І кезең- мотвация лық- қозғаушы | Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біз құпия жайлы әңгімелесеміз. Құпия дегеніміз не? Ожегов сөздігін қарап, жауабын табайық. -Құпия – шешілмеген, әлі танылмаған нәрсе. -Құпия – басқалардан жасырылған, бәріне мәлім емес нәрсе -Құпия – бір нәрсенің белгісіз себебі. | Балалар тәрбиешімен амандасады. Балалар тәрбиешінің қойған сұрағын ойланады. Тәрбиешімен бірге сөзікті қарап, жауабын іздестіреді. |
ІІ кезең-ұйымдастырушылық- ізденушілік | Балалар, құпия сөзінің мағынасына жақын сөздер білесіңдер ме? Сыр, құпия. Сендерде құпияларың бар ма? Өз сырларыңды айтыңдар. Сендердің құпияларыңды құпия деп санауға бола ма? Неліктен? Құпия шешілмеген, түсініксізді ашады. Әр жұмбақтың өз жауабы бар. Құпияның кілтін тапқанша дейін, құпия ашылмайды. Құпия табиғатта, мемлекетте, адамда бар. Құпияның қалай ашылатыны туралы ойланайық. Жағдаятты ойнау. Ертеде үш құрбы болды: Тана, Жансая, Бахыт. Олар бірге ойнап, дос болды, бір-біріне көмектесті. Бір күні Танада бір жағдай болды: ол әжесінен сақинасын алып, оны жоғалтып алды. Әжесі Танадан сақинаны сұрады, бірақ ол ештеңе алмадым деді. Тана қатты уайымдады, бірақ әжесіне айтуға қорықты.енді ол құрбыларына айтуды шешті. Жансая оны әжесіне айту керектігін айтты. Ал Бахыт өзі Тананы әжесіне айтатынын айтты, себебі әжесі уайымдап отыр. -Қалай ойлайсыңдар, құрбыларының қайсысы дұрыс айтты? Дәлелдеңдер. -Бұл жағдайда не істеу керек? -Міне, енді құпия үш қызға мәлім болды. Олар өздерінде ұстай алмай, өз құрбыларына, ата-аналарына айтып қойса, құпия бәріне мәлім болады. Осылайша адамдардың құпиясы ашылады. -Тана құпиясын құрбыларына сеніп айтты және олар барлығына айтпауы керек. Бірақ олар Танаға қалай дұрыс болатынын айту керек еді, яғни: әжесінен кешірім сұрап, барлық шындықты айту. -Айтыңдаршы, егер де достарың өте жаман нәрсе жасаса және сізді де соны жасауыңызды сұраса. Үндемеу керекпе? Жағдаятты ойнап беріңдер.
| Балалар ойланып, білмейтіндерін білдіреді. Балалар жауап береді. Өз сырларын айта бастайды. Балалар тәрбиешінің әр сұрағына жауап беруге тырысады. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды, ойланады. Балалардың ойы. Балалар тәрбиешінің жағдаятын зер сала, қызығушылықпен тыңдайды. Балалардың жауабы. Балалар орындарынан тұрып, өз араларынан 3 құрбы таңдап, жағдаятты тәрбиешінің көмегімен ойнап береді. |
ІІІ кезең- рефлексивті- түзеуші | Балалар, құпияның қалай айқындалатынын жайлы осыдан да көп жағдайлар бар. Сендер бүгін тек бір жағдаятты көрдіңдер. Сондықтан ешқашан да ештеңе жасыруға болмайды. Барлығын өз уақытында айтып отыруымыз керек. Жағдаятты ойнаған үш құрбыны мадақтайды. | Балалар, жағдаятты сахналап болғаннан кейін, тәрбиешіні тыңдайды. |