Просмотр содержимого документа
«"Жаіа жыл құтты болсын!"»
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, әтештің, иттің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату. Кейіпкерлер: Клоундар: Куанышева К.С, Жолтабарова Н.Ж. Аяз ата:Саликова А.А. Ақшақар: Мухаметкалиева А.Е. Әтеш: Жумагалиева У.К. Ит: Абишева Ж.И.Балалар, ата - аналар 1.Клоун: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі - екіден кіреді) Армысыздар, құрметті қонақтар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Ал, бүгін балалар, қандай мереке? Балалар: Жаңа жыл! 1.Клоун: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін балабақша меңгерушіге Жанар Бикеновнаға беріледі. 1.Клоун: Балалар, ортамыздағы әсем не? Балалар: Шырша! 1.Клоун: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен? Алина: Безендіріп шыршаны жыл қуантты баршаны, Той маскарад басталды, Аяз оны басқарды. Аслан: Тамаша, тамаша, Шыршамыз тұр жараса. Басында әсем жұлдызы, Көз тоймайды қараса. Айша:Жасыл желен жамылған, Асыл моншақ тағылған. Міне сұлу шыршамыз Көптен күтіп сағынған. 1.Клоун: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді музыка ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.) 2.Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмің. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы. 1.Клоун: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық. Ән: «Шырша орманда туыпты» 2. Клоун: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді? Балалар: Аязата, Ақшақар. 1.Клоун: кәне, онда Аяз атаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық. Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, әтеш кіріп келеді.) Әтеш: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарынды жыртып жатырсыңдар?! 2. Клоун: Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе? Әтеш: Білсем бұйырмасын! 1.Клоун: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па? Әтеш: Жоқ. 2.Клоун: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырып едік қой! Әтеш: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Мен былтыр сендерге қонаққа келіп едім, биыл неге шақырмадыңдар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха - ха - ха (деп секіреді) 1.Клоун: неге олай еттің? Аяз ата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек? Әтеш: Ә, бәлем, солай ма екен! (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі, әтеш тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата - аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды ).Ой, ой мен қаштым. Алыстан Аязатаның дауысы естіледі. 2.Клоун: Аяз ата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!Бірге тағы шақырайық. Балалар: Аязата, Ақшақар! Аяз ата: Сәлеметсіндер ме, балалар! Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ, Дайындалдым жыл бойы, Жолға шығар келді уақ! Шақырымды жүздеген Басып өту мен үшін Жаңа жылдың түнінде Жасыл шырша түбінде. Кездессем деп сендермен, Тарасам екен сыйлықтар, Одан асқан не сый бар. Қуаныш сыйлау балаға Одан зор бақыт бола ма! Сендерді көргеніме сондай бақыттымын! Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық! Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек) Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды. Аязата: Балалар, менің қарша қызым қайда жұр екен, кім біледі екен? 1.Клоун: Аяз ата, Ақшақар қазір келіп қалар, сен көп аландама, оданда біздің саған дайындаған биімізді тамашала. «Клоундар» биіАяз ата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай биден кейін кідірмес. 2. Клоун:Аяз ата, балалардың дайындаған тақпақтары бар, рұқсат болса айтып берсін. Найля: Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып. Келді алыс сапардан, Аяз ата оралып. Інжу: Аяз ата келіп тұр, Бізге сәлем беріп тұр. Сақалының ұзыны – ай! Кесіп алса шіркін – ай! Нұрислам: Жылдың әнін бастайын, Аяз ата келіп қалды. Майысады жас қайың, Көтере алмай көп қарды. 1.Клоун: Аяз ата, мен де, жұмбақтап жасырсам қайтеді? Ертегідей орманнан Көктей өтіп келеді. Сұңқар бойлы бір сұлу Табындаршы, аты кім? Балалар: Ақшақар! (музыкамен Ақшақар кіреді) Ақшақар: Сәлеметсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Балалар маған арнап ән айтып беріндерші. Ән «Қар жауды» 1.Қар жауды, қар жауды. Бақытты бала шағы. Қар қызы, қар қызы Ақшақарды жасайды. Алтын шашты сүйкімді. Ақшақар қыз секілді. 2. Сен сұлу, сен сұлу Көреміз ғажаптанып. Қайрымды, қайрымды Сені жақсы көреміз. Алтын шашты сүйкімді. Ақшақар қыз секілді. Ақшақар ойын ойнатады. Мен білемін бір ойын Үйретейін сендерге Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар! Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр.... Балалар: Жаңа жыл! Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге..... Балалар: Аяз ата! Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі.... Балалар: Әдемі! Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын – күлкі таралсын. Құтты болсын.... Балалар: Жаңа жыл! (3 рет) Жаңа жыл келеді. Жаңа жыл: Кім десендер, мен жаңа жылмын, Итпін. Мен жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім. Аяз ата: Бәрекелді, ал, енді балалар тақпақтарын айтып берсін. Альмира: Жылдың әнін бастайын, Аяз ата келіп қалды. Майысады жас қайың, Көтере алмай көп қарды. Әнуар: Бақша іші мереке, Ойын күлкі асқақ ән. Жақсы әпкелер жаңа кеп, Мерекені бастаған. Әдия: Жаңа жылды қарсы алдың, Мініп алып күймегеМен де бүгін ән салдым, Араластым биге де. Томирис: Оралдым өлкеме, Жаңа жыл армысың. Оранды ақ көрпеге, Асқар тау, қарлы шың. Даша: Тілеймін мен бар әлемге Дос көп болсын жаңа жыл Ата – әже, ата – әже Құтты болсын жаңа жыл. Фархат: Жаңа жылым мол болсын Басқан қадам оң болсын Төрле, төрле жаңа жыл Бізге құтты жол болсын. Мансұр: Жаңа жыл, жаңа жыл, Жаңа жылда – жаңа жыр. Жасыл шырша жанында Жадырап бар бала жүр. 2.Клоун: Балалар, жарайсындар, қалай жақсы айтып бердіндер. Кәне, балалар, бәріміз «Қандай сұлу қыс деген» әнін жақсылап айтып жіберейік. 1.Қандай сұлу қыс деген Қалтырай қыс деген Қылышынды кимесен Құлағынды тістеген. 2.Қандай қызық қыс деген Бәрін шебер іс деген Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады. Бақшабақты тауды да, Баяғында түспеген. 1.Клоун: Балалар, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы! Ойын: «Кім жеңеді?» (4 орындықпен) 2.Клоун: Құрметті қонақтар, біздің сұлу қыздарымыз бір әдемі би дайындады, тамашалаңыз. «Шығыс биі» Ақшақар:Рахмет, қыздар, өте әдемі би билейсіндер. Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді. Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер. Аяз ата: Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер. Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен. Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер. Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын. Аяз ата: Ой менің басымай, сыйлықтарды беруге ұмытып кетіппін,Клоун балам, сыйлықтарын берейік тақпақ айтқап балаларға. 1.Клоун:Көптен күткен қыс келді, Шырша тойын тойлайық. Аяз ата, Ақшақар, Сыйлығына ризамыз. 2.Клоун: Осымен құрметті қонақтар Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет. Жаңа жыл әр отбасына құт - береке әкелсін!
«Айнагүл» бөбекжай бақшасы
«Құтты болсын, Жаңа жыл!атты жаңа жылдық ертеңгілік