kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ыбырай Алтынсариннің мектепке дейінгі балаларға арналған педагогикалық идеялары".

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұлағатты ұстаз Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасынзерделеу бүгінгі күні аса өзекті болып тұр. Қазіргі уақытта білімнің тарихинегізінежүгінуқажет, өйткенітарихипедагогикалықмұранытүсінбестен,жасұрпақтыдұрыс әрі тиімді оқытып тәрбиелеуқиын, я мүлдем мүмкінемес.Осыған орай аталған мақалада Ыбырай Алтынсариннің өмірге төзімді келген педагогикалық ой-тұжырымдары сөз етіледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ыбырай Алтынсариннің мектепке дейінгі балаларға арналған педагогикалық идеялары".»



Ыбырай Алтынсариннің мектепке дейінгі балаларға арналған педагогикалық идеялары.

Тәрбиеші: Оспанова Асем Кабдулахитовна

СҚО, Петропавл қаласы, «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы МКҚК


Аңдатпа.

Ұлағатты ұстаз Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасынзерделеу бүгінгі күні аса өзекті болып тұр. Қазіргі уақытта білімнің тарихинегізінежүгінуқажет, өйткенітарихипедагогикалықмұранытүсінбестен,жасұрпақтыдұрыс әрі тиімді оқытып тәрбиелеуқиын, я мүлдем мүмкінемес.Осыған орай аталған мақалада Ыбырай Алтынсариннің өмірге төзімді келген педагогикалық ой-тұжырымдары сөз етіледі.

Түйін сөздер: Ыбырай Алтынсарин, педагогика, білім беру, тәрбие, мұғалім.

Толассыз даму үстіндегі саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени жағдай білім берудің, жас ұрпақты тәрбиелеудің мәнін жаңаша түсінуге итермелейді.

Бұл тұста білім беруде халық педагогикасының тәжірибесі мен дәстүрлерін пайдаланумен қатар жаңашылдықты енгізу идеясының дамуына қомақты үлес қосқан ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектері ерекше өзектілікке ие.Өзі ғұмыр кешкен заманда туған халқы үшін аса қажетті де игі іс ретінде халық ағарту ісін таныған Ы.Алтынсариннің еңбегінің мәнділігі, құндылығы – оның қазіргі оқу-тәрбие ісімен үндестігінде, қазіргі талаптар үрдісімен сәйкестігінде, өміршеңдігінде.Мәселен, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына зер салсақ, онда атап көрсетілген даму бағыттарының көбісінің Ы.Алтынсариннің еңбектерінде қарастырылғанына

куә боламыз.

Елімізде білім беру жүйесінің заман талабына сай дамуына баса мән берілген. Қазақстанда білім мен ғылымды дамыту бойынша жүйелі шаралар кешені іске асырылуда.2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада білім беру мен ғылымды дамыту мақсатына жету үшін бірнеше міндеттер алға қойылған. Атап айтқанда, педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту,оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету, білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету т.б. Бұл мәселелерге Ы.Алтынсарин өз заманында назар аударып, оларды шешудің басты жолдары мен негізгі ұстанымдарын ұсынды.

Ыбырай Алтынсарин – қазақ педагогикасының классигі. Ол қазақтардың этникалық ерекшеліктеріне негізделген педагогика теориясын құрып, оны практикада қолданған ХІХ ғасырдағы алғашқы кәсіби мұғалім. Сонымен қатар Ы.Алтынсаринді қазақ халық педагогикасы ескерткіштерін алғаш


зерттеушілердің бірі деуге болады.Ұлы ұстаздың педагогикалық идеяларының тереңдігі мен әмбебаптығы таң қалдырады.Қазақстан Республикасының білім

беру жүйесін жаңғырту үрдістері ұлағатты ұстаз ұсынған бірқатар іргелі ұстанымдарына негізделген.Мәселен,білім беруді дамытудағы мемлекеттің шешуші рөлі, білімнің барлығына қолжетімділігі, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы, белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу,демократия мен жаңа технологияларға бағдарлану, білім беру жүйесінің икемділігі т.б.

Ыбырай Алтынсарин мектептегі білім беру жүйесін дамыта отырып, мұғалімнің жеке басы мен адамгершілік қасиетіне басты орын бергенін ерекше атап өткен жөн. Оның ойларының идеялық құндылығы мен маңыздылығы, әсіресе, жаңа кезеңге аяқ басқан қазіргі білім беру жүйесі үшін өте маңызды.Қазіргі таңда мұғалімнің оқыту үрдісіндегі рөліне, оның мәртебесіне баса мән беріліп жүр. Бұл Ы.Алтынсариннің«Халық мектептері үшін ең көріктісі– оқытушы» деп мектеп мұғаліміне берген әділ бағасынан бастау алған сияқты. Шын мәнісінде де, жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындатып, адамгершілік қасиеттерге баулуда білім ошағындағы басты тұлға – мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктелетіні белгілі. Оқу-тәрбие ісінің нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігіне,кәсібиш шеберлігіне, жеке басының өнегесіне байланысты. Ы.Алтынсариннің өзі таңдаған ісіне шын берілгендігін, оны құлай сүйетіндігін «Мен халық ағарту ісіне қойға шапқан қасқырдай кірістім» деген сөзінен-ақ аңғаруға болады. Ол мұғалімдердің рухани өсуіне күнделікті қамқорлық көрсетіп, олардың мәдени деңгейін көтеруге және әдістемелік дайындықтарын жақсартуға барынша ықпал етті. Ы.Алтынсарин мұғалімдерге әдістемелік әдебиеттер мен педагогикалық журналдарды қолдануды міндетті деп санады. Сондай-ақ педагогикалық кадрларды тәрбиелемей, қазақ даласындағы білім беру жүйесінің даму перспективасы болмайтынын жете түсінді.Сондықтан оқушыларға білім беретін мектептерді ашумен қатар ол мұғалімдерді дайындайтын мектептердің ашылу мәселесін қолға алған.

Оқытудың тиімді болуының ендігі бір шарты – оқу үрдісі қажетіне қарай әдіс-тәсілдер мен құралдардың орынды, дұрыс пайдаланылуы. Ұстаз қалдырған жазбалардың көбінде мектептердің жабдықталу мәселесі сөз болады. Бұл мәселе қазіргі таңда да мұқият қарастырылып жүр, өйткені білім мен ғылымды дамыту үшін оқушылардың білім алуына ыңғайлы жағдай жасау аса маңызды екені аян.

Ұлағатты ұстаз білім алушылардың зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлген. Тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеу деп оқушылар бойында Отанға деген сүйіспеншілік, адамгершілік, парыз, ар-ождан, намыс, шыншылдық, еңбекқорлық, жауапкершілік, эстетикалық сезім, ерік-жігер мен берік мінез сияқты қасиеттерді қалыптастыруды түсінді. Мәселен, фольклорлық материалға құрылған, патриоттық сезімді оятатын «Қарабатыр», «Қара қылыш», «Қобыланды» әңгімелері ерік-жігерді, берік мінезді тәрбиелейді. Ерік-жігер мен мықты мінез тәрбиелемей, шынайы патриотизмді тәрбиелеу мүмкін емес.



Отансүйгіш ұрпақты тәрбиелейміз десек, кемеңгер ұстаздың бұл тұжырымын басшылыққа алған жөн.

Балаларға арналған хрестоматияға енгізген мақалалары мен әңгімелерінде еңбектің аса зор маңызын көрсетіп, еңбекті қадірлеуге және сүюге тәрбиелеу мақсатын көздеді. Хрестоматияда оқушыларды еңбектің мақсатқа жеткізетіндігіне, еңбек арқылы табылған табыстың берекелі болатындығына сендіре отырып, еңбек ету үшін «тұрақтылық пен табандылық» қажет екендігінуағыздайды. Оның хрестоматиясындағы көптеген еңбекке байланысты мақалдар мен мәтелдері бұған дәлел.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде еңбек тәрбиесі жайлы көп айтылғанмен, іс жүзінде еңбек тәрбиесі бойынша жүргізілетін жұмыстар осал боп тұр. Әрине, бұл тұста елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайының өзгеруі рөл ойнайды. Яғни мектептерде еңбек тәрбиесін жүргізу бұрынғыдай мүмкін емес. Дегенмен, сыныптан тыс жұмыстарды (мысалы, сенбіліктерді, волонтерлық іс-шараларды ұйымдастыруды) ұмытпаған абзал, өйткені еңбек тәрбиесі, Ы.Алтынсарин атап көрсеткендей, білім алушының тұлғасын қалыптастыру ісінде өте маңызды.

Ы.Алтынсариннің шығармаларына тақырыптық шолу жасайтын болсақ, оның барлық шығармалары сипаттама түрінде емес, айқын көрінетін тәрбиелік сипатқа ие екеніне көз жеткізуге болады. Білім алушыларға арналған хрестоматиясында жазған әртүрлі қысқа сюжетті әңгімелер өмірдің сан түрлі қырларын ашуға бағытталған. Ы.Алтынсарин оқушылардың ұлттық ерекшеліктерін ескеріп, олардың санасына әсер ету арқылы адамгершілігі мол, еңбексүйгіш, әдепті азамат боп жетілуін көздеді. Осыған орай жас буынның физиологиялық, яғни қабылдау және жас ерекшеліктерін де ескере отырып, қысқа данұсқа көркем әңгімелер жазды. Әңгімелердің басты ерекшелігі – көбінесе олардың әлеуметтік сипатының айқындығы. Мысалы, «Қыпшақ Сейтқұл», «Бай мен жарлы баласы», «Киіз үй мен ағаш үй» әңгімелерінде халқымыздың тұрмыс-тіршілік ерекшеліктері, яғни көшпелі өмір жағдайы бейнеленген. Аталған үш әңгіменің де негізгі мақсаты – еңбектің адам тұрмысындағы орны мен мәні ерекше екенін көрсету.

Расында да, Ы.Алтынсариннің қай өлеңі мен әңгімесін алмасақ та, олардың бәрінен де тәрбиелік мән табуға болады. Ал қазіргі білім беруде білім мен тәрбиенің қатар берілуі қажет екені айтылып жүр. Демек, кемеңгер ұстаздың бұл ұстанымы уақыт сынынан сәтті өтті деген сөз.

Қорыта айтқанда, ұлы қазақ ағартушысының идеялары қазіргі қоғамда өз өзектілігін жоғалтқан жоқ, керісінше, айрықша өзектілікке ие болып тұр. Егер Ы.Алтынсариннің бұл педагогикалық идеяларын өскелең ұрпақты оқытуда, тәрбиелеуде басшылыққа алатын болсақ, еліміздің одан әрі қарқынды дамитынына сеніміміз мол.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Ыбырай Алтынсариннің мектепке дейінгі балаларға арналған педагогикалық идеялары".

Автор: Оспанова Асем Кабдулахитовна

Дата: 03.12.2021

Номер свидетельства: 593362

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""Даланың дара ұстазы""
    ["seo_title"] => string(20) "dalanyn_dara_u_stazy"
    ["file_id"] => string(6) "399119"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1489209705"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства