? ДЫБЫСЫ МЕН ?РІПІ
Ма?саты: білімділігі: ? дыбысы мен ?ріпін таныстыру, ? дыбысы бар с?здерге дыбысты? талдау жасау; дамытушылы?ы: ? дыбысыны ?атысты жа?а с?здерді о?ыту ар?ылы балаларды? тілін дамыту, сурет бойынша с?йлеуге баулу;
т?рбиелік: ?з ойын еркін айту?а да?дыландыру, шапшанды??а, тап?ырлы??а т?рбиелеу.
?діс-т?сілі: ж?мба?тар, ойындар,с?ра?-жауап,суретпен ж?мыс.
К?рнектілікке : кеспе ?ріптер, текшелер, суреттер.
Барысы.
1.?ызы?ушылы?ын ояту.
Т?рбиеші: Балалар, б?ріміз бірге ?уаныш ше?берін ??райы?.
Кел, балалар, к?лейік,
К?лкіменен т?лейік!
?аба? т?йген не керек,
К??ілді боп ж?рейік!
Балалар,сауат ашу саба?ын бастаймыз.
-?азір жылды? ?ай мезгілі?
-К?ктем мезгілі.
Просмотр содержимого документа
«? ДЫБЫСЫ МЕН ?РІПІ »
Ө ДЫБЫСЫ МЕН ӘРІПІ
Мақсаты: білімділігі: Ө дыбысы мен әріпін таныстыру, Ө дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау; дамытушылығы: Ө дыбысыны қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы балалардың тілін дамыту, сурет бойынша сөйлеуге баулу;
тәрбиелік: Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру, шапшандыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: жұмбақтар, ойындар,сұрақ-жауап,суретпен жұмыс.
Көрнектілікке : кеспе әріптер, текшелер, суреттер.
Барысы.
1 .Қызығушылығын ояту.
Тәрбиеші: Балалар, бәріміз бірге қуаныш шеңберін құрайық.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Балалар,сауат ашу сабағын бастаймыз.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілі.
-Қазір қай ай?
-Сәуір айы
-Бүгін аптанын қай күні?
-Екінші күн.
-Ауа райы қандай?
-Жылы, шуақты,күн шайдай ашық.
-Біз қандай әріпті үйрендік?...
-Әріп дегеніміз не?...
-Дыбыс дегеніміз не?...
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?...
2.Жана сабақ.
Жана сабақты менгеру.
Бүгін біз жана әріппен танысамыз. Ол үшін жұмбақ шешейік.
Доп домалақ сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасын көріп,
Оның аты .....
(Өрік)
-Алғашқы дыбысы қандай?
-Ө дыбысы.
Ө дыбысынан басталатын суреттерді көрсету.
(Өрік,өзен,өрмекші,өшіргіш)
-Осы сөздерді айтқанда қандай сөздерді естейміз?
-Ө дыбысы.(хор мен қайталау)
-Ө дыбысы- дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгілейміз.
Ө дыбысының айтылуы, айтылуына қарай қандай дыбыс екенін анықтау. Осы әріпке ұқсас қандай әріппен таныстық?
Ө және О. Айырмашылықтары түсіндіріледі.
Ө дыбысына байланысты сөздер жаздыру және айтқызу.
3 . Балалар мен жұмыс.
Сауат ашу және жазу сабағында дидактикалық материалмен жұмыс. Ө дыбысынан басталатын буындар мен сөздерді оқыту.
Кө,өр, өс, көз, сөз, бөз, төз, өмір, өрік, көрік, көлік, көмек, көмір.
4.Сергіту сәті.
Асыл сөздін ұстасы
Ақын болар ұрпақпыз.
Өнер,білім, еңбекке
Жақын болар ұрпақпыз.
Тұла бойы толған бір
Өнер болған ұрпақпыз.
5.Дәптер мен жұмыс
1 . Ауада жазып көрсету.
Ө ө ө ө ө ө
2 .Ө дыбысын баспа түрінде жазғызу.
Ойын: «Әріп тастамақ»
Әр балаға кеспе әріптер үлестіріледі,сол әріпке байланысты сөздер ойлап айтуы керек.
6. Қортынды .
-Қандай сабақ болды?...
-Қандай әріппен таныстырыңдар?...
-Сабақ сендерге ұнадыма?...
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мақтау.