Просмотр содержимого документа
«Жыл мезгілдеріне арналған серуен»
Күз мезгілі.
1.Серуен- бақылау.
Тақырыбы: «Сары жапырақтар»
Мақсаты: Балалардың күз туралы түсініктерін қалыптастыру.Күздің құбылыстарымен таныстыру. Күздің құбылыстары: күннің суытуы, құстардың жылы жаққа ұшуы, жапырақтардың сарғайып, жерге түсуін түсіндіру. Ойлау қабілеттерін арттыру.
Серуен ұүралдары: сыпыртқы, күрекшелер, шелек.
Күз келді.
Ой, балалар, балалар, Қоңырқай күз келіпті.
Қурап жапырақ солыпты, Ел егінін орыпты.
Серуеннің барысы:
І. Бақылау: Балалармен таза ауаға серуенге шығу. Жыл мезгілі, ауа-райы жайлы әңгімелесу, бақылау.
ІІ. Сары алтындай сары күздің сары жапырақтарын балаларға жината отырып, сарғаюын түсіндіру.
Балалар қараңдаршы жапырақтың түсі қандай?
Неге олар сары түске өзгерді, қалай ойлайсыңдар?
Жапырақтар неге жерге түсіп жатыр?
ІІІ. Еңбек. Балалармен ойын алаңын жапырақтан тазалау, жапырақтарды сыпырып, қоқыс жәшігіне салу. Шашылған ұүмдарды құм салғышқа тәрбиешінің көмегімен салу.
Мақсаты:Балаларды еңбек сүйгіштікке, тазалыққа тәрбиелеу. Еңбектене білуге тәрбиелеу.
Мақсаты:Балаларды ойын ойнату арқылы қимыл-қозғалыстарын арттыру. Дене бітімдерін жетілдіру
2. Серуен- бақылау.
Тақырыбы: «Суық жел»
Мақсаты:Балаларды таза ауаға серуенге шығарып, табиғат құбылысы күзгі суық желдің бағытын лентамен анықтатып үйрету. Жазғы желмен күзгі желді салыстыру.
Серуеннің құралдары: сыпыртқы, күрекшелер.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Серуеннің барысы:
І. Бақылау: Балалармен таза ауаға серуенге шығу. Жыл мезгілі, ауа-райы жайлы әңгімелесу, бақылау.
ІІ.Жел туралы түсінік беру. Күзгі желмен жазғы желдің айырмашылығын түсіндіру.
Күзде қандай жел соғады екен?
Жылы жел қай кезде соғады?
Мына айналмаққа қараңдаршы, осы айналмақтың айналуына қарап желдің қай бағытта соғып тұрғанын анықтауға болады. (Айналмақпен желдің бағытын бақылау)
Жаңылтпаш
Қаштым қатты-ақ,
Ұшты қалпақ
Балақ сатпақ,
Аяқ батпақ.
ІІІ. Еңбек. Балалармен ойын алаңын жапырақтан тазалау, жапырақтарды сыпырып, қоқыс жәшігіне салу. Шашылған ұүмдарды құм салғышқа тәрбиешінің көмегімен салу.
Мақсаты:Балаларды еңбек сүйгіштікке, тазалыққа тәрбиелеу. Еңбектене білуге тәрбиелеу.
ІV.Қозғалмалы ойындар. «Қасқыр мен қояндар», «Апандағы аю»Мақсаты: Балаларды ойын ойнату арқылы қимыл-қозғалыстарын арттыру. Дене бітімдерін жетілдіру.
3. Серуен- бақылау.
Тақырыбы: «Бұлттарға бақылау жасау»
Мақсаты:Балаларға аспандағы бұлттарды бақылатқыза отырып, олардың неге ұқсайтындарын ажыратқызып, әңгімелесу.
Серуеннің барысы:
І. Бақылау: Бүгінгі ауа-райын, желдің бағытын бақылау. Жыл мезгілінің өзгерісін бақылату.
ІІ. – Балалар, аспанға қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?
Аспанда бұлттар бар, күн бар.
Бұлттардың түсі қандай болады екен?
Аспан ашық күндері бұлттар ақ болады, оларды ақша бұлттар деп атайды. Ал, жауынды күні бұлттардың түсі қара болады, ондай күнді – бұлтты күн деп атайды.
Ашық күні аспандағы бұлттарды әр түрлі бейнеге ұқсатуға болады, аспанға қараңдаршы бұлттар неге ұқсайды? (әр түрлі жануарларға ұқсатуға болатынын айту, ажырату.)
Мақсаты: Балалардың құбылыстар жайлы түсініктерін қалыптастыру. Құбылыстарды ажыратып, қимыл-қозғалыстарын, шапшаңдықтарын ажырату.
4. Серуен-саяхат.
Тақырыбы: «Балабақша ауласына саяхат»
Мақсаты:Балалармен балабақша ауласында мақсатты саяхат құру. Балаларды ойын алаңдарымен таныстыру, олардың ойын-әрекеттерін бақылау. Күз мезгілітжайлы әңгімелесу. Сөздік қорларын дамыту.
Серуеннің барысы:
І. Бүгінгі ауа-райын бақылау. Жыл мезгіліне байланысты кіріспе сұрақтарын қою.
ІІ. Бақша ауласында мақсатты серуен құру.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз айларын білесіңдер ме?
Қазір күздің қай айы?
Күз мезгілінде ауа райында қандай өзгерістер болады екен?
Жұмбақ.
Бұлттар төніп, Жерге төгіп,
Шөп сарғайып, Дала сұры қашады.
Бөбектерім айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады?
ІІІ. Ойын алаңын қоқыстан тазарту.
Мақаты: Балаларды еңбек етуге үйрету. Тазалыққа тәрбиелеу.
ІV. Қ\О «Арқан тарту»
Мақсаты: Балалардың қимыл-қозғалыстарын арттыру, бұлшық еттерін жетілдіру, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.
5. Серуен- бақылау.
Тақырыбы: «Кішкентай бақылаушылар»
Мақсаты:Балаларды ауа райын бақылап әңгімелей алуға үйрету. Салыстыру, бақылау, байқау қабілеттерін дамыту.
Серуеннің барысы:
І. Бақылау:
ІІ. Ауа райына назарларын аудару.
Бүгін ауа райы қандай?
Кешегі ауа райы қандай болып еді?
Күн ашық па, қандай болып еді?
Жел бар ма?
Бұлт-ау көктен төнесің,
Қайдан көшіп келесің?
Теңіз жақтан келемін,
Жел үрлесе желемін.
ІІІ. Ойын алаңындағы жапырақтарды сыпыру.
Мақсаты: Балаларды бірлелсіп еңбек етуге үйрету. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
ІV. Қ/О «Апандағы аю», «Толқиды теңіз».
Мақсаты: Ойын шартын бұзбау тату ойнауға тәрбиелеу.
6.Серуен-тамашалау
Тақырыбы: «Табиғат неткен тамаша!»
Мақсаты: Балабақша айналасындағы ең көрікті жерді таңдап, баұылау жасау. Табиғаттың сұлу көркіне балалардың қызығушылығын арттыру. Бақылау, әңгімелеу дағдыларын жетілдіру. Табиғат байлығын қорғауға тәрбиелеу.
Серуеннің барысы:
І. Бүгінгі ауа райын бақылау. Жыл мезгіліне байланысты сұрақтар қою.
ІІ. Табиғат неткен тамаша,
Қызыға мен қараймын,
Табиғаттан жаралдым,
Табиғаттан нәр алған,
Табиғатқа бас ием!
Күз мезгілінің ерекшелігін бақылдап, сұлулығын әңгімелеп, табиғат көркін тамалашату.
Айнала қандай?
Неге алтынға теңейді?
Сендерге күзгі табиғат несімен ұнайды?
ІІІ. Қ/О «Ақ серек, көк серек», «Тышқан мен мысық» .
Мақсаты: Балалрдың күз туралы білімдерін жетілдіру, қорытындылау. Күздің сыйларын қайталау, есте сақтауларын, тілдерін дамыту. Табиғаттың әр құбылысынан әсемдікті көруге тәрбиелеу.
Серуеннің барысы:
І. Ауа райын бақылау.
- Жыл мезгілі қандай?
- Бүгінгі ауа райы қандай?
- Күн қандай? (күн ашық немесе бұлтты)
ІІ. Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды.
Бұл не деп ойлайсыңдар? (балалар ойланады, әр түрлі жауаптар айтуы мүмкін)
Бұл жапырақ.
Күзде жапырақтардың түстері қандай болады екен?
Жел соқса жапырақтар қайтеді?
ІІІ. Қ/О «Ақ серек, көк серек».
Мақсаты: ұжымдық ойынға тәрбиелеу. Балалардың өз қалаулары бойынша ойындар ойнау. Киімдерін қағып, саппен топқа оралу.
ІV. Ойын алаңынан әдемі жапырақтарды жинау. Одан әр түрлі бейнелер жасауға болатынын айту.
Мақсаты: Балаларға қыс туралы түсінік беру жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға көргендерін дұрыс айта білуге үйрету. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге тәрбиелеу.
Серуеннің барысы:
І. Балаларды серуенге шығарып, ауа-райына назарларын аудару.
- Бүгін қыстың бірінші күні.
- Ауа-райы қандай?
- Қыста адамдар қалай киінеді?
- Қыстап қалған құстарды атаңдаршы.?
ІІ. Балалар мына жұмбақты шешіп көріңдерші.
Жұмбақ.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз – болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады. (Қыс)
Дұрыс шештіңдер, ия бізде қыс мезгілі басталды, енді көп қар жауатын болды.
ІІІ. Қ/О «Қуаласпақ», «Соқыр теке»
Мақсаты: Ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, көңіл-күйлерін көтеру.
ІV. Ойын алаңынан қарларды жинау. Одан әр түрлі бейнелер жасауға болатынын айту.
Мақсаты: Еңбек етуге, істеген ісін аяғына дейін жеткізуге үйрету.Достыққа тәрбиелеу.
2. Серуен-бақылау
Тақырыбы: «Ағаштарды бақылау»
Мақсаты: Қыс мезгілінің түсуімен ағаштарды қырау басқанын қыс бойы ағаштар демалып, көктем мезгілінде оянатынын, тек шырша ағашы ғана ешбір өзгеріссіз сол қалпында қалатынын түсіндіру, тілдік қорын дамыту.
Серуеннің барысы:
І. Балаларды бақша ауласына саяхатқа шығару. Балабақша маңындағы ағаштарды бақылау.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын атаңдаршы.
- Бүгін ауа-райы қандай?
- Ағаштарға қараңдаршы, нені байқадыңдар?Ағаштарды қырау басты, ағаштар қыс бойы демалып, тек көктем мезгілінде оянады. Шырша ағашына қараңдаршы, түсі қандай? Жапырағы бар ма? т.б. Жұмбақ.
Жапырақсыз сидиып,
Жабырқаулы ағаш бар.
Көк шапанын жамыл
Құлпырады қай ағаш?
(Шырша)
Тікен-тікен тік пісте
Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)
ІІ. Ойын: «Үйректер мен аңшы», «Айгөлек» .
Мақсаты: Ойынға деген қызығушылықтарын,жылдамдықтарын арттыру, достыққа тәрбиелеу..
ІІІ. Ойын алаңын қоқыстан тазалау.
Мақсаты:Еңбек етуге дағдыландыру.Еңбексүйгіштікке, тазалыққа тәрбиелеу
3. Серуен-ізденіс
Тақырыбы: «Кішкентай із кесушілер»
Мақсаты: Қыстың негізі қар екенін түсіндіре келе қардың жылы жерде еритінін, суға айналатынын, оның жұмсақ, ұлпа қар деп аталатынын айту. Сондықтан қардың бетіне із түсетінін айтып, қар бетіндегі іздерді ажырату. Ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту. Денсаулықтарын сақтауға тәрбиелеу.
Серуеннің барысы:
І. Бүгінгі ауа-райын, қардың жапалақтап түсуіне бақылау жасау.
ІІ. - Дала аппақ, қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Ағаш та ақ, шатыр да ақ,
Бұның бәрі неге аппақ?, - деп балаларға ой тастау.
Қардың түсі ақ, ол жұмсақ болғандықтан «Ұлпа қар»деп аталады. Ол суық, әрі жылы жерде ериді. Қарды жалаңаш қолмен ұстамайды. Қар жұмсақ әрі жеңіл болғандықтан онда әртүрлі іздер қалады.
ІІІ. Д\О «Бұл ненің ізі?»
Қардаға құстардың,ит, мысықтың, т.б. іздерін салыстырып, ажырату.
Д\О «Бұл кімнің ізі?»
Енді өздерінің іздерін қарға салып, іздерді салыстырып, қандай екенін әңгімелеу.
ІV. Белгіленге жерге қарды күрекшелерімен күреп, үю. Аяқтарын, қолғаптарын қағып, сапқа тұрып топқа оралу.
4.Серуен-өнер
Тақырыбы: «Қылқалам шеберлері»
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің ерекшелігін әңгімелеу, айналадағы ағаштарға, ойын алаңындағы құмсалғышқа, т.б.бақылау жасату, олардың қыстағы көрінісін әңгімелеу. Қар бетіне қысқы орманның бейнесін бейнелету.
Серуеннің барысы:
І. Бүгінгі ауа-райын бақылау. Жыл мезгілі жайлы кіріспе сұрақтар қою.
ІІ. Жұмбақ
Қаптап түсіп,
Қатталып жатыр.
Қатталып жерде,
Тапталып жатыр. (Қар)
Қардың қасиетін әңгімелеу, «қарға із қалатынын білесіңдер» деп алып шыққан таяқшаларымен қар бетіне қысқы құбылыстардың бейнелерін салғызу. (Сурет салу кезінде әңгіме жүргізіп отыру).
ІІІ. Д\О «Дұрыс қайтала» Жаңылтпаш
«Боран болар, боран болар,
Боран борар, жол орар».
ІV. Белгіленге жерге қарды күрекшелерімен күреп, үю. Аяқтарын, қолғаптарын қағып, сапқа тұрып топқа оралу.
5.Серуен- ойлау.
Тақырыбы: «Қар қалай, қайдан пайда болды?»
Мақсаты: Қыс туралы түсініктерін кеңейту. Табиғат құбылысы, қар жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Серуеннің барысы:
І. Бүгінгі ауа-райын бақылап, желдің бағытын анықтап, бақылау жүргізу.
ІІ. Балаларға қар туралы ертегі айтып беру.
Бір күні кішкентай бұлт қыдыруға шығады. Күн суық болғандықтан ол тоңа бастайды. Оған өте қызықсыз болады. Бұлт тоңа бастайды да, суыққа шыдамай жылайды. Бір кезде көзінен аққан жас емес, басқа нәрсе екенін байқап, жылағанын қойып, анықтап қараса, олар әдемі қаршалар екен. Қаршалар өте кішкентай, аппақ, өте қызықты болып көрінді. Олар жерге қарай ұшып, әрқайсысы әр жерге қонып жатты: Бірі үйдің шатырына, бірі ағаштың бұтағына, бірі жерге, тіпті балалардың малақайына, қолдарына, кірпіктеріне, мұрынына да қонып жатты.
Қарлар қайдан шықты?
Олар қандай екен?
Бұлт неге жылады?
ІІІ. Қ\О «Ақшақарлар», «Көрші-көрші»
ІV. Белгіленге жерге қарды күрекшелерімен күреп, үю. Аяқтарын, қолғаптарын қағып, сапқа тұрып топқа оралу.
6.Серуен- достық.
Тақырыбы: «Шырша немен дос болады?»
Мақсаты: Балаларға ағаштар мен өсімдіктер арасындағы байланысты түсіндіру. Сурет арқылы көрсету. Ауладағы өсіп тұрған шыршаға қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қысқы орман, шырша суреті.
Серуеннің барысы:
І. Бүгінгі ауа-райын бақылап, желдің бағытын анықтап, бақылау жүргізу.
ІІ. – Балалар ауламызда не өсіп тұр?
Қандай ағаштар өсіп тұр?
Ағаштар қыста қандай болады?
Шырша не?
Аулада өсіп тұрған шыршаны көрсетуді өтіну. Суреттен ормандағы жануарларды көрсетіп, сұрақтар қою. Қоян шыршаның түбіне тығылады. Шыршаның бұтақтарындағы дәнмен құстар қоректенеді. Құстар ағаштардың басына ұя салады. Ендеше ауламызда өсіп келе жатқан кішкентай шыршаларға қамқор болайық.
ІІІ. Еңбек әрекеті.
Қарды күреп, ағаштардың астына үю.
ІV. Қ\О «Кім жылдам?»
Өз еріктерімен түрлі ойындар ойнау. Киімдерін қағып, саппен топқа қайту.
7.Серуен- сиқыр.
Тақырыбы: «Аппақ қардың, мөлдір суға айналуы»
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі жайлы түсінік беру. Табиғат сырын ашу. Денсалықтарын күтуге тәрбиелеу.
Серуеннің барысы:
І. Бүгінгі ауа-райын бақылау
ІІСиқыр.
Айналамыздағы ақ мамық, ұлпа қардың мөлдір суға айналуын тәжірибе арқылы көрсету. Қарды алып алақанға салып еруін бақылау. – Суды қайта қарға айналдыруға болама? Су қар болмайды, ол мұз боп қатады.Ол үшін суды қайда қоямыз, қалай ойлайсыңдар?
Аппақ, аппақ.
Аппақ, аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман маужыраған,
Қар жамылған түнгі аспан.
ІІІ. Еңбек әрекеті.
Мақсаты:Ойын алаңын қардан тазарту. Үлкендергі көмек көрсету. Ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
ІV. Қ\О «Апандағы аю»
Мақсаты: Балаларды ұйымшыл ойнату. Балалардың қимыл-қозғалыстарын арттыру, қол-аяқ бұлшықеттерін жетілдіру, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Достыққа тәрбиелеу.
8.Серуен- тәжірибе.
Тақырыбы: «Су, мұз, бу»
Мақсаты: Балалардың тәрірибесін жүйелеп, қардың үш түрге айналатынын түсіндіріп, тәжірибеде көрсету.
Серуеннің барысы:
І. Бүгінгі ауа-райын, желдің бағытын бақылау.
ІІ. Топтан ыдысқа құйып алып шыққан суды далаға қойып қою. Ал бір ыдысқа қар салып алу.
Су далаға суыққа шыққанда қандай болады деп ойлайсыңдар?
Ал, мына қарды топқа кірерде топқа алып кіреміз.
Қар қандай? (қар жұмсақ, мамық, суық)
Қар жылы жерде ериді, суға айналады. Су суықта мұз болып қатады. Осы қасиеттерге өздерің көз жеткізіңдер. Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр болып жатады.
ІІІ. Еңбек әрекеті. Ойын алаңын қарды күреп, ағаштардың түбіне үю. Алып шыққан судың мұзға айналғанына көз жеткізу. Қатқан мұзды, ыдысқа салып алған қарды алып, топқа қайту.
ІV. Қ\О «Тоңдырамын»
Мақсаты: Балаларды ұйымшыл ойнату. Ойын барысында тату ойнауға дағдыландыру.Достыққа тәрбиелеу.
Көңілді көктем.
1.Серуен- қуаныш.
Тақырыбы: «Алақай, көктем келді!»
Мақсаты: Көктем мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер жайлы түсінік беру, табиғат құбылыстарын бақылата отырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Серуеннің барысы:
І. Балаларды серуенге шығару. Сұрақтар қою:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын атаңдаршы.
- Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Көктем туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай-салаға толады,
Ағаш басы бүршік шашып,
Гүл бәйшешек толады.
Бөбектерім айтыңдаршы,бұл қай кезде болады?
ІІ. Ойын: «Ақ серек, көк серек», «Қуаласпақ»
Мақсаты: Балалардың қимыл-қозғалыстарын дамыту, ұлттық ойындарға қызығушылықтарын арттыру.
ІІІ. Еңбек әрекеті: Ауланың қарын күреу.
Мақсаты: Күрекшелерді дұрыс қолдана білуге үйрету, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
2.Серуен- қуаныш.
Тақырыбы: «Армысың ару көктем?!»
Мақсаты: Балаларға бүгінгі күн көктем мезгілінің алғашқы күні екенін түсіндіру. Көктем мезгілі жайлы алғашқы түсініктерді беру. Көктемнің ерекшеліктерін күнделікті бақылауды ескерту.
Серуеннің барысы:
І. Бүгінгі ауа-райын бақылау. Бүгінгі күнге ерекше көңілдерін аударту.
ІІ. Армысың ару, көктем?!
Армысың ару, көктем?!
Көкке біткен әнбісің,
Жерге біткен сәнбісің,
Алтын арай таңбысың?! –
Қош келіпсің армысың!
Бүгін Наурыздың бірі, яғни жыл мезгілі – көктемнің алғашқы күні. Осы күннен бастап күн өз жылуын бізге жақыннан төгеді. Күн біртіндеп жылына бастайды. Күн жылынған соң құстар да ауламызға көбірек кледі. Қар ериді. Ал осы көріністерді біз бір күнде байқамаймыз, оны күнделікті серуенге шыққан кезде бақылап көретін боламыз.
ІІІ. Еңбек әрекеті:
Өткен жұмада өздері жасап әкеліп ілген жемсауыттарын қардан тазалап, жем шашып қою.
Мақсаты: Балалардың құстарға деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдерін ояту.
ІV. Қ\О «Түлкі мен қоян»
Мақсаты: Шапшаңдықтарын арттыру, бір-біріне көмектесуді әдетке қалыптастыру.
Өз қалаулары бойынша түрлі ойындар ойнау. Ойын ережелерін бұзбай, тату ойнауға қалыптастыру.
3.Серуен- бақылау.
Тақырыбы: «Табиғаттың көктемге дайындығы»
Мақсаты: Балалардың жыл мзгілдері жайлы түсініктерін кеңейту, маусымдық ауысу ерекшеліктерін бақылату. Ойлау әрекеттерін, әңгімелеу, ойларын толық жеткізу қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Серуеннің барысы:
І. Бүгінгі ауа-райын бақылау. Желдің бағытын айналмақ арқылы бақылау.
Жыл мезгіліне байланысты кіріспе сұрақтар қою.
Жыл мезгілі қандай?
Көктем мезгілінде қандай өзгеріс болады?
Бүгін күн қандай? (күн ашық немесе күн бұлтты)
ІІ. Балаларды балабақша ауласында серуендету, айналаға назар аударту.
Балалар, айналаға қараңдаршы, не байқап тұрсыңдар?
Мына біздің ойнайтын алаңымыздағы қардың қаншалықты ерігендігін біліп отыру үшін мына таяқты мына жерге қадап қояйық. (ыңғайлы жерге таяқ қадап қою)
Бүгін қар таяқтың мына жерінен келіп тұр, осы жеріне белгі қояйық, күнде қар қай жерге дейін төмендегенін бақылап, байқайтын боламыз. Қар еріген соң жер батпақ болады. Күннің біртіндеп жылына бастағанын сеземіз. Біраз күннен соң ауламызға қонаққа құстар да келеді. Мына ағаштың басында ілінген ұялар да өз иелерін күтіп тұр. Осы тамаша көріністерді сендер де көретін боласыңдар
Құстар,құстар,
Әсем әнге салады.
Бау-бақшаны, далаларды
Шат көңілге бауриды.
ІІІ. Еңбек әрекеті:
Ойын алаңында мол батпақ болмас үшін қарды күреп, ағаштың түбіне үю. Киімдерін қағып, саппан топқа қайту.
ІV. Д\О «Бұл қай кезде болады?»
Мақсаты:Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін сипаттамалардан ажырату. Көктем мезгілінің қасиетті жайы түсініктерін қалыптастыру.
4.Серуен- әңгіме.
Тақырыбы: «Қар қандай күйде?»
Мақсаты: Күннің жылынғанынан қардың еритіні жайлы түсінік қалыптастыру.
Серуеннің барысы:
І. Бүгінгі ауа-райын бақылату. Айналадағы өзгерістерді бақылатып, әңгімелету.
ІІ. - Балалар қараңдаршы қарға не болған?
Ол неге суға айналды?
Неліктер қар еріп жатыр?
Өйткені жыл мезгілі көктем.
Көктем мезгілінің келгенін қалай білеміз? «балалрдың жауабын тыңдау, ойларын толықтыру)
Тақпақ айтқызу: Қар еріді, су ақты,
Күндер келді шуақты.
Байтақ дала келбетті,
Түкті кілем сияқты.
ІІІ. Еңбек әрекеті: Қораптардан құстарға жемсауыт жасап әкелу.
Мақсаты:Құстарды қуанышпен күту, оларға деген мейірімділік сезімдерін ояту.
ІV. Д\О «Жылы - суық».
Мақсаты:Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ажыратуға,жылы, суық заттарды атауға үйрету.
Қ\О «Өз жұбыңды тап»
Мақсаты: Достыққа, жұбын қорғауға тәрбиелеу.
5.Серуен- жаңалық.
Тақырыбы: «Мұз жылайды»
Мақсаты: Балалардың бақылау әрекеттерін жалғастыру, қорытынды жасауға үйрету. Шатырда қатқан мұзды бақылату.
Серуеннің барысы:
І. Бүгінгі ауа-райын бақылату. Күннің түсуін бақылау. Айналадағы өзгерістерге назар аудару.
ІІ. Жұмбақ жасыру:
Инедей қадалып тұр шатырда,
Бұл не? (Шатырда қатқан мұз)
Осындай мұзды қайдан кездестіреміз?
Ол қайдан пайда болады?
Қыста шатырға жауған қар еріп төменге ағады, ол түнде күн суытқандықтан су аққан қалпы мұз боп қатады. Балабақшамыздың шатырындағы мұзды көрсету.
Жазда осындай мұз болама?
Қараңдаршы, мұздар жылап тұрғанға ұқсайды, неге олар жылап тұр?
Олардан не ағып тұр? (су ағып тұр)
Осындай мезгілде мұздың астына, яғни үйлердің жанынан жүруге болмайды. Мұз еріп жерге түседі. Өтіп бара жатқан адамның басына түссе, қайғылы жағдай болуы мүмкін. Сондықтан сендер де сақ болыңдар!
ІІІ. Еңбек әрекеті: Ойын ойнайтын веранданың ішін тазалау.
Мақсаты: Балалады тазалыққа, еңбекқорлыққа баулу.
ІV. Қ\О «Қақпа»
Мақсаты: Белгіленген нысана,а допты дәл кіргізу. Дәлдікке, мергендікке дағдыландыру.
6.Серуен- қамқорлық.
Тақырыбы: «Құстарға ұя жасау»
Мақсаты: Тәрбиешінің көмегімен құстарға ұя жасап ілу. Құстарға жем беру, күтіп-баптауға үйрету.Таби,атты қорғауға тәрбиелеу.
Серуеннің барысы:
І. Бүгінгі ауа-райын бақылату. Айналадағы өзгерістерге назар аудару.
ІІ. Қамқорлық.
Мақсаты: Балаларды құстарға қамқорлық жасауға үйрету.
Құстар келді.
Құстар менің достарым,
Құспен қызық аспаным.
Үйшік жасай білемін.
Ағаштарға ілемін.
ІІІ. Еңбек әрекеті: Ойын алаңын тазалау.
Мақсаты: Балалаға тәрбиешінің көмегімен ойын алаңын тазалауға үйрету. Үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету. Еңбектің нәтижесін көрсету.
ІV. Д\О «Бұл қай құс?»
Мақсаты: Балаладың ойлау қабілеттерін арттыру. Тілдік қорларын дамыту, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Құстардың тіршіліктерімен таныстыру, құстардың дыбыстауын үйрету.
7.Серуен- бақылау.
Тақырыбы: «Құстар ауламыздың қонағы»
Мақсаты: Көктемдегі құстардың көңіл күйіне назар аударту. Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Серуеннің барысы:
І. Бүгінгі ауа-райын бақылату. Кіріспе сұрақтарын қою.
ІІ. Балалардың назарын аулада жүрген құстарға аударту.
Тыңдаңдаршы, ненің дауысы естіледі?
Неге құстардың дауысы көңілді деп ойлайсыңдар?
Күн жылынып, жылы жақтан құстар, яғни достар келеді. Сондықтан олар көңілді.
Шалшық судың жанында торғай не істеп жүр?
Шалшық су қайдан пайда болды?
Құстардың көктемгі тіршілігі, көңіл күйі жайлы түсінік беру.
ІІІ. Еңбек әрекеті:
Үйден жасап әкелген жемсауыттарын ағашқа бойлар жететін жерге ілгізу.
Мақсаты:Аулада ұшып жүрген құстарға және ұшып келетін құстарды қуанышпен, қамқор сезіммен күту. Ұя жасап тақтайдан,
Талға апарып байладым.
Жыл құсының шаттанған,
Күттім қашан сайрауын.
ІV. Қ\О «Құстар мен мысық»
Мақсаты: Жануарлар мен құстардың арасындағы байланысты түсіндіру. Шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу.
8.Серуен- бақылау.
Тақырыбы: «Ұйқыдан оянған жәндіктер»
Мақсаты: Балаларға көктемнің алғашқы белгілермен таныстыру. Көктем мезгілінде бүкіл табиғат оянады, өзгереді.Табиғатпен бірге әр түрлі жәндіктер де оянады.
Серуеннің барысы:
І. Балаларды киіндіріп серуенге шығару. Балабақша ауласында тірілген жәндіктерге бақылау жасату. Соның ішінде шыбын, құрт-құмырсқа, қоңыздарға бақылау жасату. Көктемнің құбылыстарымен таныстыру. Көктем шықты.
Көктем шығып, қар еріп,
Жадырайды қыр басы.
Ақ қайыңдар бүр жарып,
Жарасады сырғасы.
ІІ. Еңбек әрекеті: «Ойын алаңын тазарту»
Мақсаты: Балаларға тәрбиешінің көмегімен ойын алаңын тазарту. Шашылған қоқыстарды жинап, қоқыс жәшігіне салу. Сынған ағаштардың бұтақтарын жинау. Еңбектің нәтижесін көрсету.
Мақсаты: Балалардың шапшаңдылықтарын, мергендіктерін арттыру. Достыққа тәрбиелеу.
3.Серуен- жұмбақ.
Тақырыбы: «Серуен - ізденіс»
Мақсаты: Балалардың экологиялық білімдерін жалғастыру. Берілген белгілер, сипаттамалар арқылы айналадағы табиғат бөлшектерін іздеу. Олардың маңызын түсіндіру.
Серуеннің барысы:
І. Бүгінгі ауа райын айналмақпен желдің бағытын, аспанды,күнді бақылау.
ІІ. Балаларға жұмбақтар жасыру, шешуі бойынша табиғат заттарын тауып көрсетеді.
Жарық болып тұрады,
Кешке жақын құлайды. (Күн)
Паналап тасасын,
Күн көзінен қашасың. (Көлеңке)
Көк жиекті көмкеріп,
Шатыр жайдым кең керіп. (Аспан)
Асып – тасымайды,
Бірде арық, бірде семіз.
Азық беріп асырайды. (Тас)
Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен. (Су)
Алып садақ керілді,
Әртүрлі боп көрінді, (Кемпірқосақ)
Тас, құм, ағашғөсімдікғ т.б. сипаттамасын айту.
ІІІ. Еңбек әрекеті: Ойын алаңында тазалық жұмысын жүргізу. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» сөзінің мағынасын түсіндіру, жаттату.
ІV. «Біз із кесушілерміз» ойыны.
Мақсаты: Балалардың салыстыру, ажырату қабілеттерін ажырату. Достық қарым-қатынастарын арттыру.