Жағымды қатынас қалыптастыруға арналған тренингтер
Жағымды қатынас қалыптастыруға арналған тренингтер
Тренинг – тұлғаның өздігінен жетілуін арнайы ұйымдастыратын оқыту формасы. Ол мынадай міндеттерді шешеді: Әлеуметтік –психологиялық білімді меңгеру; Дұрыс қарым-қатынас жасай алуды үйрету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жағымды қатынас қалыптастыруға арналған тренингтер»
Жағымды қатынас қалыптастыруға арналған тренингтер
Тренинг – тұлғаның өздігінен жетілуін арнайы ұйымдастыратын оқыту формасы. Ол мынадай міндеттерді шешеді:
Әлеуметтік –психологиялық білімді меңгеру;
Дұрыс қарым-қатынас жасай алуды үйрету
Өз бетінше шешім қабылдай алатын,бәсекеге қабілетті толыққанды дамыған тұлға қалыптастыру.
Танысу тренингінің мақсаты:жанадан қалыптасқан топтағы балалардын бір-бірін жақсы білуіне,топ белсенділерін аңықтауына мүмкіндік жасау.
1 түрі:Жүргізуші бір балаға доп лақтыраты,бала оны қағып алып,өзінің атын айтып,кері лақтырады,жүргізуші «өте қуаныштымын» деп жауап береді.
2 түрі:Дөнгелене отырған балалар бір бірімен танысады:атының алғашқы әрпіне орай өзін сипаттайтын аңықтауыш арқылы дарынды Дина,зейінді Зарина,ажарлы ажар,көңілді Күлән деп өздеріне баға бере отырып есімін атайды.
«Дәстүрлі емес сәлем» тренингі.
Бүгінгі біздің сәлемдесуіміз дәстүрден тыс болмақ.Әдетте адамдар бір-бірімен қалай амандасады?Қол алысып,жай сөзбен,бір-бірінің беттерінен сүйіп және т.б.Ал біз қазір сәлемдесудің басқа жолдарын қарастырайық.Бір-бірлеріне иық тигізіп амандасыңдар.Мандаймен,шынтақпен,арқамен,аяқтың ұшымен.
«Жағымды сөз» тренингі.
Балалар дөңгелене отырайды.Жүргізуші оң жағынан бастап бірінші отырған баланың көзіне тура қарап: «Айдар,маған сенің аққөңілді мінезің ұнайды» дейді,Айдар «рақмет» деп келесі балаға бұрылып:Фатима,маған сенің әсем күлкің ұнайды» дейді,одан әрі Фатима рақмет айтады да келесі балаға бұрылады.Ең соңында жүргізушіге соңғы бала жағымды сөз айтады. «Жақсылық жасасаң,өзіне қайып келеді» деген сөзбен тренингі аяқтауға болады.
Кел ойнайық,ойланайық тренингінің мақсаты:Көңіл сергіту.Бір-бірімен еркін араласу дағдысын,танымдық деңгейін дамыту.
Нұсқау.Жүргізуші ортаға шығып өз орындығын алып қояды.
Қазір мен бір жақсы қасиетті айтамын (мысалы:бүгін жұмысқа келерде шашын тарағандар,көлік жүргізе алтын адам,өзін мейірімді деп есептейтін адам т.б.),ал сол қасиет бойында бар адамдар орындарымен ауысады да,ал мен тез арада босаған орындыққа отырамын.Орындық жетпей қалған адам ойынды ары қарай жалғастырады.Ойын 7-8 рет қайталанады.
«Мен жақсы көремін» ойыны.
Ойын шарты:Дөнгеленіп тұріан балалар бір-біріне доп лақтырады.Доп кімнің қолына түссе,сол бала кімді жақсы көретінін айтады.Мысалы,мен анамды жақсы көремін.Өйткені,ол менің ең жақын адамым.Немесе мен Бануды жақсы көремін,өйткені ол ақылды,сыпайы т.б.Ойының соңында доп жүргізушінің қолына тиеді.
Бір-бірінің жақсы қылықтарын айтып,мадақтау ойының шарты:Балалар дөнгеленіп отырады.Жүргізуші «Сиқырлы таяқшаны» балалардың біріне ұсынады.Ол жанында отырған баланың жақсы қасиеттерін айтып мадақтайды да,таяқшаны береді.Ол таяқшаны осы тәртіппен келесі балаға ұсынады.Ойын осылай жалғаса береді.Айтылатын жағымды сөздер мынадай болуы мүмкін.Айгүл,сенің даусың қандай жақсы!Гүлнар,сенің жүзін сондай мейірімді көрінеді!Диас,маған сенің аққөңіл мінезің ұнайды.Соңында балалар бір-біріне алғыс білдіріп ойынды аяқтайды.
Үрленген қуыршақ ойының шарты:-Қазір бізт үрмелі қуыршаққа айналамыз,бізден ауа шығарылған,яғни басыңызды еңкейтіңіз,қолдарыңызды төмен түсіңіз,бүкіл денеңізді босатыңыз.Мен қазір үрлеуіш құралының қызметін атқаратын боламын. «Пш,пш,пш» деген дыбыс шығара отырып,дөңгелекті толтыратын адамның әрекетін еске түсіретін қимылдар жасаймын.Ал сіздер осы уақытта ауамен толығасыз және денеңізді түзете бастайсыз,қолдарыңызды жоғары көтеріп,барлық бұлшық еттеріңізге қысым түсіресіз.Барлығы тұрып,бұлшық еттеріне қысым түсіргеннен соң орындықтарға отырады,денелерін босатады
Орыстың психолог-ғалымы И.Панариннің тест-сауалнамасы бойынша адамның тұлғалық қасиетін анықтау мақсатындағы 4 түрлі пішінді қалауларыңыз бойынша таңдап алыңыздар.Фигураларды тарату.
Төртбұрыш - квадрат
Бірінші топты таңдағандар өте еңбеққор,төзімді,өз жұмысының шебері,бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.
Үшбұрыш - треугольник
Екінші топты таңдаушылар көшбасшылық қабілеті бар,алдына қойған мақсатына жететін жандар.
Тіктөртбұрыш - прямоугольник
Үшінші белгіні қалағандар жаңа идеяға жақын,білуге құмар,ізденгіш жандар.
Сөпақша - Овал
Соңғысын таңдағандар өте мейірімді,өзгенің қайғысын,қуанышын бқлісуге даяр тұратын жандар.