Көптілді білім-көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толлеранттілігін және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында «Көп ұлттылық пен көптілділік құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты артықшылығы болып табылады » деп атап көрсетті. Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Үш тілде білім беру табысты болашақ кепілі»
Үш тілде білім беру табысты болашақ кепілі
Балабақша
Көптілді білім-көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толлеранттілігін және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында «Көп ұлттылық пен көптілділік құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты артықшылығы болып табылады » деп атап көрсетті. Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады.
Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою-бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі. Көптілді білу- өмір талабы. Дүние жүзі халықтарының өзара түсінісу тілі- ағылшын тілі. Бала жас кезінде тілді қиналмай еркін меңгереді. «Ұстазы пейілді болса, шәкірті зейінді болады» деген ниетпен көптілді білуге ұмтылу – жас ұрпаққа жүктелген абыройлы міндет.
Елбасының жолдауында айтылғандай, шәкірттеріміз әлемдік білім кеңістігіне ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі керек. Осы мәселе бойынша 12 жылдық білім беру үлгісі эксперимент сынақтан өту үстінде. Мектепке дейінгі жастағы балаларға қазір үш тіл болсын, бес тіл болсын, жақсылап үйретсе, тез меңгеріп кетеді. Балаларды бір тілмен шектеу- дұрыс емес.Сол үшін, үштілділікті кішкентай жасынан бастап жетілдіруіміз керек. Кішкентай балалар қағілез келеді. Балалар тілді табиғи түрде тез меңгереді. Қазіргі балаларға білім алуға барлық жағдай жасалынған. Балаға үш тілді емес,одан да көп тіл үйретуге болады.Әрине, балабақшадан бастап ең алдымен балаға қазақ тілін меңгертуіміз қажет.
Үш тілдің бірлігі мәдени жобасының басты мақсаты- мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу. Алайда әр елдің өз мемлекеттік тілі болатынын ұмытпағанымыз жөн. Менің ойымша ағылшын тілін орыс тілі арқылы үйрену мен үйрету дұрыс емес. Оның қазақ тілі негізінде болғаны дұрыс. Ағылшын тілін үйрететін оқулықтар орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де болуы тиіс. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында 2020 жылға қарай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың вариативтік нысандарын енгізу, балалардың мектепке білім алуға дайындығының жоғары болуын қалыптастыру міндеттері қойылған.
Балабақшамызда үш тілді үйрету үшін дидактикалық - әдістемелік, көрнекілік материалдар, үнтаспа, мазмұнды бейне таспалар жеткілікті Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін- мемлекеттік тіл,орыс тілін ұлт аралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы - заман талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Сондықтан, бала бойында ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, тілге деген қызығушылығын арттыруда біздің мекемеде жаңа технологияларды игеруде жаңа талпыныстар жасалуда. Ал, бұл тәсіл күнделікті тәжірибеде өз жемісін беріп отырғандығы анық