап жүр. Ержігіт алма ағашынан алманы үзіп Салтанатқа беріп жатыр. Ал, Салтанат оны алып Азаматқа беруде. Ал Азамат болса Сабинаға тасып беруде. Сабина алманы жәшікке салып жинап жатыр. Арғы бетте басқа да балалар жемістерді жинап жатыр. Жиналған өнімді дүкенге жібереді. Дүкеннен тұтынушылар сатып алады.
Іздену ұйымдастырушы
Біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?
Елімізді басқарып отырған елбасымыз кім?
Қазақстан Республикасының Рәмсіздерін ата?
Ұлтымыз кім, біздің ана тіліміз қандай, біз қай тілде сөйлейміз?
Дұрыс, ана тіліміз қазақ тілі екен. Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Тілім-тірегім» деп аталады екен. Қазақ тілі өте бай. Бізде 42 әріп бар. Басқа тілдерден айырмашылығы бізде Ғ, Ә, І, Ң, Ү, Ұ, Қ, Ө, Һ деген өте керемет әріптер бар.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ тілінің сақталуына, дамуына, халық арасында қазақ тілінің орын алуына үлкен үлес қосқан ақындарымыздың бірі Қадыр Мырзалиев атамыз.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте...
-деген жақсы өлең шумағын ескермесек болмас.
Тіл деген қасиетті ұғым екен,
Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен.
Ұмытпайық тілімізді ешқашан,
Қасиетін сақтайтұғын сырым екен-демекші тіл туралы тақпақтарға кезек берейік.
- Атағыңды өсіретін де тіл, өшіретін де тіл. - Ашынған тілді болар, Ашыққан ұры болар. - Ауызда жиек жоқ, тілде тиек жоқ. - Әдеп басы тіл. - Бал тамған тілден «у» да татиды.
Рефлексті коррекциялау
Тілім саған әрқашанда бас иемін,
Бар ғой сенің бойыңда қасиетің.
Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан
Ұмытпайық бабалардың өсиетін –дей келе бүгінгі оқу іс-әрекуетімізді қорытындылайық.
Ұлтымыз кім?
Қай тілде сөйлейміз?
Қай бөлімі ұнады?
-Қазақ
-Қазақ
Балалардың жауабы
Білу керек: Ана тіліміз бен ұлтымыз-қазақ.
Отанымыз-Қазақстан Республикасы.
Болуы керек: Танымы, тілдік-сөздік қоры, байланыстыра сөйлеуі.
Баланың қолынан келуі: -Сұрақтарға жауап беру. Өлең шумақтарды айту. Сөздерді буынға бөлу. Берірлген тапсырманы орындау.