Жаңа сабақ: Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Жердегі өмір» деп аталады. Жер бетінде адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер тіршілік етеді. Олардың әрқайсының өмір сүру ортасы ерекше болады. Мысалы жан-жануарлардың өздері суық жерде мекендейтін, суда мекен ететін, ыстық жерде мекен ететін болып бөлінсе, өсімдіктер де сол секілді әртүрлі жерді мекен ететін, сонымен қатар ағашта өсетін, бұталарда өсетін, жердің астында өсетін болып бөлінеді. Мысалы картоп жердің астында өссе, алма ағашта өсед, таңқурай бұталарда өседі. Банан ыстық жақта өсетін жеміс. Жануарлар да осылай өмір сүреді екен.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп – теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Білім-білік дағдысын қалыптастыру:
Мультикидпен жұмыс
Балаға мультикид кешені арқылы жердегі өмір тақырыбы бойынша тапсырмаларды орындату
Ұсақ моториканы дамыту
Баланың ұсақ моторикасын жетілдіру мақсатында жемістердің суретін бояту