Негізгі бөлім | Жұмбақ жасырады: Таңғажайып кірпішті, Бір-біріне қаладым. Ұнамаса құлатып, Қайта-қайта қаладым. Доп-домалақ іші қуыс пәле, Қайта-қайта семіруде, әне. Кезікті кербез сұлу, Бір жануар. Үстінде Екі тауы бар. «неше текше, неше түйе, неше доп бар?» - деп сұрайды. 1 деген цифрдың бір затты білдіретінін түсіндіреді. - Арыстан мен тасбақа «Пальмаға кім бірінші жетеді?» деп бәстеседі. Сендер қалай ойлайсыңдар, не бірінші жетуі мүмкін? - Неге арыстан бірінші жетеді деп ойлайсыңдар? Педагог «жылдам – баяу» түсініктерін сөздік қорларына енгізу жұмыстарын жүргізеді. жұмбақ жасырамын: Үш бұрышы, Үш қабырғасы бар Бұл қандай фигура? Балаларға мынадай сұрақтар қояды: - Суреттердің арасынан неше үшбұрыш таптыңдар? - Үшбұрыштардың өлшемі қандай? - Үшбұрыштардың ең үлкенін қызыл қарындашпен, одан кішілеуін көкпен, ал, ең кішкентайын жасыл түспен бояңдар. Ойлан тап: Бұлақ баяу ағады, ал өзен .... Ұшақ жылдам ұшады, бірақ көбелек... Арыстан жылдам жүгіреді, ал тасбақа... Саусақ ойын :«Апта күндері» Бір аптаның күндері өтті: 1.Дүйсенбіде гүлдер ектім. 2.Сейсенбіде алма тердім. 3.Сәрсенбіде су әкелдім. 4.Бейсенбіде бақша баптап. 5.Жұма күні тақпақ жаттап. 6.Сенбіде мен саған бардым. 7.Жексенбіде бір демалдым. Сөздік жұмыс: жылдам-баяу;жақында Көптілділік компонент: тез-быстыра; баяу-медлено, жақын-близкo | Балалар жұмбақтың шешуін табады. Жұмбақтың шешуі болып тұрған сөздерге сипаттама береді. (Текшелер) (Доп) (Түйе) Бірінші арыстан жетеді. Өйткені арыстан жылдам жүгіреді. Тасбақа баяу жүреді. Балалар арыстанды бояйды. Үшбұрыш. Балалар суреттен үшбұрыштың үш бұрышын, үш қабырғасын көрсетеді. Үш үшбұрыш бар. Үлкен, кіші, кішкентай. жылдам-баяу; жақында тез-быстыра; баяу-медлено, |