Просмотр содержимого документа
«"Денелердің өзара бір - бірімен әрекеттесуі.Дененің массасы"»
Қысқа мерзімді жоспар:
7-сынып
Физика
27.11.15жыл.
Тақырыбы
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы.
Мақсаты
Жаңа материалдарды оқып білу және қорыту, көлемді ақпараттармен жұмыс істеу дағдысын дамыту, проблеманы анықтауды және оларды шешу жолдарын белгілеуді үйрету. Есептер шығару барысында тиісті формулаларды білу және қорыту, оларды шешу жолдарын белгілеуді үйрету. Денелердің бір- бірімен әрекет етуі,өзара әрекеттесу, масса, Күннің массасы , ,электронның массасын үйрету, танымдық іс-әрекетін және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру.
Кедергілерді жеңу
Белгіленуіне,өлшем бірлігіне,формуласына ,есептер берілуін бір жүйеге келтіруге мән бермеуі .
Күтілетін нәтиже
Денелердің бір- бірімен әрекет етуі,өзара әрекеттесу, масса, Күннің массасы ,электронның массасын тәжірибе арқылы анықталады.
диалогтық оқыту, әр деңгейдегі(жоғары,орташа,төмен)балаларды оқыту
Сабақ кезеңдері
Білім
Тапсырма
Мұғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Модуль
Ресурс
Білу
(10минут)
Денелердің бір- бірімен әрекет етуі,өзара әрекеттесу, масса, Күннің массасы , ,электронның массасын тәжірибе арқылы таба білуге тиісті формуланы,формуланы пайдаланып есептерді есептей білуге ой салу.
Сәлемдеседі,назарларын сабаққа аударады.Оқушылар
ды 5- топқа бөледі. Бағалау парақтарын таратады. Сұрақтар береді.Интерактивтік тақтадан Слайдтан есептердің жауаптарын көрсете отырып, оқушыларға сұрақтар тастайды(дұрыс жауапты,өз шығарған есептерімен салыстыру,тексеру)
Сәлемдесіп оқу құралдарын дайындайды, топқа бөлінеді. Сұраққа жауап береді. Есептер шығарады.
Слайд
Түсіну
(10минут)
Бүгінгі сабағымызда сендер нені есте сақтауға және түсінуге тиіссіңдер.Формулалар,анықтамалар.формуланы қорыта білуге үйренеді.Тәжірибе арқылы түсінеді.
Тапсырмаларды береді.Оқушыларды бақылайды.
Жеке жұмыс,топтық жұмыс жасайды.,
топпен талқылай
ды,топтан біреу шығып қорғайды.
Оқу
лық
№263.Екі арбаша әрекеттескенде олардың жылдамдығы 20см/с – тан және 60см/с –ке өзгереді. Үлкен арбашаның массасы 0,6 кг.Кіші арбаның массасы неге тең?
№264. Арбашалардың массасы 1 кг және 3кг , жылдамдығы 0-ге тең. Өзара әрекеттескен кезде үлкен арбаша 15 см/с жылдамдыққа ие болды . Кіші арбаша қандай жылдамдыққа ие болады?
1.Сөзжұмбақ.(5сұрақ).
2.Тәжірибежасау.(қажетті құрал- жабдықтар).
3.Сәйкестердіру.
4.Есептершығару№264, 266.
5. Теориялық сұрақтар (2карточка).
6. Физикалық диктант
Қолдану
(20минут)
Физика және астрономия. Есептер мен жаттығулар жинағы.Қосымшаоқулықпен жұмыс
№263-266.
№271
Тапсырма береді, бақылайды.көмектесе
ді.
Топтық жұмыс дәптерлеріне есептерін шығарады.
Топтық жұмыс, жеке жұмыс
Слайд
Талдау
(2минут)
Тыңдайды
Жеке жұмыс, топ
пен жұмыс
Жинақтау
(2минут)
Сабақ туралы өз ойларын жаздыру.
Рефлекция жаздырады.
Рефлекция жазады, мұғалімге береді.
Жеке жұмыс.
Стикерге жаздыру, ББҮ дәптеріне
Бағалау
(1минут)
Өзін-өзі бағалау үйге сыныпта орындаған есептердің және қалғаны.
Оқушылардың бағалауларын жинайды,өз бағасын қояды.
Бағалау парағын тапсырады.
Жеке жұмыс
Бағалау парақтары.
№263. Екі арбаша әрекеттескенде олардың жылдамдығы 20см/с – тан және 60см/с –ке өзгереді. Үлкен арбашаның массасы 0,6 кг.Кіші арбаның массасы неге тең?
№264. Арбашалардың массасы 1 кг және 3кг , жылдамдығы 0-ге тең. Өзара әрекеттескен кезде үлкен арбаша 15 см/с жылдамдыққа ие болды . Кіші арбаша қандай жылдамдыққа ие болады?
№265. Массасы 30кг қозғалмай тұрған салдан (плот) массасы 45 кг бала жағаға секірді. Сонда сал 1,5 м/с жылдамдыққа ие болады. Баланың жылдамдығы қандай?
№266. Массасы 46кг бала массасы 1т салдан 1,5м/с жылдамдықпен жағаға секірді секірді. Сал қандай жылдамдыққа ие болады?
№1.карточка
Тәжірибе жасау.(құрал- жабдықтарды пайдаланып,тәжірибе жасап көрсету.)
№270. Үстелге қысқа, еңкіш науа көлбеу орналасқан, оған ұзын горизонталь науа жалғастырылған (61-сурет). Массасы 1-ге тең деп алынған үшінші шармен әрекеттескен басқа екі шардың массасын салыстыру.
№2.карточка
Жылдамдықтың формуласын, жылдамдықтың өлшем бірлігін, жылдамдықтың белгіленуін жазып көрсету.
№2.карточка
Роликті коньки киген екі бала бір- бірінен кері итеріліп, қарама- қарсы жаққа қарай сәйкес 3м/с және 4м/с жылдамдықпен сырғанап кетті. Бірінші баланың массасы 40кг. Екінші баланың массасы неге тең?
№272. Есеп.(Тәжірибе жасау)
Үстел үстінде үш науадан тұратын қондырғы құрастырылған (62-сурет) . Соғылысқаннан соң біріне- бірі қарсы, бірдей биіктіктен жіберілген екі шар қалай домалар екен , егер олардың массасы бірдей болса, әр түрлі болса ше? Жауабын тәжірибемен тексеріңдер.
Сөз жұмбақ
1. Қозғалыстағы дененің артында қалатын із.
2. Заттың қатты күйіне тән қасиеттері қандай?
3.Заттың сұйық күйіне тән қасиеттері қандай?
4. Заттың газ күйіне тән қасиеттері қандай?
5.Масса бірлігі ретінде не қабылданған?
6. Денелердің өзара әрекеттесуі деген не?
Жауаптары:
Траектория
2.Пішіні мен көлемін сақтау
3.Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту
4.Газдың тұрақты көлемі мен нақты пішіні болмайды, ол берілген көлемді түгел қамтиды.
5. Масса бірлігі ретінде- кг, т, г, мг
6.Бір немесе бірнеше денелердің әрекеттесуі.
Мысалы, адам ауыр шкафты орнынан қозғалтпақ болып итерген кезде ол Жермен және шкафпен өзара әрекеттеседі.
Топпен сайысы (Әр түрлі сұрақтар)
1-топ
Қандай формулаларды білесің?
2-топ
Физикалық құрал-жабдықтарды білесіңдер?
3-топ
Қандай өлшем бірліктерді білесіңдер?
4-топ
Қандай физикалық шамаларды білесіңдер?
5-топ
Физикалық шамалардың белгіленуін жазып көрсетіңдер?
Жауаптары:
1-топ.Жылдамдықтың, жүрілген жолға, уақытқа байланысты , негіздері бірдей сандардың дәреже көрсеткіштері бар.(*; :),Денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі масса мен жылдамдықтың қатынасына байланысты.
2-топ. Мензурка, таразы( әртүрлі түрлері бар), машина,штатив, көлбеу науа, шариктер, қысқыш,стакан, сызғыш, цилиндр тәріздес денелер, білеуше , бұрандалар,т.б.
3-топ. м,кг,г, т, с,сағ, тәулік, мин, литр,км/ сағ, м/с,мг,т.б.