Шаттық шеңбері. Оқушылар әуен ырғағымен шеңберге жиналады. Шеңбер бойында отырып «Менің отбасым» тақырыбында біріне- бірі сұрақтар қояды. Мысалы: - Сенің отбасыңда қанша адам бар? - Сенің анаңның аты кім? - Сенің інің неше жаста? Оқушылар шағын топтарда «Отбасы ағашын» қорғайды. Мысалы, Бұл менің отбасым. Менің отбасымда 4 адам бар. Олар: әкем, анам, әпкем және мен. Біз тату-тәтті тұрамыз. Оқушылар топқа бөлінеді. 1 топ отбасы мүшелерін фотосуреттер арқылы таныстырады; 2 топ отбасы туралы қысқа сөйлемдермен мәтін құрастырады. 3 топ кеспе әріптерден сөздер құрастырып, жазады. Слайд арқылы отбасы суреті көрсетіледі. Оқушылар суреттегі отбасы мүшелерін атап шығады; Отбасында қанша адам бар екенін санайды; ![](https://fsd.kopilkaurokov.ru/up/html/2017/07/16/k_596b3119771d3/424118_1.jpeg) Тіл дамыту. Санамақ арқылы тақпақ жаттайды. Бас бармағым - атам, Атам - үйдің данасы. Балаң үйрек-әжем, Әжем - үйдің анасы. Ортаңғы терек - әкем, Әкем - үйдің панасы. Шылдыр шүмек - анам, Анам - үйдің ажары. Кішкене бөбек – мен, Мен – бәрінің базары. ![](https://fsd.kopilkaurokov.ru/up/html/2017/07/16/k_596b3119771d3/424118_2.jpeg) Ойын «Бармақтар отбасы» Ойын алаңына екі оқушы шығады. Саусақтарына өздеріне қажетті отбасы мүшелерінің қолғаптарын киеді. Екеуі өз отбасылары туралы әңгімелейді. Қалған балаларға олардың отбасы мүшелерін салыстыру ұсынылады. Мысалы, Радмирдің отбасында 4 адам бар. Ал Томиристің отбасында 5 адам бар. Кімнің отбасы үлкен? 4 Оқушылар қима суреттерден отбасы мүшелерін құрастырады. Суретте кім пайда болғанын жазып, сөйлейтін қабырға ұйымдастырады. ![](https://fsd.kopilkaurokov.ru/up/html/2017/07/16/k_596b3119771d3/424118_3.png) Бағалу: Оқушыларды жұлдызша арқылы бағалау. Үйге тапсырма беру: Отбасы туралы әігңгімелеп келу, Мм әріпін жазу. |