2) Ертегі бойынша желісі бойынша с?ра?тар?а толы? жауап бергізу ар?ылы аны?,
м?нерлі с?йлеуге ?йрету, тілін дамыту.
3) Жеті саныны? киелі сан ж?не жеті ?азына?а не жататынын т?сіндіру ар?ылы хал?ымызды? ?сиет-танымыны? к?птігін айтып, оларды? т?рбиелік м?нін ??ындыру.
К?рнектілігі: Жеті ?азына мен жеті санына байланысты суреттер,интерактивті та?та,
Просмотр содержимого документа
«Жеті ?азынаны? бірі. »
Мұғалім: Есимбаева Улмекен Сагидулиевна. Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі
Мектепалды даярлық тобы
Білім беру саласы: қатынас .Түрі: Тіл дамыту.
Өтілетін күні.
Тақырыбы: Жеті қазынаның бірі.
Мақсаты: 1) Балаларға «жеті қазынаның бірі» ертегісінің мазмұнын түсіндіру..
2) Ертегі бойынша желісі бойынша сұрақтарға толық жауап бергізу арқылы анық,
мәнерлі сөйлеуге үйрету, тілін дамыту.
3) Жеті санының киелі сан және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың өсиет-танымының көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Көрнектілігі: Жеті қазына мен жеті санына байланысты суреттер,интерактивті тақта,
-Кім апта күндерін атап берер екен? Балалар, бүгінгі әңгімелейтін тақырыбымыз жеті санына байланысты.
Біздің қазақ халқы жеті санын «киелі сан» -деп есептейді..Мысалы: жеті ата, жеті шелпек, жеті қазына. Байқап отырған боларсыңдар бәрі жеті санына байланысты айтылады.Ал бүгін біз жеті қазына деп нені айтады екен , соны біліп үйренеміз.Кәнеки, жеті қазынаны мына суреттерден көріп танысайық.
1.Жүйрік ат-қанаты, адам баласын баратын жеріне жеткізеді, көлік.
2.Құмай тазы-абыройын асырар сенімді серігі, көмекшісі, аң аулауға өздерімен бірге ертіп алып жүретін ит.
3.Қыран бүркіт-қуаты,құстың мықтысы, қорғаушы, аң аулауға пайдаланады.
4.Берен мылтық-қаҺарлы оты, аң аулау, құс атуға көмекші құрал, қару.
5.Қақпан-серті, аңшының көмекші құралы.
6.Майланғыш ау-әдіс-айласы, балық аулап, күн көру , кәсіп қылу үшін керек, тор(сетка)
7.Өткір кездік- сұсы, ер жігіттің керек құралдарының бірі, пышақ.
-Қазақ халқы жеті қазынаны «Жеті ырым » деп те атайды.
-Балалар, мен сендерге өлең оқып беремін, мұқият тыңдайық.« Қоян» Ж.Кәрбозин., «Ақ тиін» Қ.Жұмағалиев.
-Өлең нелер туралы?
-Қоян мен тиін қайда мекен етеді?
-Қандай жануарларды білесіңдер?
-Бұларды қандай жануарлар деп атайды?
-Үй жануарларына нелер жатады?
-Жарайсыңдар, балалар!Бүгін біз жабайы жануарлар қыста қалай тіршілік ететінін білетін боламыз.
2)Негізгі бөлім.Дәптермен жұмыс.
-Жыл мезгілінің өзгеруіне байланысты жануарлар өмірінде өзгерістер болады
Мысалы: кейбір аңдар тонын өзгертеді, кейбірі ұйқыға кетеді,т/б)
Қыста қар қалың болғандықтан аңдарға азық тауып жеу қиын болады. Сондықтан адамдар оларға қамқорлық жасап жем-жөп берген дұрыс.Жабайы аңдарды орманшылар қамқорлыққа алады.
Қоян-түсін өзгертіп, ағаш бұтасын кеміреді.
Аю- апанына кіріп табанын жалап жатып ұйқыға кетеді.
Борсық пен кірпі де ұйықтайды.
Тиін- ағаш қуысына тығылып алып жаңғақ пен саңырауқұлақжеп қыста ашықпайды екен.
Қасқыр мен түлкі- жемдерін жортып жүріп табады.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян.
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
4 )Дәптердегі жұмысты орындау.
Дидактикалық ойын «Тиіннің азығын тап»
Шарты: сурет арасынан тиіннің азығын табамыз.
5)Дидактикалық ойын «Ненің ізі.»
Шарты: Қар бетіне түскен іздерге қарап, әрқайсысының ізін сызық арқылы қос.
6) Сахналау.«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі
-Балалар, «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі естеріңде ме? Кәне, есімізге түсіріп көрейік.Қандай жануарлар жыл басы болуға таласатын еді?Бүгін сол ертегіден көрініс көрсететін боламыз.
Шеңберге тұрады.
-Балалар қимылмен көрсетеді,қуанады.
Өлеңді тыңдайды.
-Өлең қоян мен тиін туралы.
-Олар орманда менендейді.
-Қасқыр, аю, жолбарыс, арыстан, түлкі,т/б
-Қой, сиыр, ешкі, түйе, жылқы.
Дәптерді ашып суреттерді қарап тыңдайды.
Сергіту сәті хормен қайталанып, қимылмен көрсетіледі.
Балалар орындарынан тұрып орындайды
Дидактикалық ойын тапсырмасы дәптерде орындалады.
Жануарлар:түйе, сиыр,жылқы, қой, ит, тышқан
Балалардың қалауы бойынша рөлдерге таңдалып алынады.
Рефлексивті реттеушілік.
Оқу іс-әрекетін қорытындылау
-Балалар, үй жануарлары мен жабайы жануарлардың айырмашылығы қандай?
-Қоян қыста қандай түске енеді?
-Тиін қысқа қандай азық жинайды?
Дидактикалық ойын «Не қайда мекендейді?»
Шарты.аңдардың қайда мекендейтінін табады.
Cұрақтарға жауап береді
Қоян—ағаш түбі,кірпі-інде, аю-апанда, тиін- ағаш қуысы.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Жануарлармен танысып, олардың қысқы тіршілігімен танысады.
Нені игеру керек: Жануарлардың азығын,олардың ізін танып игереді
Нені қолдана алады:Өлеңді тыңдап не туралы екенін айта алады.
Суретке сөйлем құрып,сұраққа жауап бере алады.
Мұғалім: Есимбаева Улмекен Сагидулиевна. Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі
Мектепалды даярлық тобы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. .Түрі: Қоршаған дүниемен таныстыру
Өтілетін күні.
Тақырыбы:Нан дастарханға қалай келді?
Мақсаты:
Білімділік:Нан –өмірдің негізі екеніне түсініктерін кеңейту.Жердің үнемі
қамқорлықты қажет ететінін әңгімелеу.
Тәрбиелік:Диқаншы еңбегі туралы балалардың түсініктерін қалыпиастыру.
-Дұрыс, балалар,бүгін нан дастарханға қалай келетінін, ол үшін кімдер еңбек ететінімен танысамыз.
ІI. Негізгі бөлім.
-Мына сюжетті суретке қарайық. «Егін жинау».
Күзде жерді жыртып дайындап қояды, ал көктем мезгілінде дән егіледі. Жаз бойында егіншілер бидайдың жақсы өсіп, өнім беруі үшін еңбек етеді.Күзде егін жайқалып пісіп шығады. Ал, диқаншылар оларды комбайнмен орып, машиналармен элеваторларға тасиды.Элеватордан диірменге , диірменнен диірменшілер қап-қап ұндарды наубайханаларға жібереді. Онда наубайханашылар дәмді нандар пісіріп дүкендерге таратады.
-Міне осындай көп еңбектің арқасында нан дастарханға келеді екен.
-Ал егін өсу үшін ауа, су, жарық, жылу керек, топыраққа да қамқорлық керек.
«Нан қайдан шығады?» ертегісін еске түсіріп өтеді.
IІI.Дәптермен жұмыс.
Тапсырма
:а) берілген суретке қарап , нанның дастарханға қалай келетінін әңгімелеп бер.
Күн—табиғи дәрі. Күннен біздің денемізге шуақ таралады,Күннің шуағы бізге «Д» дәруменін береді. Егер күннің шуағы теріні қатайтпаса суық тигіш келеді. Бірақ күннің зиянды жағы да болады, оны бізге Салауат дәрігер айтып береді.
Дәрігер Салауаттың кеңесі.
**Күннің астында көп қыдыруға болмайды, денең күіп қалуы мүмкін.
**Бас киімсіз күннің астында көп жүруге болмайды.
**Күнге шынығуды судың жағасында таңертеңгілік күніне бір рет орындау керек.
Релаксацияға арналған жаттығулар.
Балалар, көздерін жұмып еркін отырыңдар.Өздеріңді күн шуағының астында отырғандай сезініңдер.Парақ қағазбен балалардың бетіне баяу желпіп өтемін де, бұл самал жел есіп тұрғанын айтамын. Жел туралы не білесіңдер? Желді көреміз бе, исін иіскей аламыз ба?
-Дұрыс айтасыңдар. Желдің түсі де иісі де жоқ. Ол қозғалыстағы –ауа. Ауаны көру мүмкін емес.
Тәжірибе: Әр балаға бір-бір шар беремін.
-Балалар, шарды үрлеңдерде баяу қайта жіберіңдер
-Адамдар таза ауамен (оттегімен) дем алады, кері шығарады. (көмірқышқыл газын шығарады) Айнала оттегіге бай болу үшін бөлмені желдетіп тұру керек.
Өсімдіктер –ауаның табиғи тазартқышы.Сондықтан үйге, бөлмелерге гүл отырғызамыз.
Дәрігер Салауаттың кеңесі.
**Таза ауа табиғат байлығы. Сондықтан гүлдер мен ағаштарды көбірек отырғыз.
Сергіту сәті.
Кәне,кәне, тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Бишілерше бұралып.
Дөңгелене қалайық.
-Балалар, қатты шөлдегенде не істейсіңдер? Су туралы түсінік беремін.
-Судың қандай пайдасы бар?
-Ол тағы не үшін керек?
Тәжірибе.
Суы бар екі стакан дайындап біріне тұз салып балаларға дәмін татқызып көремін.
-Осы екі судың қайсысын ішуге болады?
-Неге олай ойлайсыңдар?
-Дұрыс. Тұзды сулар ішуге жарамсыз. Жер бетінде өзен, көл, теңізде, мұхиттар көп., бірақ тек таза, тазартылған, тұзсыз суды ішуге болады.
Дәрігер Салауаттың кеңесі.
**Сусыз- тіршілік жоқ. Суды үнемдеп таза сақтау керек.
**Өзеннен, жылғалардан ағып жатқан судан ішуге болмайды.
**Тек таза немесе қайнатылған су ішу керек. Билингвиттік компонет:күн- солнце-sun ,ауа-воздух-air, су-вода-water.
Дәрігер Салауаттың қарапайым кеңесі.
**Жалаң аяқ ұзақ жүр,ең болмаса үйде.
**Жалаң аяқ жүру бүкіл денеңе күш-қуат береді.
**Бетіңді, құлағыңды, қолыңды иығыңа дейін суық сумен жу.
Желпіген жел екенін айтады.Желдің иісі жоқ, көрсмейміз тек сеземіз.
Қолмен беттеріне желпіп көреді.
Олар шарды үреді де баяу қайта жібереді.
.
Хормен қайталайды.
Шеңберге тұрып орындайды.
-Қатты шөлдесем су ішемін.
Су туралы білгендерін айтады.
-біреуі- ащы, біреуі- ащы емес (тұщы) екенін айтады.
Хормен қайталайды
күн- солнце-sun ,ауа-воздух-air, су-вода-water.
Рефлексивті реттеушілік.
Оқу іс-әрекетін қорытындылау
-Күн мен ауасыз тіршілік болуы мүмкін бе?
-Өсімдіктерді неге күтіп- баптауымыз керек?
-Сусыз тіршілік бар ма?
-Күн және ауа – табиғат сыйы.
-Күн және ауа- табиғат нәрі.
-Таза су –табиғат байлығы
-Күн, су, ауа- біздің достарымыз.
Хормен қайталап айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Күн, ауа,судың пайдасымен танысады.
Нені игеру керек:Денсаулықтың кепілі – тазалық сақтау екенін үйренеді.Табиғаттың сыйы күннен нәр алып,, суды үнемдеп, таза ауаны сақтау керектігін игереді..
Нені қолдана алады: Жұмыс дәптерді пайдалану арқылы тапсырмалар орындай алады..
Мұғалім: Есимбаева Улмекен Сагидулиевна. Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі
Мектепалды даярлық тобы
Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі:Математика Тақырыбы:Сандардың құрамы. Мақсаты: Білімділік: 1-10-ға дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту. 10-ға дейінгі санның құрамы, таңбасын, геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту.Сандарды атап арифметикалық есептер шығару. Дамытушылық: Логикалық ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Санамақтар айтқызып математикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту. Тәрбиелік: Зейінділікке, ойшылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: Интерактивті тақта, кеспе сандар, үйлер, қоян, аю, балықтар,
Балалар орындарынан тұрып, қимылмен көрсетіп, қайталайды.
Іздену-ұйымдастырушы
.Балалар, қазір біз сендермен «Өз орныңды тап» ойынын ойнаймыз.Сендер сандарды алып, ретімен қатарға тұруларын керек. Әр санның артында әріптер жазылған, қалған балалар қандай сөз жазылғанын оқиды. - Дұрыс, математика сөзі жазылған екен.
-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сәл өзгешелеу болады. Өйткені біз сабағымызды саяхат түрінде өткіземіз. Бірақ немен, қалай барамыз? Балалар, мен білдім. Маған кеше қайырымды бір қорап жіберіп еді, мен бірақ ашып көрген жоқпын. Мүмкін бізге көмектесетін зат болуы мүмкін. Бұл қорапты ашу үшін ең алдымен сұрақтарға жауап беруіміз керек.Сұрақтар: 1.Жол ұзын ба, қысқа ма? Қол ұзын ба, қысқы ма? 2. Қасық ұзын ба, қысқа ма? Асық ұзын ба, қысқа ма? 3. Алма үлкен бе, түйме үлкен бе? 4. Аю үлкен бе, қоян үлкен бе? 5. Шаш ұзын ба, қас ұзын ба? 3.- Жарайсыңдар, балалар, жауабын дұрыс таптыңдар. Енді қораптың аузы ашылатын болды. Балалар қорапта бізді саяхатқа апаратын қарындаш бар екен. Бұл қарындаш жай қарындаш емес, сиқырлы қарындаш. Қане, барлығымыз енді саяхатқа шығайық. Барлығымыз көзімізді жұмайық. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді қоянның үйіне апар.
Балалар міне қоянның үйіне келдік.
Қоян:Сәлеметсіңдер ме, балалар, келгендерің қандай жақсы болды. Мен қалашығымыздағы тапсырмаларды орындай алмай отырмын. Сендер маған көмектесіңдерші? - Жарайды, ондай болса саған біздің балалар көмектеседі. «Көрші сандарды» жазып, толтыру. Қоян:Рақмет, балалар! - Қоян, біздің балалар енді саған тақпақ айтып берсін. Қоян: Көмектескендеріңе көп-көп рақмет.Сау болыңдар, балалар! 4.- Ал, енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді аюдың үйіне қонаққа апар. -Балалар, міне аюдың үйіне келдік.
Аю:Сәлеметсіңдер ме,балалар!Қандай жақсы болды сендердің келгендерің.Сендер сандарды білесіңдер ме, есеп шығара аласыңдар ма?Міне менде санның құрамдары берілген, бірақ мен оларды білмеймін.Ал сендер менің тапсырмаларымды орындайсыңдар ма? - Міне аю, біздің балалар сенің тапсырмаларыңды орындады.Балалар аю туралы біз тақпақ білеміз бе?
Тақтаға 10 бала шығады.Мен бірмін деп,бірінші боп тұрады.т.с.с. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 М а т е м а т и к а Сұрақтарға жауап береді.
- Жол ұзын. -Қасық ұзын - Алма үлкен. - Аю үлкен. - Шаш ұзын. Тапсырманы орындайды.
2 * 4; 5 *7; 6* 9;6* 8;1* 3
-Сәлеметсің бе, қоян. Біз саған қонаққа келдік.
Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып - ытқып жүгірді - Сау болыңыз, қоян! Балалар тапсырманы орындайды.
сандарының құрамын жазады.
-Сәлеметсің бе , аю!
Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен!
Аю: Рақмет, балалар, маған көмектескендерің үшін мен сендерге тәттілерді тастап кетемін. Сау болыңдар! 5.Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді көлге апаршы. Балалар, міне көлге келдік. Балалар қараңдаршы, көлде балықтар көп екен. Балық аулап біраз демалайықшы. Балық ұстаған бала балықтағы тапсырманы орындайды. (+, -) таңбасын қояды. - Балалар, балық тапсырмаларын жақсы орындадыңдар, енді сергіту сәтін жасап алайық. 6.Балалар демалып алдыңдар ма, енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді «Жеңімпаз фигуралар- ға» апар.
Дидактикалық ойын.«Жеңімпаз фигура лар».Шарты:Балалар, «Жеңімпаз фигуралар» шашылып қалыпты,қане бөліктерін тауып құрастырайық. - Жақсы, балалар дұрыс құрастырдыңдар. 7.- «Ұқсасын тап» ойыны.
Шарты: мен бір зат атаймын, сендер сол заттың қандай фигураға ұқсайтынын айтыңдар. - Күн, кітап, жұмыртқа, шатыр? - Өте жақсы, балалар, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.Енді саяхаттан қайтатын уақыт болды.Сиқырлы қарындаштың көмегімен топқа қайтайық. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді топқа апар.Міне, балалар топқа келдік 8.- Орындарыңдағы тапсырмаларды орындаңдар. Перфокарточкамен жұмыс.
- Жақсы. Ал, енді үш тілде кім санап берер екен? Билингвиттік компонет:бір-один-one, екі-два-two, үш-три-three, төрт-четыре-four, бес-пять-five, алты-шесть-six, жеті-семь-seven, сегіз- восемь-eight, тоғыз- девять-nine, он- десять-ten.
1* 1=2 5 * 3=2 4 *4=8 3*3=6 1*5=6 9*8=1 Балалар қимылмен көрсетіп, қайталайды. Тұп-тұнық жылы суда Балық жүзіп жүр екен Біресе керіледі, біресе жиырылады Біресе құмға тығылады.
Фигуралардың жартысын табады. Сұрақтарға жауап береді. «Ұқсасын тап» ойыны. - Күн дөңгелек. - Кітап төртбұрыш. - Жұмыртқа сопақша. - Шатыр үшбұрыш. - Жауап береді.
10.- Қорытындылау. - Жақсы, балалар. 1-ден 10-ға дейінгі сандарды жақсы меңгеріпсіңдер. Өте тамаша оқу іс-әрекетіне қатыстыңдар - Саяхатқа қайда бардық? - Кімге көмектестік? Кімге көмек қажет болса, біз әрдайым көмектесуге тырысамыз ғой.Біздің сиқырлы қарындашымыздың сиқырлығы соншалық, басы ашылады екен, ішінде сендерге бүгін жақсы, тәртіпті, білімді екендеріңді көрсеткендерің үшін жұлдызшалар бар екен. Соны сендерге таратып берейін.
-Саяқатқа бардық.
-Қоян мен аюға көмектестік.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: 1-10-ға дейін сандарды біледі, санайды,жазады.
Нені игеру керек:Түрлі тапсырмалар орындап қайталайды, сан құрамын игереді..
Нені қолдана алады: Жұмыс дәптерді, каточкаларды пайдалану арқылы тапсырмалар орындай алады..
Мұғалім: Есимбаева Улмекен Сагидулиевна. Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі
Мектепалды даярлық тобы
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Уақыты.
Бөлімі: «Өзін-өзі тану»
Тақырыбы: «Достық татулықтан басталады.»
Мақсаты:
Білімділік.«Татулық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық:. Жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету..
Тәрбиелік:Татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: дәптер,түрлі түсті қарындаштар, электрондық оқулық, үнтаспа.
-Бүгін біз бір-бірімізге осы уақытқа дейін,өзіміз айтып жүрген ғажайып,жылы сөздерімізді сыйлаймыз.Алақанымызды бір-бірімізбен түйістіріп, татулығымызды білдіреміз.
Балалар шаттық шеңберін құрады.Татулық туралы сөздер айтады.
Іздену-ұйымдастырушы
Әңгімелеу.
-Сендер «татулық» дегенді қалай түсінесіңдер?
-Татулық- достар арасындағы ең керемет қасиет. Тату балалар бір-бірін тыңдайды, ойыншықтарымен бөліседі, ренжіспейді,тату- тәтті ойнайды.Сондықтан да достық татулықтан басталады.
Әңгімелеу. «Піл мен Маймыл» халық ертегісін үнтаспадан тыңдатамын.
Ертегі бойынша сұрақтар.
-Үкі неге піл мен маймылды алмаға жұмсады?
-Достар көздеген мақсаттарына жетті ме?
Дәйексөз.
«Татулық табылмас бақыт» деген нақыл сөзді бүгінгі оқу іс-әрекеттің дәйексөзі ретінде түсіндіремін.
Татулық бар жерде бірлік те, қуаныш та болады. «Татулық – табылмас байлық» деген сөз осыдан шыққан.
Сергіту сәті.Ойын. «Көкпар»
Шарты:Балаларды екі топқа тең бөліп, ағаштан жасалған аттарға мінгізіп бірінің артына бірін екі қатарға тұрғызады. Ортаға орамал тасталынады. Екінші айналымда орамалды жерден алған топ балаларымен екінші топ балалары таласын жұлып алуға әрекеттенеді. Ойын музыкамен сүйемелденеді.
- Балалар, сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтайық.
Қорытындылау.
-Балалар, бүгін татулық бар жерде достық туындайтынын ұғындық . Татулық бар жерде достықтың , бірліктің,сыйластықтың болатынын білдік.
Балалар өз ойларын айтады.
Сұраққа жауап береді.
Балалар өз ойларын айтады
Екі топ шеңбер бойымен қарама –қарсы ойналып өтеді. Келесі айналымда жердегі орамалды алады, екі топ орамалды әрі-бері тартысады.Қайсысы орамалды тартып алса, сол топ жеңімпаз болады.
-Піл мен маймылдың суреті.
Сурет бойынша әңгімелейді.
- дос-друг-friend,достық-дружба-
-Дүниеде ең қымбат- татулық
-Біз тату доспыз.
Рефлексивті коррекциялау
Жүректен жүрекке.
-Балалар, менімен бірге Е.Өтетілеуовтің өлең шумағын қайталаңдар.
Достар тату-тәттіміз,
Болса қолда тәттіміз.
Біз бөлісіп жатамыз.
Бәріміз дәм татамыз.
Балалар қолдарын жүрек тұсына қояды.
Күтілетін нәтиже:
Білуге тиіс: Достық татулықтанбасталатыны туралы түсініп біледі
Бала меңгереді: Достарына қамқорлық жасауды меңгереді. Тапсырманы орындау
барысында ойлана алады.
Бала жасай алуы тиіс:Өз бетімен тапсырмалар орындай алады, ойында белсенділік танытады.
Мұғалім: Есимбаева Улмекен Сагидулиевна. Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі
Мектепалды даярлық тобы
Білімберусаласы: Әлеуметтік орта
Тақырыбы: Көктем сәні.
Мақсаты:
Білімділік: Ертегінің мазмұны мен идеясын ашу кейіпкерлердің қайсысының ойы дұрыс