Мотивация- лық кезеңі II.Ізденіс-ұйымдастыру III.Рефлексия | 1.Шаттық шеңбер. Тәрбиеші балалармен бірге «Бала,бала,баламыз» өлеңін бірігіп айтады. Бала, бала, баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа, Батамыз да қаламыз. 2.Әңгімелесу - Балалар, бүгін сүйікті балабақшамыз туралы әңгімелесеміз. Біз балабақшада әдепті, қамқор, ұқыпты, мейірімді, тату болуға үйреніп, көптеген достар таптық. Тәрбиеші апайымыздын көмегімен ән салап, би билеп, сурет салуға үйрендік. Айнала табиғаттың сан алуан сырларымен таныстық . Сондықтан « Балабақша – өз үйіміз»» деп біз айта аламыз. -Қалай ойлайсыңдар, «Балабақша» деген атау не үшін берілген . Балабақшада не үйренесіңдер ? Сендергебалабақшанесіменұнайды ? ( Балалардыңжауаптары.) -Балабақшада қандай ойыншықтар бар? 3.Жаңа тақырып. “Балабақша” өлеңді оқу. /С.Мұхамедиев/ Мысалы: Балдырғанды мәпелер, Бақшада бар тәтелер. Қолымыздан жетектеп, Бізді сонда әкелер. Өз үйіміз анамыз, Күнде-күнде барамыз. Достарменен табысып, Қуанысып қаламыз. 4.Дидактикалық ойын: Балабақша бізді неге уйретеді ? Балалар шеңбер бойымен тұрып , бастаушы допты бір балаға лақтырып , деп сұрақ қояды. Допты ұстаған бала жауап айтады . Күтілетін жауаптар . -татулыққа ; -достыққа ; -мейірімділікке ; -бірлікке ; -ұйымшылдыққа ; -сыйластыққа ; -сүйіспеншілікке ; -жақсылыққа . 5.Сергіту сәті: Өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасау . Біз кішкентай баламыз , Өсіп , өніп толамыз . Күнге қарай талпынып , Көпке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз , Қарлығаштай самғаймыз. Бір отырып , бір тұрып , Жаттығулар жасаймыз . 6.Тақпақты жаттау. “Мен бастаймын,сеня аяқта”. Балабақша мені жақсылыққа үйретті . 7.Қорытындылайық -Балалар , біз балабақшада жақсылыққа , ұйымшылдыққа , сыйластыққа , достыққа , татулыққа үйрендік . -Балабақшада кімдер жұмыс істейді? -Балабақша бөлмелері қалай аталады? -Аулада тазалық сақтау үшін не істеу керек? Балаларды мадақтау,бағалау. | Өлең шумағын айтады. Сұрақтарға жауап береді. Тақпақты тыңдайды. Дидактикалық ойынға қатысады. Сергіту сәтін жасайды. Тақпақты жаттайды. |