Просмотр содержимого документа
«"Жас зерттеуші" мектепалды даярлық сыныбына арналған бағдарлама»
Павлодар облысы, Май ауданы
Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп ММ
«Жас зертеуші» бағдарламасы
Вариативтік бөлім
Құрастырған: А.А. Омарова
Қаратерек 2017
Қаратерек жалпы орта білім беретін мектебінің педагогикалық кеңесінің 29.08.2016 №1 хатттамасымен бекіті
Түсініктеме:
Орыс халқының ғұлама жазушысы Лев Толстойдың баланың мектеп жасына дейінгі қабілетіне ерекше бас иіп айтқан мына сөздерді бүгін де өмір шыдығын танытып отыр. «Мен, - деп жазады Лев Николаевич, -қазіргі өмірдегі бар білетінімді ең жас кезімде меңгердім және соннша қып, тез меңгергендікте қалған өмірімде оның жүзден бірін де меңгергем жоқ.
Бес жастағы баладан маған дейі бір-ақ қадам. Жаңа туған баладан бес жасар балаға дейін үлкен қашықтық».
Мектепке дейінгі шақтағы балалардың ой-өрісінің ерекшелігі ол сезімдік қабылдаумен негізделеді. Балалардың айнала қоршаған орта туралы анағұрлым көп мағлұмат алып, көп білгісі келеді. Өйткені негізгі ғалымдардың зерттеу дәлелдемелері бойынша мектепке дейінгі шақтағы балалардың туғаннан дарындылығы мен ізденушілік қабілеттері табиғатынан туа біткен қасиет.
Ал ол қасиет баланың мектепке дейінгі және мектеп шағында басылып, ақыры жоғалады екен. Көбінесе балалық шақта байқалатын табиғи нышандардың ойдағыдай үйлесіп келуінен туындайтын қабілеттіліктің түрі дайындылық деп аталады. Біздің елімізде осы күнге дейін барлық балаларға бірдей көзқараспен қарым қатынас болып келді. Міне осы негізінде балалардың туа біткен қасиет қабілеттері азаюы болды. Қазіргі таңдағы технологиялар мен жаңашылдықтардың даму кезеңінде балалардың әрқайсысының ерекшеліктері мен жақын даму ортасы негізіне келе отыра дамытушылық жұмыстарын ғалымдар мен психолог- педагогтар өз шеберліктеріне қарай зерттеуде және дамыту жұмыстарын жүргізуде.
Мектепке дейінгі білім саласының мамандары мен дидактары бойынша мектепке дейінгі шақтағы балалар қасиетін дамыту өте тиімді де ең алғаш кірпіші қаланатын кез деп белгілеген. Сондықтан баланың өзіндік ойлау қабілеттерін бағыттаудың тиімді жолдарының бірі болып танымдылық – тәжірибелік зерттеулік іс-әрекет саналады.
Әлемдік психологиялық еңбектерінде зерттеушілік пен дарындылық бойынша нақты деректер көп жинақталған. Мәселен, Л.С. Выгодскийдің, А. Савенковтың, Е. Белованың, Д.Б. Эльконин еңбектерінен нақты ойларды оқуға болады. Ал мектепке дейінгі балалар психологы Н:Н: Поддъяков « балалар тәжіриебесі» атты еңбегінен балалардың әр- түрлі әрекет барысындағы қызметі мысалы: сурет салу, мүсіндеу, құрастыру негіз емес ал осы процесс кезіндегі өзіндік ерекшелікттері мен таным, қабілеттерінің дамуы жетілуі мағыналы деп көрсете отыра әрекет ол бастаушы қызметі деп атаған. Мектепалды топтарының балалары балабақшада мен үйде зерттеулер жасайды әр түрлі тіршілік ахуалар нәзігірек, күрдклі әлеуметтік тәжірибиелерін жүргізу жолдары қабілеттері дамыту үшін бағыттыболу қажетдеген. Сонымен қатар Поддъяков әлеуметтік зерттеулерге арнайы болуының жолдарын ұсынған:
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мектепке дейінгі мекемедегі зерттеулер әрекеттерін ұйымдастырудың ережелерінің негіздерін анықтауға тырысайық.
Сұрақ (құбылысты бекіту) балаларды дербес әрекеттенулерінен ( тәжіриебе үстінде) айқындалуы, тууы керек. Мысалы, бақылауда, көркем немесе энциклопедиялық әдебиетті оқығанда ( қандайда бір құбылыс туралы оқыдыңыз немесе өзгеше, ерекше дерек, оның пайда болу себебін, табиғат құбылысын білгіңіз келіп кетті); Еңбектенупроцесінде (қол еңбегінде, табиғатта, шаруа-тұрмыстық); иллюстративтік материалды анықтап қарау кезінде және т.б.
Басқа сөзбен айтқанда зерттеу әрекетті балардың қажеттетсінуінен, мотивіне ұйымдастырылады.
Осы кездегі педагогтың міндетті – балаға осы қажетсінуді түсінуіне көмектесу. Балалар өздері құбылыстың пайда болуының себептері туралы (сөйлем) болжамдарын, оларды тексеру амалдарын (қарапайым тәжірибе) жасаулары керек. Болжам шынайы өмір деңгейінде жасалуы керек.
Тәрбиеші жаңа эксперименттерді (өткен тәжірибеде орын алмаған) ұсынуы мүмкін, тек дайын түрінде беруге болмайды, өзінің түсінігі ретінде және « Егерде біз осылай істесек... онда нені білеміз?» деген балалардың ұсынысынан кейін ғана беріледі. Эксперименттеу балардың белсенді әрекеті ретінде ұйымдастырылады. Осындайда әр бала өзінің нені білгісі келетінін, қалай тексергенін , не болғаның, түсіндіре білуі керек. Эксперименттің нәтижесін схемалармен, суреттермен белгілеген жөн (кіші-орта топтарында тәрбиешінің көмегімен, ересек топтарында балалар өздері жасайды)
Ең үлкен мәселе осы бағытта оның жан-жақты танымдылығына дұрыс бағыттап, дамыту. Осы бөлмеге арналған әдістемелік нұсқаулар өте бай және толыққан, тәрбиешіге өз шығармашылығын жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
Осындай жолдар арқылы балаларда қоршаған ортаны зерттеуге деген қызығушылық қана қалыптасып қоймайды, сонымен қатар туындаған ситуациялардан шығуға арналғандербес жұмыстарға қажет,пайдалы ой- тұжырым дағдылары қалыптасады.
Жас зерттеуші бағдарламасының күнтізбелік жоспары
Р\с
Тақырыбы
Мақсаты
Сағат саны
Өткізілу мерзімі
Тәжірибелер
1
Түстер экологиясы
Ағаштарды күтуге оң сезімдерін жалғастыру.
Балаларға «қабақ» ұғымымын анықтату,ол ағашқа қандай қызмет көрсетеді. Ағашты сырт пішініне қарап оны тануға үйрету. Ағаштың жасы туралы түсіндіру
2
«Табиғи лупа»
2
Үйде жасалатын зерттеулер
Балаларға тәжірибелерді еске сақтауға жетілдіру. Қарапайым тәжірибелерді үйде ата-аналарының басшылығымен орындауға тәрбиелеу.
2
Су асты кемесі 1
3
Өлі табиғат
Өлі табиғатқа деген көзқарастын, құбылыстары мен объектілерін экологияларық қалыпты жағдай жүйелеу және тереңдету
2
Батады-батпайды
4
Сиқырлы электр
Электр туралы білімдерін жалпылау. Электрдің қайда «тұратынын» білімдерін кеңейту және ол адамға қандай көмек көрсететіні туралы түсіндіру, статикалық электрдің пайда болу себебімен таныстыру. Электр құралдарың қолдануда қауіпсіздік сақтау ережелерін бекіту
2
Электр зарядтары туралы ұғым
5
Үш желдің патшалығы
Балаларды табиғат құбылыстарының біртүрі-желмен таныстыру, адам өміріндегі алатын орны және оның қасиеттері туралы білімдерін кеңейту.
2
Жел қайдан пайда болады
6
Күз алтынын түсіреді
Табиғатта маусымдық өзгерістер туралы балалардың білімдерін және көзқарастарын қалыптастыру
2
Су асты кемесі 2
7
Тірі табиғат
Бала табиғат әлеміңінің бірбөлігі екен сезімін қалыптастыру. Тірі табиғаттың физикалық жағына қызығушылықтарын арттыру
2
Лотос гүлдері
8
Нан бізге қайдан келеді
Балаларға нан адам тамақтануында күнделікті азық мөлшері екені жөнінде түсінік беру. Нан қайдан келетінің, оны қалай дайындайтыны, кім оны өсіреді және пісіретіні туралы әңгімелеп айту. Үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу
2
Ұн неге түйіршектеліп қалады?
9
Орман және біз
Орман түрлерімен таныстыру, орманда жүру тәртібін бекіту, табиғат әлемі туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруына тәрбиелеу.
2
Екеулеп көңілдірек
10
Орман тұрғындары көмек сұрайды
Адам мен табиғаттың байланысың бөлінбейтіні туралы ұғымдары қалыпастыру. Балаларды жабайы жануарлармен және олардың тіршілік ету үшін жануарлардың әдеттерімен таныстыруды жалғастыру
2
Тордағы құс
11
Жануарлар неге құриды?
Балаларға табиғаттың әртүрлілігі туралы мәлімет беруді жалғастыру, кейбір жануарлардың қырылуы туралы негізгі мәлімет беру, қорғауды қажет ететін жануарларды атау, олары не үшін қорғау керектігін түсіндіру.
2
12
Қысқы орманға саяхат
Қоршаған ортаға деген сезімдерін тереңдету. Жыл мезгіліне байланысты орман ерекшеліктерін атау.
2
13
Сиқырлы су
Балаларды судың қасиеттерімен таныстыру: судың өзіндік пішіні жоқ, ағымдағы, су заттарды ерітеді. Балаларға суды неге кей кезде тазартып отыру қажеттілігін түсіндіру. Зертханалық тәжірибелер жасау кезінде зерттеу дағдыларын дамыту, шыны және мөлдір ыдыспен жұмыс жасау дағдысын бекіту. Таныс емес ертінділермен жұмыс жасауын бекіту, зерттеу кезінде тиісті қауіпсіздік ережелерін сақтануын қадағалау.
2
«бұлт жасаймыз»,
«Судың сіңіруі»
14
Біздің айналамыздағы әлем
Қоршаған материалдық дүние туралы ұсыныстардың жүйесін құрастыру. Жеке құбылыстар және қоршағанортасы табандатқан гармониялық қабылдауға қалыптастырылған қоршаған орта объектілері туралы балардың өнер-білімін кеңейтіп тереңдету
2
15
Кереметке толы қысқы орман
Балаларды қысқы пейзажбен таныстыруды жалғастыру, ауа райының қай мезгілде болмасын ғажайып екенін көрсету, эстетикалық қабылдауын дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін артыру
16
Жануарлар мен құстар қалай қыстайды
Жануарлар мен құстар тіршілігі туралы түсініктерін бекіту
2
17
Сумен тәжірибелер
Судың пайдасы туралы білімдерін бекіту, сумен жасалатын тәжірибелерді зерттеу, зерттеу нәтижесін дәлелдей алуға үйрету.
2
Қолды сулап алмай судан тиынды қалай алып шығуа болады? Судан құрғақ қалай шығуға болады?
18
Табиғи материалдар және оның қасиеттері
Табиғи материалдар туралы білім беру. Металл және оның түрлері туралы мағлұмат беру. Қазақстан жерінің табиғат байлығына мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
2
19
Табиғи материалдар және оның қасиеттері
Табиғи материалдармен таныстыруы жалғастыру. Жүннің , түйе шудасының пайдасы туралы, былғары және оның шығу тегі, пайдасы туралы білім беру. Әр түрлі аттарды санына қарай теңестіруге үйрету.
2
20
Таза және ластанған ауа
Өсімдіктердің біздің өміріміздегі орны мен олар ауаның тазартылуына қалай әсер ететіні жайлы және адам денсаулығына қалай ықпал ететіні туралы түсінік беру. Ауаны ластайын факторларға теріс қатынасты тәрбиелеу.
2
21
Пайдалы қазбалар
Балалардың пайдалы азбалар және олардың қасиеті туралы білімдерін кеңейтіп, бекіту. Жауапты дұрыс беруге тәрбиелеу.
2
Магнитті сынау
22
Су адам өмірінде
Адам өміріндегі су туралы білімдерін жетілдіру. Су өмір көзі, адам өмірін және денсаулығын қамтамассыз етуін сүйемелдеулері үшін қажетті судың қасиеті, мөлдір, түссіз, иісі жоқ, еріткіш, үш күйде кездеседі: қатты(қар,мұз), сұйық, газ түрінде - бу
2
Судың қасиеттері
23
Магнит және оның қасиеттері. Магнитті сынау
Балаларды магниттің кейбір заттарға тартқыш қасиеті бар екенін түсіндіріп, таныстыру. Балалрды тәжірибе қоюға пәндік – тізбек моделін құрастыруға үйрету. Маңызды белгілердің негізінде кең таралған материалдарды тұрмыс –салттарда танып біліп және бұл туралы айтуға үйрету.
Магнитті сынау
24
Ұқыпты үй шаруасы болып өсеміз
Адамға су және электрсіз өмір сүру мүмкін емес екенін түсіндіру. Су мен электрді үнемдеп отыру қажеттілігін түсіндіру.
1
Билеп тұрған фольга. Киімдегі электр.
25
Бәйшешек
Балалардың жыл мезгілі көктем туралы түсініктерін кеңейту. Көктемнің алғашқы құбылыстары туралы түсінік беру.
2
Мұзбен тәжірибелер
26
Көктем келді
Балалардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін дамыту, бала мүмкіндіктерінің толық іске асырылуы үшін керекті шартты жасау, көктемдегі құбылыстар туралы ұсынысын жалпылау
2
27
Жел қалай үрлейді?
Балаларды табиғат құбылысы желмен таныстыру.
2
Желдеткішпен тәжірибелер
28
Ауамен тәжірибелер
Балаларға ауамен жасалатын тәжірибелерді жасату, тәжірибелерді жасату, тәжірибе барысында қортындысын дәлелдей білуге тәрбиелеу
2
29
Күн және ғаламшар
Ғарыш кеңістігіне қызығушылықтарын, ғарышкер мамандығы туралы білімдерін арттыру. Мамандық иесін құрметтеуге тәрбиелеу. Елестету мен қиялын дамыту.
30
Жәндіктердің жандануы
Көктем мезгелінің құбылыстарымен таныстыруды жалғастыру, оның ішінде жәндіктердің жандануы туралы мәлімет беру. Табиғи лупа жасап, жәндіктерді өздері істеген өқ
2
31
Балаларды топырақпен таныстырамыз
Топырақта ауа бар екенің көрсету, топырақты таптау барысында жер асты мекендеушілердің тіршілік етуі қиындайтыны туралы түсіндіру. Балаларға демалыстағы мінез- құлықтың ережелерін сақтауға, өз алдында қажеттілік туралы бір қортындыға келуге көмектесу
2
Топырақтың құрамын зерттеу
32
Құм және саз
Балалардың ең танмал пайдалы қазбалар-құм және сазбен таныстыру, олардың басты қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру. Салыстырып, талдап, қорытынды жасайтын дербес зерттеу жұмысының дағдыларын жетілдіру.
2
Құм және сазға жасалатын тәжірибелер
Барлығы
64 сағат
Қорытыңды
Мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтарының қалыптасуының ерекшеліктерін зерттей келе мектепке дейінгі ересек баланың жасы-танымдық қажеттеліктерді дамытудың сензитивті кезеңі екені анықталды. Сол себепті танымдық қызығушылықты дәл уақытында және дұрыс затпен қамтамассыз ету, оларды ынталандыру және балалардың барлық әрекет аймақтарында дамыту керек. Таным қызығушылығы жақсы оқудың және жалпы тиімді оқу әрекеттерінің негізін қалайды. Таным қызығушылығы дидактикада бөліп көрсетілген дәстүрлі үш оқыту процессі қызметінің барлығын қамтиды: оқыту, дамыту, тәрбиелеу.
Таным қызығушылығының арқасында білімнің өзі және оны меңгеру процессі ой -өрісті дамытудың қозғаушы күші және тұлғаны тәрбиелеуде маңызды фактор екені дәлелденіп отыр. Бала өзінә зерттеу әрекеті барысында біздің шектеуімізді ұнатпайды өйткені, бұл оның құрамы, барлық жас кезеңдеріңде ерте байқалып маңызды ерекшелігі болып қалады . Жеке тұлғалық дамытудың ең жақсы тәсілі, жоғары ой- өрістің кепілі бұл әлемге деген шынайы қызығушылық пен таным әректінде пайда болуы яғни, бір нәрсені үйрену үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға ұмтылуында.
Балаларының танымдық дамуының негізгі міндеттері мен бағыттары болып:
Бала есінің, баланың дүние туралы ойын толықтырылатын, оны кейбір қарапайым түсініктерді түсінуіне дайындайтын (уақыт, белгі, белгілік жүйелер) жаңа мазмұнмен байытылуы.
Балаларды кейбір нақты белгілермен таныстыру ( әріп, сан, жол белгілері, ноталар), рәміздер (ту, герб), белгілік жүйелермен( алфавит).
Іс жүзінде балада жыл бойында алған белгілер туралы,белгілер жүйесі туралы ақпаратын бекіту және кеңейту.
Кейбір нақты тарихи дәйектер арқылы балада адамның жинаған тәжірибесіне қызығушылық тудыру. Балаланың өз тәжірибесін басшылыққа ала отырып, оларда берік қызығушылық қалыптастыру.
Үйренуге деген ниет, уақытты түсіне білуге және оны айыра білуді қалыптастыру.
Жинақталған және алынған ақпаратты логикалық операциялар арқылы жүйелендіру( талдау, салыстыру, жалпылау, жіктеу).
Әрі қарай ақпарат жинақтауға ұмтылу ( жеке дәйектер, ақпараттар)және қайтадан жаңа жиналған ақпаратты реттеуге дайын болу, көлемді блоктарға жүйелендіру ( үй және жабайы жануарлар, үй және дала өсімдіктері).
Балада әлемге деген қамқорлық пен тудырушылық қатынасты қалыптастыру