Әрбір педагогтың алдына қойған мақсаты бүлдіршін бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерді оқу-тәрбие үрдісінде жан-жақты қалыптастыру арқылы болашақта ел тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелеу. Әр тәрбиеші ұлттық тәуелсіздікті нығайтуда, салауатты қоғам құруда, бірлік пен татулықты арттыруда жас ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріп, ұлттық құндылықты оқыту үрдісінде пайдалануы тиіс
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Әрбір педагогтың алдына қойған мақсаты бүлдіршін бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерді оқу-тәрбие үрдісінде жан-жақты қалыптастыру арқылы болашақта ел тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелеу. Әр тәрбиеші ұлттық тәуелсіздікті нығайтуда, салауатты қоғам құруда, бірлік пен татулықты арттыруда жас ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріп, ұлттық құндылықты оқыту үрдісінде пайдалануы тиіс. Саналы, білімді, әдеп-ғұрып, салт-дәстүрді құрметтейтін ұрпақ тәрбиесіне руханиятымызды, дәстүрімізді, мәдениетімізді, тілімізді, өнерімізді пайдалана отырып ұлттық тәрбие мен білім беруге аса мән беруіміз қажет. ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған жас ұрпаққа тәлім-тәрбие, білім беруді жетілдірудің бағыттары осы педагогика ғылымында ұлттық құндылықты қалыптстыру болып табылады. Ұлттық құндылықтан нәр алып, ата-бабаның рухани аманатын ертеңгі күнмен жалғастыратын, жеке тұлға болмысын қалыптастыру бүгінгі білім жүйесіндегі негізгі міндет болып отыр. Осы өркениетке қадам басқан еркін елдің өренін тәрбиелеу ұстаздардың үлесіне тиіп отыр.
Ұстаз – тәрбиеші, ол білім беру ісінде рухани, мәдени дәстүрлерді сақтап, шығармашылық ізденісімен жұмыс істеп, жаңа технологияны меңгеріп, ұлттық төл, мұрамұрағаттарды пайдалануы керек. «Бала – мөлдір бұлақ» деген сөз текке айтылмаған. Жаңа буынға ұлттық тәлім-тәрбие беру үшін ең алдымен тілді меңгеру керек. Өзінің ана тілі жоқ халық ұлт болып қалыптаса алмайды. Біздің қазақ халқы рузани зор байлықтың мұрагері. Халқымыздың мәдени мұрасын таныту арқылы әлемдік мәдениетке жетеміз. Себебі ұлт болашағы мен ұлт өкілінің тағдыры бір-бірімен тығыз байланысты.
ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Бұл енжарлықты көтермейтін уақыт. Аманатқа қиянат жасамау халқымыздың ізгі ұлылық дәстүрі. Ата-бабамыздан сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы, ұлттық рух, намыс, тілі мен мәдениетін жас ұрпақ бойына сіңіру баршамыздың парызымыз. Қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор.Құндылық дегеніміз не? Құндылық – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға: меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады. Ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде мектепке дейінгі мекемеде атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни, тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің балабақша атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақшаға ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Елiмiздiң ертеңі-бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры –ұстаздың қолында» – деген сөзі келер ұрпақ тәрбиесіне ата-анамен қоса, ұстаздың,тәрбиешілердің еңбегі орасан зор екенін айқындап көрсеткендей. Қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы – халықтық педагогикада жатыр. Қазақ халқының бала тәрбиелеудегі ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы – халықтық педагогика. Қазақ баласын қасиетті үш сөзбенақ тәрбиелеген. Олар – ұят болады, обал болады, жаман болады. Ұят боладысы – кемел иманын, обал боладысы – мейірімін, жаман боладысы – ізгілікке бастар жол екенін сөзсіз түйсінесің, әрі сүйсінесің. Тәрбиенің тал бесігі – балабақша табалдырығынан бастау алып, ізгілік пен парасаттылыққа жол көрсетер іргелі орынның бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын есімізден шығармағанымыз абзал. Тағылымды тәрбиенің тәлімін бала бойына қалыптастыратын ұлтжандылық пен адамгершілік жүрегіне ұялататын тәрбие ошағының қазіргі таңда бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік орны мен үлесі зор.
Жазушы педагог Ж.Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек», - дейді. Осы бір ұлағатты ой астарында отбасында - ата-анасынаң мектепке дейінгі ұйымда – тәрбиешіден талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Жер бетінде мекен еткен адамзаттың бір бұтағы — бір халықтың қандай да дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнесімен көрінуі — сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Әрине, отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие балабақша мен бастауыш мектепте жалғасын тауып жатса, бала өте құнарлы этномәдени білім мен тағылым алары анық. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу тәрбиешінің, ата-аналармен қосылып жүргiзген шараларына байланысты, өйткенi, бiрiншi ұлттық тәрбиенің ошағы – отбасында, екiншiден, балабақшада болғандықтан, ата-ана мен балабақша болып бiрiгiп жұмыс атқару – бізге артылар басты міндет.
Тәрбие – өсіп келе жатқан жас ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, жеке тұлғаны ғасырлар бойы жиналған адамзат тарихындағы тәжірибені игертіп, біліммен жарақтандыруға бағытталған қоғамның талап-тілегіне тәуелді күрделі үдеріс. Бізге бұрыннан белгі болып келген тәрбиенің ұйымдастырушылары: отбасы, ата-ана, балабақша – тәрбиеші, мектеп – мұғалім. Жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін тұлға тәрбиеші – тәрбие көзі. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бала болашағының негізі – ұлттық тәрбиеде екендігін ескергеніміз абзал.