- Жыл атасы, біздің балалар жыл мезгілдері туралы көп біледі. Тіпті ол туралы тақпақтар да айта алады. Жыл атасы: - Жарайсыңдар, балалар! Иә, менің төрт балам бар. Олардың емісдері: қыс, көктем, жаз және күз. Төртеуінің мінезі 4 түрлі. Көктемім - көңілді, ашық-жарқын жүзді әдемілігімен барлығын таң қалдырады. Жазым - жайдарлы, салмақты. Кенжем күзім – сылбыр, ерке болып өскендіктен көңілшең көзінің жасы бырт-бырт етіп жас тамшылай береді. Ал қысым – тентек, қатты әрі суық болып өсті -Балалар, біз атамыздың балалары туралы әңгімені тыңдадық. Енді орнымыздан тұрып, бір демалып алайық. Сергіту сәті: Шаршағанда - «уһ» - дедім, Ренжігенде - «туһ» - дедім. Қорыққанда - «ой» - дедім, Таңырқап - «о» - дедім, Біліп ап - «е» - дедім. (2 рет) Жыл атасы: - Балапандарым, мен сендерге өзімнің 4 балам жыл мезгілдері жайлы айтып бердім. Енді сендердің білімдеріңді тексеру үшін тапсырма ала келген едім. (тәрбиешіге қарап) Қызым, міне мына қағазда менің тапсырмам бар еді, сен балаларға сол тапсырмамды түсіндіріп берші. - Балалар, атамыз бізге жыл мезгілдеріне байланысты тапсырма әкелген екен, ол тапсырмаларды бірақ біз ауызша емес, компьютермен орындаймыз. Ендеше компьютерлерімізге жайғасайық. - Кәне, ең алдымен компьютер алдында қалай отыру керектігін есімізге түсіріп алайық. (Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру) - Ең бірінші тапсырмамыз күз мезгіліне байланысты екен. Ендеше ашып көрейік. -Бірінші тапсырмамыз күз мезгіліне байланысты екен. Жыл құстарын атаңдар дейді. Кәне, ең алдымен жыл құстары деп қандай құстарды айтамыз? -Дұрыс айтасыңдар. Ал ендеше жыл құстарын атап беріңдерші! -Енді компьютерден тауып көрсетейік. -Жақсы, балалар! Күзден кейін қандай жыл мезгілі келуші еді? -Дұрыс. Ендеше қыс мезгілінің тапсырмасын орындайық. (градусник бойынша түсіндіріп, тапсырманы орындату). - Балалар, көздерімізді, саусақтарымызды бір демалдырып алайық. Көз жаттығуы: жоғары-төмен қарайық, оңға-солға қарайық. Доп бейнесін жасайық. Саусақ жаттығуы: Оң қолымда 5саусақ, Сол қолымда 5 саусақ. Барлығы болады 10 саусақ. Дөңгелекті алайық, Алақанға салайық. - Ал, балалар, қыстан кейін қандай жыл мезгілі келеді? - Ендеше көктем мезгілінің тапсырмасын орындайық. -Кім маған көктемде алғаш гүлдейтін гүлдерді атап береді? -Кәне компьютерден тауып көрсетейік. -Келесі сүйікті мезгіліміздің бірі – жаз. Жаз мезгілінің тапсырмасын ашып көрейік. -Шырынды кандай жеміс-жидектерден жасайды? -Жарайсыңдар, балалар! Енді компьютерімізді жабайық. Көз жаттығуы: жоғары-төмен қарайық, оңға-солға қарайық. Доп бейнесін жасайық. Саусақ жаттығуы: Оң қолымда 5саусақ, Сол қолымда 5 саусақ. Барлығы болады 10 саусақ. Дөңгелекті алайық, Алақанға салайық. Жыл атасы: - Балалар, өздерің біз жайлы біраз біледі екенсіңдер. Мен сендерге тапсырма ғана емес, ойын да ала келген едім, ендеше ойын ойнайық. Ойын «Жыл мезгілдері» деп аталады. Ойынның шарты мынадай, мен сендерге мына допты лақтырып бір жыл мезгілін атаймын, ал сендер сол мен атаған жыл мезгілінің ерекшелігін айтасыңдар. (ойын ойнап болған соң) Жыл атасы: - Жарайсыңдар, балалар! Сендердің жыл мезгілдері жайлы көп білетіндеріңді көріп, көңілім көтеріліп қалды. Қазіргі заманда жаңа технологины, компьютерді меңгерген адам білімді де талантты болады. Әрдайым осы беттеріңнен таймай, ақылды, білімді болып ер жетіңдер. Өзімнің көптен сақтап жүрген тұмарларым бар еді, сол тұмарларымды тіл-көзден сақтасын деп өздеріңе табыс етемін (деп тұмарларды балаларға таратады). Енді мен қайтайын, тағы баратын балабақшаларым бар еді. Сау болыңдар, балалар! |