это сценка-инсценировка для выпускников детского сада с русским языком обучения на казахском языке
Просмотр содержимого документа
«Жандостың мектепке баруы»
Жандостың мектепке баруы
1-бала: Біздің Жандос қуанышты
Жандос бүгін оқушы.
2-бала: Көшеде келе жатты
Таң қалдырды халықты.
3-бала: Жалғыз емес бірақ та
Кім бар екен дәл артта?
4-бала: Көрсе оны кез келген
Соңынан пойыз тіркелген.
1-бала: Кім соңынан асыққан?
Анасы
2-бала: Жүгіре жолға шыққан?
Әкесі
3-бала: Кім келеді ақсаңдап?\
Әжесі
4-бала: Кім келеді талтаңдап?
Атасы
1-бала: Айтыңдаршы неліктен,
Отбасысы желіккен?
2-бала: Жандос пойыз ба екен
Кереуенді әкелген?
Анасы: Кім түймесін тағады?
Өзі
Әкесі: Кім сөмкесін алады?
Өзі
Әжесі: Нанға майды жағады?
Өзі
Атасы:Бауын байлап тағады?
Өзі
Анасы: Ол әлі кішкентай ғой!
Әкесі: Бұл біздің еркетай ғой!
Әжесі:Аяқ-қолы талмай ма?
Атасы:Жалғыз шаршап қалмай ма?
Анасы: Аяп кетім мен өзін.
Оқығаны құрысын!
Әкесі: Жұмысымнан сұрандым.
Оқиын деп сабағын.
Әжем: Ап-арық қой немерем
Бауырсақ оған берем.
Әжесі: Мен сабаққа кірейін
Бауын тағып берейін.
1-бала: Ешбір жерде, досым-ай
Болмаған мұндай жағдай!
2-бала: Алып кетем Жандосты
Жақсы оқысын сабақты:
3-бала: Бұдан былай әрқашан
«Мен өзім» дер Жандосжан.
4- ребенок: Оқиғаны көргенің
Көңіліңе түйгенің!
Барлығы: Ұқсамасын еш бала
Жандостай оқушыға!