Просмотр содержимого документа
«Жоба:"Күз бізде қонақта"»
Жоба тақырыбы: «Күз бізде қонақта»
Өтетін мерзімі:16.10.2017ж-28.10.2017ж
Жобаның түрі: Танымдық-шығармашылық
Балалар жасы:3-4 жас
Жобаға қатысушылар: «Балапан» тобының тәрбиешілері, 2-ші сәбилер тобының балалары, ата-аналар.
Мақсаты:Лексикалық тақырыптар бойынша балалардың білімін толықтыру және байыту, «Күз», «Көкөністер», «Жемістер» тақырыптары бойынша білімдерін кеңейту.
Тапсырмалар:
-Күздің белілері мен құбылыстары туралы білімдерін кеңейту
-Суреттері қарау арқылы, диалог құрыу арқылы тілдерін дамыту.
-Жеңіл әндер, сюжетті ойындар арқылы рөлге енуге .йрету. Бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін ояту.
-Шағын өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.
-Сурет арқылы табиғат сұлулығын беру.Эстетикалық қабылдауларын дамыту
-Ән айту барысында көркем орындауға дайынындау.
Жобаның өзектілігі:Ерте кезден адам баласы жалпы табиғат ананы зерттеумен келеді. Бұрынғы кезі табиғат ананың кейбір құбылыстарын түсіндіріп бере алмаған.Осы күнге дейін күз мерекесін тойлау рәсімі сақталып келеді.Басқа елдерге қарағанда жылына 4 мезгілді кезекпен көрседе, өз туған өлкесінің құбылысын балалар түсіне бермейді.3-4 жастағы балалар табиғатты жақсы көре біледі, бирақ олардың өмірлік тәжәрибесі түсіне білуге аз.Табиғат құбылысында болатын өзгерістерден бейхабар.Өздерін толғандыратын «Құстар неге ұшып кетеді?», «Жапырақтар неге сарғаяды?», «Жәндіктер қыста қайда болады?» деген сұрақтарға жауап бере алмайды.Олар өте білуге құмар, сондықтан тәрбиешілер балаларды табиғатпен тереңірек таныстырумен қатар «Күз» мезгіліне танымдық- зерттеу жүргізуді жөн көрдік.
Жобаның іске асу жоспары:
Дайындық кезеңі:
-Тәрбиеші: Сабақтар үшін қажетті материялдар,әңгімелер, ойындар дайындау
-Ата-аналармен бірлесіп: көрмеге суреттер дайындау, «күз» тақырыбына өлеңдер жаттау және күз тақырыбнда көрмеге бұйымдар жасау, балабақша өміріне белсене қатысу туралы әңгіме жүргізу.
-«Күз –береке -бастауы» атты тақырыбына сурет салу.
Негізгі кезең: Жобаның іске асуы (кесте)
Апта күндері
Әр түрлі балалардың іс шараларын ұйымдастыру процесінде білім беру қызметі
Режимдік сәттерде өткізілетін білім беру қызметі
Балалардың өзіндік әрекеттірі
Ата-ана және тәрбиеші қарым қатынасы
Дүйсенбі
«Күзгі орманда» әңгіме жүргізу
Балабақша алаңына экскурсия жасау
«Күзгі салат» ойынын ойнау
Күзгі өзгерістерді баламан бақылауға кеңес беру
Сейсенбі
«Күзгі ағаш» топтық жұмыс ажапсыру
Балабақша ауласындағы бақшаға саяхат. «Жемістер туралы жұмбақтар»
«Бір қап алма» мультфилімін көру
Күзгі жапырақтар жинау баламен. «Күзгі құбылыстарды бақылау»
Сәрсенбі
д/о: «Көкөніспе жеміспе»
Жемістер туралы тақпақтар жаттау
«Шалқан» ертегісін рөлге бөліп ойнау
«Күз –береке бастауы» тақырыбына сурет салу баламан бірлесіп
бейсенбі
«Қоянмен бірге орманға саяхат» әңгіме жүргізу
«Қызанақ пен сәбіз» аппликация
Саусақ ойыны: «Жапырақтар жерге түсті»
Балалармен бірге күз мезгіліне арналған тақпақтар жаттауға кеңес беру.
жұма
Ғабиден Қожахмет «Күз әуені» өлеіңн оқу
«Жемісті алтын күз» ертеңгілігіне дайындық
Ойын: «Не жоғалды?»
Ата-аналармен бірлесіп табиғат материялдарынан жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастыру.
Қортынды кезең:
--«Күз –береке -бастауы» атты тақырыбына сурет салынған суреттерін байқауға жіберу.
-«Күз бізде қонақта» тақырыбында болатын көрмеге бұйымдарын қою.
Күтілетін нәтиже:
-Жоба тақырыбына сай барлық материялдар жинақталды.Тәрбиешілер мен балалар атқарылған жұмыстарына риза.
-Балалар көкөністер мен жеміс түрлерін біледі
-Ата-аналардың қызығушылығы оқу процесіне, балаларының шығармашылық дамуына арта түсті.