Просмотр содержимого документа
«"Жемістер мен көкөністер"»
«Тауыпкөр» ойыны. Балалар, мына коробканың ішіне әртүрлі жеміс-жидектер бар, соларды көздеріңді жұмыс алып, не екенін тауып, ағылшынша атауын айтасыңдар.
Қорытынды.
Бүгінгі сабағымызды қорыта келе, жемістер мен көкөністерді бөлек себеттерге салып қоюмыз керек.
Оқушыларға алдын-ала клей, қайшы беріледі.
Тапсырма:
Екі корзина суретте берілген. Жемістерді қырқып, жеміс корзинасына, көкөністерді қырқып көкөніс корзинасына салу керек.
Балаларды бағалау.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 15.11.16
Тобы: ортаңғы «Балдәурен» тобы
Оқытушы: Калиева Г.К.
Білім беру саласы: Коммуникация
Білім бөлімі: Ағылшын тілі Тақырыбы: «Fruits and vegetables» Мақсаты: Балаларға жемістер мен көкөністер туралы білім бере отырып
жеміс жидек атауларын, сөздік қорларын молайту, тілдерін байыту, ойын жинақтап жүйелі сөйлеуге үйрету, балалардың өз ойларын ашық айта білуге, суреттеп жеткізуге дағдыландыру.
Билингвалдық компоненттері: a tomato- қызанақ-марковь
A cabbage- орамжапырақ-капуста
A potato- жертоқаш- картошка
A carrot- сәбіз-марковь
A cucumber- қияр-огурцы
An apple- алма-яблоко
A banana- банан-банан
A lemon- лимон-лимон
Көрнекіліктері: жемістер мен көкөністер бейнеленген слайд, үлестірмелі материал Мотивациялық-қозғаушы кезең:
- Good morning children! - Good morning teacher! - Қане балалар келген қонақтармен амандасайық! - Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық.
Шаттық шеңбері: Күзде жапырақ түседі,
Жеміс-жидек піседі.
Қамба астыққа толады,
Күзде байлық болады.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақты шешу арқылы біз бүгінгі өткізілетін ашық сабағымыздың тақырыбын тауып аламыз.
Дайынсыңдар ма?
Іші толған шәрбат
Дәмі қандай айбат
Үзесің бірден жүзін
Оның аты…… /жүзім/
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. /алма/
Көкпеңбек еді көктемде
Қызарды күз жеткенде. /қызанақ/
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады. /пияз немесе жуа/
Сонымен, балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбы «Fruits and vegetables» деп аталады. Жемістер бақшада яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі. Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар. Жалпы жемістер мен көкөністер біріншіден дәрумен берсе, екіншіден тағам ретінде, ал үшіншіден дастарханға сән ретінде қоя аламыз.
- How is your mood? - Good! - Children what season is it now? - It is Autumn! - How many monthes in Autumn ? - Three! - Балалар, күз мезгілінде неше ай бар? Қане атап өтейік - September, Oktober, November. - Жарайсыңдар балалар.
Қонаққа күз ханшайымы келеді.
-Hello children!
I’m a grandmother came from the village.
Teacher
-Welcome to autumn princess, be our quest
Sit down please
Autumn princess
-Thank you!
Who will tell me poems?
Fall is fun,
I like to run.
I see the sun,
Fall is fun.-Тұмар
Down, down,
Yellow and broun.
The leaves are falling,
Over the town!-Ақерке
Two big apples,
Under a tree.
One is for you,
And ones for me.-Әли
Cherries, cherries
Rudy red
Want to try one?
Go ahead.
Іздену-ұйымдастырушылық кезең:
-Cуретте нені көріп тұрсыңдар?
-Жемістер, көкөністер
-Ағылшынша Fruits and vegetables
Today we learn some new words. Оқытушы интерактивті тақтадан суреттерді көрсетеді, оқушылар қайталайды: a tomato- қызанақ-марковь
A cabbage- орамжапырақ-капуста
A potato- жертоқаш- картошка
A carrot- сәбіз-марковь
A cucumber- қияр-огурцы
An apple- алма-яблоко
A banana- банан-банан
A lemon- лимон-лимон
Сергіту сәті «Clap your hands» ойыны
Ойын “Тауып көр”
Балалар, мына коробканың ішіне әртүрлі жеміс-жидектер бар, соларды көздеріңді жұмыс алып, не екенін тауып, ағылшынша атауын айтасыңдар.
Рефлексивті-түзетуші кезең: Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер.Олай болса, бүгінгі Fruits and vegetables тақырыбын жақсы меңгердіңдер деп ойлаймын,жарайсыңдар.
Goodbye, goodbye dear guests ! Белсенді қатысқан балаларды мақтап мадақтау! Қоштасу