Просмотр содержимого документа
««Жаңа бағдарлама аясында балалардың коммуникативті қабілеттерін ойын арқылы дамыту»-»
«Жаңа бағдарлама аясында балалардың коммуникативті қабілеттерін ойын арқылы дамыту»
Баяндама тақырыбы: «Сиқырлы саусақтар: мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық және сөйлеу қабілеттерін саусақ жаттығулары арқылы дамыту»
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес». В.А. Сухомлинский
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады. Сондықтанда да баланың жан — жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан — жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын саусақ ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал, саусақ ойындарын балалар қызықтап ойнайды. Саусақ ойындары желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай — ақ ойнау іс — әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған.
Саусақ жаттығуларының түрлi ойыншықтардың, әңгiмелердiң балалардың сыртқы ортамен танысуында маңызы зор. Саусақ жаттығуларын балалар саусақ қимылымен көрсетіп және өлең жолдарымен қоса орындайды. Саусақтарымен әртүрлі жаттығуларды орындай отырып, баланың қолының ұсақ моторикасы жақсы дамиды. Бұл тілдің дамуына ғана әсер етпей, баланы бейнелеуге және жазуға дайындайды. Саусақтарын шынықтыру арқылы баланың тек қимылын ғана арттырмай, оның сөйлеу процесстерін, ой-қабілетін, қиял, ес процесстерін де дамытуға болады.
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Педагогтар мен балалар психологының мақсаты - ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды. Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады. Қазіргі ата – аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәріне үшін керек? Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен. Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиеші ге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина. Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі. Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес. Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек. Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс – әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.
Саусақ ойындарының нәтижесінде: — Баланың тілі жетіледі; — Қимыл — қозғалысы артады; — Икемділігі артады; — Қисынды ойлауы дамиды; — Танымдық деңгейі артады.
Балалардың сөйлеу құзыреттілігі дұрыс және сөздік қоры бай болса, оларға өз ойын жеткізу оңайға түседі, қоршаған ортаны танудағы мүмкіндіктері кеңейеді, психологиялық дамуында белсеніс күшейеді. Сондықтан баланың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруды уақытылы қолға ала отырып, анық әрі дұрыс сөйлеуін қадағалау керек. Балалардың сөйлеу құзыреттілігінің дұрыс өз деңгейінде жетілуі, оның ата-аналарын да, тәрбиешілерін де толғандыру қажет. Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты.
Мәселен сабақ барысында мынадай саусақ жаттығуларын жасауға болады:
1. «Салат» саусақ ойыны Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды) Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды). Қанттан сеуіп дәмдейміз (саусақтардың ұшымен қант себеді) Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді). Дәруменге байыған (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).
2. «Кірпі» жаттығуы Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады) Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды). Кіріп кетсе қолыңа, Өкпелеме жарайма!
3. «Достық» жаттығуы Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос (қолдың саусақтары өзара бірігеді) Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз (екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу) Бір, екі, үш, төрт, бес… (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу) Қайтадан санауды бастаймыз. Бір, екі, үш, төрт, бес.. Енді санауды аяқтадық (қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).
4. Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу. Мақсаты: қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту. А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды. Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді. В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді, бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек. Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.
5. «Фигураларды құрастыр» жаттығуы Мақсаты: қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін дамыту. Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға есептік таяқшаларды таратып береді. Балалар солардан геометриялық фигураларды жасап шығару керек. Төмендегідей тапсырмалар беріледі: 1. Төрт таяқшадан шаршы құрастыру; 2. Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру; 3. Үй құрастыру; 4. Жалауша құрастыру; 5. Жұлдызша құрастыру.
6. «Санамақ» ойыны Мақсаты: кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту. Бір, екі, үш, төрт, бес, Анаммен сурет саламын, (алақанды жұмып ашады) Міне басы, міне іші (қолды шеңбер жасап айналдырады) Аяқтары, қолдары, көздері (қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу) Аузы, сақинадан жасалған (ауада сақинаны салу) Әдемі шашы да бар (қолдарын екі жаққа ашады) Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету) Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету) Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу) Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру) Сол аяқпен секіремін (орында жүру)
Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі»ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.
Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы «Моншақ».
Қызыл – сары көк моншақ.
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.
Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.