Просмотр содержимого документа
«Ұрпақтың рухани жаңғыруы балабақшадан»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу Білім беру саласы: Коммуникация Тақырыбы: «Қыс қызығы» Мақсаты: Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. Қыс мезгілінің табиғатын бала қиялымен ұштастыру арқылы байланыстырып, сөйлеу шеберліктерін арттыру. Балалармен қыс мезгілінің ерекшеліктерін еске түсіре отырып, сурет бойынша әңгіме құруға үйретуді жалғастыру.
Әдіс-тәсілі: сөздік дидактикалық ойын арқылы ойын қозғау, еске түсіру, сұрақ жауап, сурет бойынша әңгіме, сергіту,жұмбақ, жаттығу. Блингвальды компонент: қыс-зима-winter Суық-холодно-cold Қар-снег-snow
Мотивациялық-қозғаушылық:
- Жұмбақ. 1) қыста ғана болады, Ұстасаң қалың тонады. (қар)
Қалай ойлайсыңдар қар дегеніміз не?
Қар-кішкентай мұз кристалдарынан тұрады.Қар суық аязды күні қиыршық түрінде болады.Күннің жылы кезінде қар жапалақтап түседі.Аязды күні аяқ астында қар сықырлайды.
Қарды жеуге болмайды .Қарда көп микроптар болады, тамағың ауырып қалады.
Микроптар болатынын қайдан білеміз?
Қар ерігенде суға айналады,содан көруге болады.
Ал, суды қатырсақ не болады? Мұз пайда болады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік:
Суретпен жұмыс. Тәрбиеші: - Балалар қане бәріміз менің сұрағыма жауап беріңдерші. Тәрбиеші: - Аяз жылдың қай мезгілінде болады? - қыс. Тәрбиеші: - Ал қыс мезгілі қандай болады? - Суық, боранды, желді, аяз, адамдар жылы киінеді, шыршалар болады. Тәрбиеші: - Қыста біз қалай киінеміз? - Біз жылы киінеміз. Тәрбиеші: - Балалар қандай қысқы ойындар білесіңдер ме? - шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки тебеміз, қар лақтырып ойнаимыз, аққала жасаймыз. Тәрбиеші: Балалар қыс мезгілі несімен ерекше деп ойлайсыңдар? - Я, қыс мезгілінде аппақ қарымен, жылда келетін Аяз атасымен ерекше екен. Әр мезгілдің өзіндік сипаты болатын сияқты, қыс мезгіліде өз қызығымен есімізде қалады. Тәрбиеші: Қарлы боранмен сықырлаған аязбен қыста келіп қалды. Бірақ біз қыста қорықпаймыз, жылы киімдерімізді киеміз.
Қыс туралы тақпақты қайталау.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады ,қатады.
Жып –жылтыр болып жатады. Сергіту сәті. Қар лақтырып ойнау.
Ойын: «Аққала»
Қардан не құрастыруға болады?
Аққала: Балалар мен сендерге тапсырма әкелдім. Тәрбиеші: Қане аққала қандай тарпсырма әкелдіңіз көрейік. 1-тапсырма - Тіл ұстарту жаттығуларын орындаңдар. Бұл ойын түрде. Тәрбиеші: Мен сендерге буындар оқып отырамын сендер сол буынға арнап сөйлем құрайсыңдар. 1) Ша-ша-ша Жап жасыл шырша. 2) Ар-ар-ар Қандай аппақ қар. 3) Ыс-ыс-ыс Келіп қалды қыс. 4) Лар-лар-лар Далада ойнайды балалар. 5) Ла-ла-ла Соғамыз қардан аққала. Тәрбиеші: Міне аққала сіздің тапсырмаңызды орындап болдық.
Келесі тапсырма: Аққаланы қағаз бетіне жапсыру.
Дайын кесілген үлгіден реттілікті сақтай отырып, аққаланы желіммен жапсыруды ұсынамын.
Қорытынды:
Қай мезігіл?
Қыс мезгілінде не жауады?
Қардан не жасауға болады?
Балаларды мақтау,мадақтау.
Білім беру саласы:Қатынас
Ұйымдастырылғаноқу-ісәрекеті:Тіл дамыту
Сабақтыңтақырыбы: «Қыс қызығы»
Сабақтыңмақсаты: . Қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту
.Схема бойынша суреттің мазмұнын құруға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдылындыру.Тіл мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтыңміндеттері:
Білімділік:Қыс мезгілі,қысқы ойындар,қысқы табиғат,қысқы еңбек жайлы түсінік беру. Затты зерттеуге алгаритм жасауға үйрету.градтаж техникасын меңгерту.
Дамытушылық:Танымдық, шығармашылық қасиеттерін,тілін,сөздік қорын дамыту.Сабаққа қызығушылығын арттыру
Тәрбиелілік: Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.Шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Ашық сабақ.
Типі:Дамыта оқыту «Тәй-тәй» бағдарламасы.
Қолданылғанәдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап,топпен,Триз,тірек-сызба,алгаритм, тәжірибелік,көрнекілік,ойын ,сөздік,схема арқылы әңгіме құрау.
Бейбітшілік қалайық! Амандасу түрлерін көрсетеді.(қолымен,басынан сипалап,бетінен ұстап,құшақтап)
Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
-Айнала қандай?
-Қар қандай?
-Ал мұз ше?
-Ауа қандай?
-Терезелерде не бар?
Қыс қандай болады? (қарлы,боранды,аязды)
Қыста аулада қай құсты кездестіруге болады?
-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?
(балалардың жауабы)
Қазір қыстың нағыз ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды сен білесің бе?
Иә білемін айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енеді.
Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз.
Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?
Жерді қар басады Қалай ойлайсыңдар қар дегеніміз не?
Қар-кішкентай мұз кристалдарынан тұрады.Қар суық аязды күні қиыршық түрінде болады.Күннің жылы кезінде қар жапалақтап түседі.Аязды күні аяқ астында қар сықырлайды.
Қар неге ұқсайды?
Қар ақ болса оны жеуге болатын шығар.
Жоқ жеуге болмайды .Қарда көп микроптар болады, тамағың ауырып қалады.
Микроптар болатынын қайдан білеміз?
Қар ерігенде суға айналады,содан көруге болады.
Ал, суды қатырсақ не болады? Мұз пайда болады.
.Өзенді мұз басады.
Құстар ән салмайды.Ағаштар өспейді.
Жәндіктер тығылып қалады.
Адамдар қалың киінеді.
Қыс айлары жайлы біз не білеміз?.
Желтоқсан-жыл аяғы қыстың басы ол,суық,ызғарлы болады.
Қаңтар-Жыл басы қыстың ортасы ол ең қарлы ай.Бұл айда қатты суық,үскірік аяз болады.
Ақпан -жел мен боранның айы.Бұл айда ең ауыр,әрі суық дүлей борандар болады.
Ойын тапсырмалар
№1 тапсырма Балалар сендер қалай ойлайсыңдар қыс жақсы ма? жаман ба?
Қыстың жақсы және жаман жақтарын айтады.
№2 « Ғажайып баспалдақ»
Мына сөздері қатыстырып екі жол өлең құрастыр
1.Бар,қар.2.Ойнады,Тоңбады.3.Мұз,біз.
№3 «Сөйлемді аяқта»
1.Қырау басқан ......(әйнек,ағаштар)
2.Балалар аққала.....(Жасады,жасап ойнады)
3.Қар жапалақтап .......(Жауып тұр,жауады)
№4 №4 «Ұқсастығын тап»
Мұз жылтыр не сияқты?
Қар ақ не сияқты?
Балалар оталықтарға фишка бойынша бөлінеді
Ережелерді түсіндіріп өту. Олай болса іске сәт, балалар!
1.Тіл дамыту опталығы
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің барысы:
Ойын «Таңғажайып алаңы»
Тіл дамыту сабағы
Оқылатын өлең:
Ш.Ахметов.
Аяз қысып,
Өрнек сызып.
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып.
Сырғанап жастар ойнайды.
Кейде ұлып,
Кейде ысқырып.
Ұйтқып боран соғады.
Бөбектерім айтыңдаршы
,Бұл қайкезде болады?
Тәрбиеші қыс туралы өлең оқығаннан кейін оған талдау жасайды.
Ойын шартын түсіндіру.
. Төрт ойыншыға сегіз тапсырма
Схема бойынша әңгінің жоспарын құру.
Ол қандай ағаш?
Суретке тақырып қояйық.
Балалар не істеп жүр.Олардың көңіл-күйлері қандай?
Саған қармен ойнаған ұнай ма?
1схема «Жыл мезгілі мен ауа-райы»
Суретте қандай жыл мезгілі берілген?
Сен оны қайдан білдің?
2схема «Қысқы табиғат»
Ағаштарда не байқадың .Жерден не көрдің.
3схема «Қысқы еңбек»
Қыста қандай еңбек істеледі ? Адамдар не жұмыс жасап жатыр?
4схема «Балалардың ойындары»
Балалар не істеп жүр. Олардың көңіл күйлері қандай?
«Қыстың шуақты күні.Жапалақтап қар жауып тұр.Айнала аппақ.Ағаштарды қырау басқан.Үйлердің төбеінде де қар.Жерде омбы қар.Адамдар жолды қардан тазартады.Ал балалар көңілді.Үйткені олар қардан аққала жасады.Шана,шаңғы тепті.Мұзда сырғанап ойнады.
.1. «Қызықты тапсырма.»
2 «Ойланып көр.»
3 «Жұмбақ шеш»
Тірек сызба бойынша жұмбақ жасырады.
Ол көңілді сайқымазақ емес
Үш қабатты бірақ үй емес
Қайырымды бірақ дәрігер емес (аққала)
4 «Тақпақ айт»
Тірек –сызбаны пайдаланып қыс туралы тақпақ оқу.
Бір топ бала далада
Соқты қардан аққала,
Мұрны сәбіз үп-үшкір.
Көзі көмір қап-қара.
.
Бұл қай мезгіл?
2 Ғылым орталығы
Білім беру саласы:Таным
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті:Айналамен таныстыру
Сабақтың мақсаты:Қыс мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру.Тәжірибе арқылы мұздың қасиетімен таныстыру.
Жұмбақ шешу
1.Суда қалқиды,жылыда балқиды. (Мұз)
Су – ана жайлы аңызды айтып береді.
«Ерте ерте ертеде су-ана өмір сүріпті.Оның үлкен отбасы болыпты.Ұлдары- тұман,жаңбыр,қар.Қыздары- шық,мұздық,және қарша қыз. Олардың мінездері әр түрлі болыпты.Су-ана қызы мұздаққа қонаққа келеді.Су-ананың қызының қандай қасиеттері барын қазір біз білеміз.
Мұздың қасиеттерін зерттеу.
1Мұз текшелерін жылы жерге қойсақ ол ериді.
2.Еріген мұзға бояу қосып қатырсақ түсі өзгереді.
3.Қалай ойлайсыңдар мұздың дәмі бар ма?Иісі ше?
4.Бір қалыпты температурасы бола ма?
5Ауыр ма жеңіл ме?
Ал мұз пайдалы ма жоқ па?
Неге пайдалы? (балмұздақ жасайды,сырғанақ жасайды,су астындағы мекендеушілерге аяз қорқынышты емес екен)
Неге зиянды? (жеуге болмайды,құласаң ауыртады,лақтырғанда қатты тиеді,өзенде мұздың бетінен жүруге болмайды)
Алгаритм бойынша белгілеу.
Өнер орталығы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті:Бейнелеу өнері
Сабақтың мақсаты:Дәстүрден тыс тырмалау әдісі бойынша қыс мезгілін суреттейді.
Орталықтың балалары ортаға жиналып, әр орталықта жасаған жұмыстарының ортаға жинап, орындалған жұмыс нәтижесі туралы балалар әңгімелейді.
Сергіту сәтін Жел улейді у-у-у
Боран соқты зу-зу
Қатты-қатты жел соқты гу-гу
Шыдай алмай жапырақтар ах-ах
Билеп кетті қалтырап пах-пах
Балалар белсенділік орталықтарымен ауысады.
Қорытынды. Балалар сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс жасадыңдар.
Біз не үйрендік?
Сендерге ұнады ма?
Кімге не ұнады?
Рахмет сендер өте тамаша балаларсыңдар менің сендерге азғантай сыйлығым бар.
Көңіл-кі-күйіміз қандай? Тамаша!
Қыс мезгілі қандай? Тамаша!.
Ауа райы қандай? Тамаша!
Қысқы ойындар қандай? Тамаша.!
Келген қонақтарымыз қандай ? Тамаша! Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық! (Смайлик береді)
Келгендеріңізге рахмет.Сау болыңыздар!
Тапсырмалар
Тапсырмалар
1. «Қызықты тапсырма.»
2. «Ойланып көр» Тірек-сызба сурет бойынша
Мынау кімдер? Мынау балалар
Балалардың көңіл күйі қандай? Балалар көңілді.
Балалар қанша? Балалар көп.
Балалар не істеді? Балалар ойнады.
Көп балалар көңілді ойнады.
Тақпақ
Бір топ бала далада
соқты қардан аққала
Мұрны қызыл үп—үшкір.
Көзі көмір қап-қара.
Заттың қасиетін зерттеу алгаритмі
?
Білім беру саласы: КоммуникацияБөлімі: Сөйлеуді дамытуТақырыбы: «Қыс қызығы» (Шығармашылық сөйлеу әрекеті)Мақсаты: Балалардың суретке қарай отыра қыс қызығы туралы түсініктерін тереңдету. Сөз ұйқасын табуға ынталандыру. Фонематикалық есту қабілетін дамыту, сөз ұйқасын табуға ынталандыру.Міндеттері: сурет бойынша әңгіме құрастырып айту, бөлшектерден аққаланы құрастыру, мнемотехнология арқылы сөйлем құрастыру.Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: қыс суреттері, аққала, қағаз, қарлар, ойын суреттері Сөздік жұмыс: сырғанақ, Қостілдік компонент: қыс-зима, қысқы ойындар-зимние игрыӘдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, жұмбақ шешу, тапсырмалар орындау, тақпақ айту, ойын ойнау, «картинаға ену» әдісіПәнаралық қатынас: сурет Технологиялар: мнемотехнология, Мурашковская технологиясы, ойын технологиясы
Оқу іс-әрекетініңкезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Есеп
+
-
Мотивациялық-қозғаушылық
Шеңбер болып тұрайық,Алақанды ашайық,Таза ауаны жұтайық,Жүрекке жылу сыйлайық.Жиналған жылу шуақты,Қонақтарға шашайық.
Балалар шеңбер құрады.
Ұйымдастыру-шылық-Ізденістік
-Қазір жылдың қай мезгілі?-Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады? -Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Кім қыс туралы тақпақ айтып береді?1.ДинараБіздің байтақ далада,Асқар тауда ауылда.Биыл ғажап іс болды,Таңғажайып қыс болды.2.АдияБіз тебеміз сырғанақ,Таудан төмен сырғанап.Бір шанада екеуміз,Құламайды екенбіз.3.АлинаҚыстың күні көңілді,Көп қызықты көреміз.Шығып алып далаға,Сырғанақты тебеміз.
1 тапсырма: «Бәрін бөл»-Балалар қолдарымызға дүрбі алып мына суретке қараймыз. -Не көріп тұрсыңдар?
2 тапсырма: «Бәрін қос»-Балалар мына балалар мен заттар немен дос бола алады.
3 тапсырма: «Сезіну»-Балалар көздерін жұмып, мына суретке енеміз. Не сезіп тұрсыңдар?-Жақсы балалар тіл жаттығуын жасайық:-Балалар жел қалай соғады – ш-ш-ш-ш-ш-Боран қалай гуілдейді – у-у-у-у
4 тапсырма «Салыстыру»Венн диаграммасы арқылы қармен мұзды салыстырамыз.
5 тапсырма «Ойлан да ойла»Дид./ойын: «Ия және жоқ»-Қыста қар жауады.-Қыста балалар суда шомылады.-Қыста жылы киімдер киеді.-Қыста велосипед тебеді.-Қыста шөп өседі.-Қыста боран соғады.-Қыста жапырақтар сарғаяды.-Қыста сырғанақтан сырғанаймыз.
6 тапсырма «Бәрін айтып беремін»Сурет арқылы сөйлем құрастырамыз. 7 тапсырма «Картинаға ат қою»-балалар мына суретке қандай ат қоюға болады.
Сергіту сәті:Шынығамыз бәріміз,Иіліп, бүгіліп денеміз.Хоккейді де ойнаймыз,Шаңғыны да тебеміз.Әрлі-берлі жол салып,Қар лақтырып, ойнаймыз,Қорықпаймыз аяздан,Спортшы болмай қоймаймыз.
-Жарайсыңдар, балалар. Енді тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.Балалар қар ұшқындарын ұшырамыз.Демімізді ішке тартып үф – үф – үф дейміз.
Екі орталыққа бөліну:- І-орталық – мнемотехнология арқылы сөйлем құрастырады.- ІІ-орталық – бөлшектерден аққала құрастырады.
Содан кейін топтар ауысады.
Қыс мезгілі.Күн суық болады, қар жауады, жел соғады, мұз болады.Үш ай бар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Қыс туралы тақпақ айтып береді.
Бала, шана, шаңғы, аққала, коньки, қыз бала.
Қар – аққалаҚыз бала –шаңғыҰл бала -шана
Жел соғады. Боран гуілдейді. Балалар аққала жасап жүр. Қыз коньки теуіп жүр.Қар жұмсақ, ал мұз қатты. Қардан аққала жасайды, ал мұзда коньки тебеді.
Сұрақтарға жауап береді.
Қыс келді. Қар жауып тұр. Балалар аққала жасады. Ұл бала шана теуіп жүр.
Қыс келді. Қысқы ойындар. Қыс қызығы.
Қимылдарды жасайды.
Тыныс алу жаттығуларын жасайды.
Екі орталықтарға бөлінеді. Содан кеін ауысады.
Рефлексиялық-Түзетушілік
-Балалар бүгін біз не үйрендік?-Өте жақсы, балалар, қыс мезгілінде ойналатын қызықты ойындар туралы білдік . Бүгінгі күніміз сәтті өтті.
Қыс мезгілініңқызықтарын үйрендік.
Күтілетін нәтиже:Жасайды: қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қысқы ойын түрлерін біледі;Түсінеді: қыс қызығы туралы түсініктері бар;Қолданады: сурет бойынша әңгіме құрастырып айтуды, бөлшектерден аққаланы құрастыруды, мнемотехнология арқылы сөйлем құрастыруды.