Просмотр содержимого документа
«Жинақ "Дидактикалық ойындар арқылы балалардың ой-өрісін жетілдіру"»
Жаттығу «Алақанға шапалақтау».
Мақсаты: Зейінін аудару қабілетін дамыту , ой-өрісін және таным қабілеттерін кеңейту.
Нұсқаулық. Сөздер тізбегін естігенде алақанға шапалақтау :
А) «құс» сөзі
Б) құс атауы
С) «құс» сөзі не құс атауы
Жаттығу «Айырмасын тап».
Мақсаты: зейінін шоғырлауын, ұсақ моторикасын дамыту, ой-өрісін кеңейту
Нұсқаулық. Бірнеше суреттерді мұқият қарау (біреуі боялған, екіншісі боялмаған).
А) барлық айырманы табу.
Б) екінші суретті біріншідей бояу
С) барлық айырманы табу, екінші суретті біріншідей бояу
Жаттығу «Әріпті қуып жет».
Мақсаты : зейінін тұрақтануын, ұсақ моторикасын дамыту.
Нұсқаулық. Берілген мәтіннен сызу.
А) барлық О әріпін
Б) барлық О және Аәріптерін
С) барлық Оәрпін сызу, ал А әрпінің астын сызу
Ескерту: мәтін мұғалім қалауы бойынша алынады.
Зейін көлемін дамыту жаттығулары
1 сынып. Жаттығу «Нүкте».
Мақсаты : зейін көлемін, көру қабілетін дамыту
Нұсқаулық. Текшелі кестені 1-3 сек. қарау.Сосын сол нүктелерді өзінің бос кестесіне дәл сондай етіп қойып шығуға тырысу.
А) В)
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
С)
*
*
*
*
*
*
*
*
Зейінін бөлуін дамыту жаттығулары.
Жаттығу «Тыңда және сана».
Мақсаты : зейінін бөлуін, көру қабілетін дамыту, сөздік қорын толықтыру.
Нұсқаулық . Мұғалім дауыстап шағын сөйлем не мәтін оқиды, оқылым үстелді қарындашпен ұрып отырумен сүйемелденеді.Бала сөйлемді не мәтінді есте сақтап, тықыр санын санайды.
А) Ауада ақша қарлар қалықтап тұрды.
Б) Қыста күндер тамаша! Ұлпа қар жер бетін жапқан.
С) Аяз сықырлап тұр.Орманда тыныштық. Тек тоқылдақтар теректі ұрғылап жатыр.
Зейінін шоғырландыру және тұрақтандыру жаттығулары.
1 сынып. Жаттығу «Сызықты ажырат».
Мақсаты : зейінін шоғырлануын және тұрақтануын , көру қабілетін дамыту.
Нұсқаулық. Әр сызыққа басынан аяғына дейін қарап шығу. Қаламды, қарындашты не саусақты қолдануға болмайды. Сызыққа тек көзбен ғана қарауға болады.
А) 1 1
2 2
3 3
4 4
5 5
Б)1 А
2 В
3 С
4 Д
5 Е
6 F
С) 1
2
3
4
5
Жадын дамыту және түзету жаттығулары
Қысқамерзімді жадын дамыту жаттығулары
Жаттығу «Кесте»
Мақсаты : қысқамерзімді жадын дамыту.
Нұсқаулық: кестені қарап, есіңе сақта. Дәл сондай кесте толтыр.
А)
1
4
2
В)
1
7
2
4
C)
1
5
9
2
7
Жаттығу «Сөздер ойыны».
Мақсаты : қысқамерзімді жадын дамыту.
Нұсқаулық.Мұғалім сөз атайды, балалар оны естеріне сақтап, жазады.
А) сол, сот, соқа
В) сол, сот, соқа, сопақ
С) сол, сот, соқа, сопақ, солақай
.Ұзақмерзімді жадын дамыту жаттығулары.
Жаттығу .«Зообақта қыдырамыз»
Мақсаты: ұзақмерзімді жадын дамыту .
Ойын сюжеттік суреттермен жүргізіледі.Алдымен мұғалім оқушыларға зообақта көруге болатын аңдарды естеріне салды, олардың суреттерін көрсетеді, сосын сабақты жүргізеді.
Нұсқаулық.Көздерін жұмып, өздерін зообақта жүргендей елестеді. Мұғалім аңдарды атайды, ал балалар мұғалім атамаған аңдарды айтады. .
А) итбалық, бұғы, қой, жолбарыс, қалтырауын
В) итбалық, бұғы, қой
С) итбалық, бұғы
.Логикалық жадын дамыту жаттығулары.
Жаттығу « Жарты әріп».
Мақсаты :логикалық, көру жадын, ұсақ моторикасын дамыту .
Нұсқаулық . Кеспеге «жарты әріптерді» жазу.
А) В ) С)
Жаттығу « Есте сақта және құрастыр».
Мақсаты :логикалық жадын, ойлауын, ұсақ моторикасын дамыту.
Нұсқаулық . 10 секундтай (П) әрпін көрсетеді .
А) жады бойынша жазу;
В)сіріңкеден қою ;
С) П дан Н шығатындай таяқшаның орнын ауыстыр.
Жаттығу « Еске түсірші».
Мақсаты : логикалық жадын, бейнелі ойлауын дамыту.
Нұсқаулық. Еске түсір және ата.
А) қай әріптерде С (С,Х,Ж) элементтері кездеседі;
В)2 бірдей элементтен тұратын әріптер (Л иХ);
С) екі ұзын және бір қысқа таяқшадан тұратын әріптер (И,Н,А,П).
.
Механикалық жадын дамыту жаттығулары .
Мақсаты: механикалық жадын, ұсақ моторикасын, көру жадын, ойлауын, зейінін, қиялын, ұқыптылығын дамыту, көзбен өлшеуін қалыптастыру
Жаттығу «Әріптер».
Мақсаты : механикалық жадын, ұқыптылығын, зейінін дамыту.
Нұсқаулық . Тақтада әріптер жазылған:
Х,Қ,Ж,Ү,М,Ө,
С,О,Ұ,Ы,З,Ғ,
А) бірінші және соңғы әріпті ата.
В) тек дауыстыларды ата (дауыссыздарды).
С) бәрін рет бойынша ата.
Жаттығу «Барлаушылар мектебі».
Мақсаты :механикалық және көру жадын,қиялын, ұсақ моторикасын дамыту.
Нұсқаулық . Плакатта бейнелер
1 2 3 4 5
А) фигуралар дененің қандай бөліктерінен тұрады ?
В) қолдары көтерілген адамдар нешеу? Нешінші нөмерлі ?
С) біркелкілер болды ма? Нешінші нөмерлі ?
Заттардың белгілерін айыруға арналған жаттығулар
Мақсаты : логикалық ойлауын дамыту, заттардың бар белгілерін айыра алуға қалыптастыру.