Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?: "Мені? отбасым"»
Ұйымдастырылған оқу іс - әркеттерінің технологиялық картасы №2
Күні айы жылы
Топ: ересек
Білім саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: Отбасы жайлы білімдерін тереңдету.
Міндеттері: а) Білімділік: отбасы мүшелерінің үйдегі дастархан басындағы орны жайлы түсіндіру.
б) Дамытушылық: сөздік қорларын, ойларын, тілдерін, жүйелі сөлеу дағдыларын дамыту.
в) Тәрбиелік: отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік, сезімдерін ояту, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: отбасы, шаңырақ туралы өлеңдер жаттату, өз отбасыларының фотосуретін әкелуге тапсырма беру, суретті жұмыс дәптеріне жапсырту
Көрнекі құралдар: отбасының суреттері, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: отбасы, отбасы мүшелері, татулық, сыйлау, жақсы көру, шаңырақ, кереге, өрімдей.
Пәнаралық байланыс:
Ұйымдастыру түрі: жеке жұмыс, жұппен жұмыс
Әрекеттер кезеңі
Мотивациалық кезеңі
Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Сергіту сәті
Қорытынды
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Жылулық шеңбері
Суреттен не көріп отырсындар? Мынау, бар, тату, жақсы көремін деген тірек сөздерді тәрбиеші бір – бірден айтып тұрады, балалар сол сөзді пайдаланып өз отбасы туралы бір сөйлем құрайды
Өлеңді оқып , мазмұнын түсіндіріп, отбасы жайлы әңгімелесу.
Отбасы туралы әңгімелейді:
- Отбасы біздің үй - ішіміз, әке – шешеміз, аға - әпкелеріміз, әжелеріміз құрайды. Оларды отбасы мүшелері деп атайды.
Көтеріліп шаңырақ,
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өріліп,
Бәріміз жүрейік айналып
Киіз үй боп көрініп
Сабақ барысында ненің ұнағанын сұрау.Балалардың жетістігін айту,мадақтап,бағалау.
Балалардың іс - әрекеті
Тәрбиеші оқыған өлеңді тыңдайды
Суретті қарайды, тірек сөздер бойынша әңгіме құрастырады
Отбасы жайлы тәрбиешімен әңгімелеседі
Отбасы туралы тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды
Сұраққа жауап береді
Есеп
+ -
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: отбасының тек қана бір туған, жақын адамдардан тұратынын.
Игеруі тиіс: отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керектігін.
Істей алады: отбасы туралы өлеңдер мен мақал – мәтелдер жатқа біліп қажет кезде қолдана білуді.