Балалар денсаулық туралы валеология пәнінен алған білімдерін қоры-тады. Педагог балаларға бүгін "Шынығу" аялдамасында өздерімен ең жақын достары: күн, ауа, судың адам денсаулығына, дене шынықты-руға тигізетін пайдасы жайлы әңгімелесетіндерін хабарлайды.
Дидактикалық ойын "Егер де ... не болар еді?"
- Ешқашан ауырмай, күшті, дені сау болып өсу үшін не істеу керек?
Дәрігер Салауаттың ең қарапайым кеңесі:
1-кеңес: - Жалаңаяқ үзақ жүру керек, ең болмаса үйде. Бүлай жүру әсіресе тегіс емес жермен: тастардың үстімен, ыстық қүмда, жерде, қардың үстінде жүргенде жалпақ табандылықтың алдын алып, табан-дағы нүктелерге арналған массаж болыіі табылады.
Жер - жалаң аяғыңнан өтіп, бүкіл денеңе қуат беріп түратын тірі күш. Иә, ол саған әрқашанда күш-қуат, денсаулық береді.
Релаксация:
Педагог балаларға көздөрін жүмып, денелерін бос ұстап, өздерін өзен жағасында деп сезінулерін сұрайды. Судың шуылы қүлағыңа жа-ғып, күн шуағы дөнеңді жылытады. Жалаң аяқтарыңмен ыстық қүмның үстімен жүрсіңдер. Ол аяқтарыңды күйдіріп барады. Су денелеріңді жеңілдетіп, өздеріңді жақсы сезінесіңдер.
2-кеңес. Мүмкіндігінше, ыңғайлы және жеңіл киін. Себебі денеңе үнемі күн шуағы мен таза ауа жеңіл өтуі керек. Күнге ертеңгі уақытта қыздырын-ған жөн. Қарның аш немесе тамақ ішкеннен кейін бірдөн күнге қыздырынуға болмайды.
Ең ыңғайлы және денсаулыққа қауіпсіз шынығудың түрі - ауа ван-насы болып табылады. Олар: жылы, салқын, суық болуы мүмкін.
Ертеңгілік уақытта ауа ваннасын қабылдайтын уақытың - 20-30 мин. аспағаны дүрыс.
Адам ағзасын тыныс алу жаттығулары арқылы да нығайтуға болады.
3-кеңес. Беті-қолыңды, қүлағыңды, қолыңды иығыңа дейін суық сумен жу.
Сумен шынығуды дымқыл губкамен немесе дымқыл орамалмен сүртінуден бастауға болады.
Педагог балаларға егер су қүйыну арқылы шынығатын болсаңдар, жылы судан бастап, біртіндеп күніне бір градустан азайтып, салқын суға дейін жеткізу қажет екендігін түсіндіреді.
Суық сумен шынығудың пайдасы зор - өйткені ол -сергу, табиғи өзін-өзі емдеу және өзін-өзі күту. Суық су денедегі ішкі жылудың пайда болуына септігін тигізеді. Суық - барлық ауруларды емдейтін дәрілөрдің бірі.
Шынығудың ең жеңіл түрі - суға түсу. Бүл жерде мынадай қүнды ережелерді есте сақтауларың керек. Олар:
Ешкіммен кімнің суы суық немесе кім тез шынығады деп жарыспа! Ол - денсаулық үшін зиян.
Салқын су әркімге әр түрлі әсер етеді, кейбіреулері суық тиіп ауырып қалулары мүмкін.
Шынығу жұмыстарын күнделікті жүргізу қажет, әйтпесе адам ағзасы үйренбеуі немесе күткен нәтижемізге жетпейміз.
Балалар шынығу женінде өз ара пікірлессіп, шынығу дегеніміз - са-уығудың ең ыңғайлы тәсілі деген шешімгө келеді. Оған арнайы бір уақыт бөліп, белгілі бір жағдай жасаудың қажеті жоқ, тәулік бойы жүргізе беруге болады. ■ Қиялдау:
"Жақсы, жаман" ойыны
Күн жақсы жаман
Ауа жақсы жаман
Су жақсы жаман
Ойын барысында өткен материал бекітіледі.
Дамытушы жаттығу:
Артық сөзді тап? Күн, су, жылу, өзен, шомылу, қар Өз жауабыңды түсіндір. Психожаттығу:
Бір-біріңе қарап, ыңғайланып отырыңдар. Бір-бірлерінің көздеріңе қарап, жымиып күліңдер. Сендердің көңіл-күйлерің жақсы болсын.
Қорытынды:
Күн, ауа және су- біздің тамаша достарымыз.
Бүл табиғат сыйлары арқылы шынығу жүмыстары жүргізіледі.