kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Физика бізді? болаша?ымыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділігі             Білім алушыларды физика п?ніне ?ызы?тыра отырып,

                                   оларды? логикалы?  ой-?рісі мен білім-білік да?дыларын,

                                   шы?армашылы?  ?абілеттерін  

                                   ?алыптастыру.

     Дамытушылы?: Білім алушыларды? білімін  жетілдіре отырып,

                                    оны ?олдана білу да?дысын, шы?армашылы?  

                                    ?абілеттерін дамыту.

       Т?рбиелік:          Адамгершілікке т?рбиелеу, топпен, ?жыммен ж?мыс жасай білуге   

                                    баулу, жа?ымды орта ?алыптастыру.

    Саба?ты? т?рі:   Д?ст?рден тыс саба?

    Саба?ты? типі:   Сайыс саба?

    Саба?ты? ?діс-т?сілдері:  сыныптан тыс ?йымдастыру шарасы, ойын, а?ыл-ой шабылуы, к??іл к?теру элементі, топты?, с?ра?-жауап,баяндау.

?олданылатын к?рнекілігі:  физикалы? ??ралдар, компьютер, слайд

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Физика бізді? болаша?ымыз »


Пәні: «Физика, астрономия»

Оқу тобы: № 94

Тақырыбы: Физика біздің болашағымыз

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі Білім алушыларды физика пәніне қызықтыра отырып,

олардың логикалық ой-өрісі мен білім-білік дағдыларын,

шығармашылық қабілеттерін

қалыптастыру.

Дамытушылық: Білім алушылардың білімін жетілдіре отырып,

оны қолдана білу дағдысын, шығармашылық

қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, топпен, ұжыммен жұмыс жасай білуге

баулу, жағымды орта қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ

Сабақтың типі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сыныптан тыс ұйымдастыру шарасы, ойын, ақыл-ой

шабылуы, көңіл көтеру элементі, топтық, сұрақ-

жауап,баяндау.

Қолданылатын көрнекілігі: физикалық құралдар, компьютер, слайд

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қатысатын оқушылар

ІІІ. Топтар жарысы

ІV. Жарыс шарттарымен таныстыру

V. Қазылар алқасымен таныстыру

VІ. Қазылар алқасының қорытындысы

Қайырлы кеш, қадірменді қонақтар, ұстаздар! Баршаңызды «Физика біздің болашағымыз» атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер.

Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

ІІ. Топқа бөлу. Алдымен қатысатын оқушылар екі топқа бөлінеді.

ІІІ. Топтар жарысы. Енді екі топқа жұмбақ жасырамын. Сонын шешімін тапқан топ сол топқа атқа ие болады.

Құрметтейік ғалымды

Ғылымды алға жылжытқан

Инерция құбылысын

Айтшы, достар, кім ашты?

(Галилео Галилей)

Қасына емес басына

Алма түсіп қасына

Тартылыс заңын таптым деп

Кетті ғалым асыға

(Исаак Ньютон)

ІV. Жарыс шарттарымен таныстыру

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты ол –

Еңбектену жалықпау

Сәт сапар тілеп бәріңе

Сайысты енді бастайық!

Сайыс мынадай белестерден тұрады.


  1. «Өткел»

  2. «Белес»

  3. «Орамал тастау»

  4. «Асу»

  5. «Жерұйық»

  6. «Серпілу»


1-кезең. Ойынның алғашқы «Өткел» кезеңінде топтар өздерін таныстырады.

2- кезең. «Белес» кезеңінде әр топқа 10 сұйықтан қойылады. Дұрыс жауапқа 5 балл қойылады.


«Галилей» тобына

  1. Молекулалары бейберекет үлкен қозғалыста болатын заттың агрегаттық күйі (Газ)

  2. «Физика» гректің қандай сөзінен шыққан (Табиғат)

  3. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы (Телескоп)

  4. Тығыздықтың өлшем бірлігі (кг/м3)

  5. Сандық мәнімен бірге бағыты да бірге көрсетілген шаманы ата (Күш)

  6. Ғылыми деректермен негізделген жорамал (Болжам)

  7. Жарықтың әсерінен заттардан электрондардың ыршып шығу құбылысы қалай аталады (Фотоэффект)

  8. Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал массасына кері пропорционал зат. Бұл қандай заң? (Ньютонның ІІ заңы)

  9. Алғашқы радиоқабылдағыштарды ойлап тапқан орыс инженері кім? (А.С.Попов)

  10. Айнымалы тоқтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал қалай аталады? (Трансформатор)



«Ньютон» тобы

  1. Дене молекулалары бір-біріне жанасқан кезде өз-өзінен бір-біріне ену құбылысы қалай аталады? (Диффузия)

  2. Жұлдыздар жүйелері шоғырларын не деп аталады? (Галактика)

  3. Массасы 1 кг отын түгел жанғанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығатынын көрсететін физикалық шаманы ата (Отынның меншікті жану жылуы)

  4. Физикада бірінші ұстаз атанған ғалым (Аристотель)

  5. Жылдамдықтың өлшем бірлігі. (м/с)

  6. Атом қандай бөлшектерден тұрады? (электрон,протон,нейтрон)

  7. Дыбыс толқындарын техникалық қабылдағыш (микрофон)

  8. Жарық дифракциясы байқалатын тосқауылдармен саңылаулардың жиынтығы (Дифракциялық тор)

  9. Қысым тұрақты,температура мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесс қалай аталады. (Изобаралық)

  10. Денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модульі бойынша өзара тең және бағыттары бойынша қарама-қарсы .(Ньютонның ІІІ заңы)


Жанайық, мәңгі сөнбейік,

Мынаған көңіл бөлейік,

Орамал тастап ойнайық,

Сұраққа жауап берейік,- дей келе, «орамал тастау» ойынына берейік.

ІІІ. «Орамал тастау» ойыны

  1. Зат неден тұрады?(Молекула)

  2. Бізді қоршаған орта? (табиғат)

  3. Ең жақын жұлдыз? (Күн)

  4. Молекулалардың бір – біріне өту құбылысы? (диффузия)

  5. Температураны өлшейтін құрал? (термометр)

  6. Мұз қай температурада ериді? (00)

  7. Аспан денелері туралы ғылым? (астрономия)

  8. Молекулалардың ретсіз қозғалысы? (жылулық қозғалыс)

  9. Дене пішінін немесе өлшемдерін өзгертуі? (деформация)

  10. Диффузия қай күйде тез өтеді? (газда)

  11. Дененің жүріп өткен жолы? (траектория)

  12. Қай планетаның сақинасы бар? (Сатурн)

  13. 360 минутта неше сағат бар? (6 сағат)

  14. Судың қатты күйі? (мұз)

ІV. «Асу» кезеңінде сұрақтар екі топтың барлық топ ойыншыларына қойылады.Дұрыс жауапқа 10 балл беріледі.

  1. Ғалым туралы

  1. Негізгі сұрақ.

Ғалымға Герон патшасы алтын тәж жасаған ұстаның адалдығын сынауды тапсырған. Тәжді бұзбай-жармай ішінде қоспасы бар жоғын білуді ұсынған. Бір жолы моншаға барып, толтыра су құйылған ваннаға түскен, су жартылай төгілген, сонда оның ойына мәселенің шешуі келген. Ол қуанғаннан «Эврика! Эврика!» деп айқайлап жіберген.Тәждің салмағын ауада, суға батырып өлшеген. Аңыз бойынша тәж затының тығыздығы таза алтынның тығыздығынан кем болып шықты. Ұстаның өтірігі әйгіленіп, ғалым тамаша табысқа ие болған. Бұл сұрақ бойынша қай ғалым туралы айтылады?

Қосымша көмек: Өзінің туған қаласын Сиракузды қорғау үшін әскери машина ойлап тапты. Ол «маған тіреу нүктесін беріңдер, Жер шарын да орнынан қозғалта аламын»,- деп айтқан.

Жауабы: Архимед (б.з.б 287-212)

  1. Негізгі сұрақ. Бұл құбылысты алғаш рет суда қалықтаған Плаун спорасын микроскоппен қарап, бөлшектерін пайдаланады. Бұл бөлшектер бей-берекет қозғалыста болады. Ең ғажабы бұл қозғалыс еш уакытта тоқтамайды. Температура артқан сайын молекуланың қозғалғыштығы артады. Бұл құбылыс қозғалысты газда, ауада, қалықтаған тозаңнан немесе түтіннің бөлшектерінде байқаған болатын. Бұл құбылысты неміс физигі ПОЛЬ бақылаушыны қызықтыратын етіп әдемі суреттеген. Бұл қандай тәжірибе, оны ашқан ғалымның есімі кім?

Қосымша көмек: Бұл суықта немесе газда қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.

Жауабы: Бұл құбылысты алғаш рет 1827 жылы ағылшын ботанигі Р.Броун ашқан, Броундық қозғалыс деп атаймыз.

  1. Физикалық құрал: Білім алушыларға сұрақ оқылып, болғаннан кейін физикалық құрал көрсетіледі.

  1. Негізгі сұрақ. Ауа райын сипаттайтын шама, атмосфералық қысым, қорап ішіндегі қысым тұрақты. Сондықтан атмосфералық қысым өзгергенде, мембрана көп немесе аз майысады. Ал мембранаға стрелка бекітілген. Осы стрелка шкаладан атмосфералық қысымды нұсқайды. Бұл қандай құрал деп ойлайсыз?

Қосымша көмек: Бұл құралды итальян ғалымы тәжірибе жүзінде Торричелли ойлап тапты.

Жауабы: Барометр

  1. Негізгі сұрақ. Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылауы бар шардан поршенді цилиндрден тұрады. Егер шарға су немесе түтін толтырып, поршенді бассақ,шардың саңылауларынан су немесе түтін барлық бағытқа бірдей ұзындыққа шапшып, будақтап шығарылатынын бақылаймыз. Бұл қандай физикалық құрал деп ойлайсыз?

Қосымша көмек: Бұл құралмен жасалған тәжірибелерге сүйене отырып, «сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі» ,- деген қағиданы алдық.

Жауабы: Паскаль шары

  1. Негізгі сұрақ: Бұл аспап жылу мөлшерінің дәлірек мәні қоршаған ортамен өзара әрекеттеспейтіндей етіп, оқшауланған денелер арасындағы жылу алмасуды бақылауға арналған.Ол үлкенірек ыдыстың ішіне арасында ауа қабаты болатындай етіп, жылу өткізбейтін кеуек материалдың үстіне қойылған үлкен жұқа қабырғалы екінші бір ыдыстан тұрады. Қабырғалардың арасында ауа қабаты қалады. Жоғары жағынан ыдыстар жылу оқшауландырғыш қақпақпен жабылады. Бұл қандай физикалық құрал?

Жауабы: Калориметр


V. «Жерұйық» кезеңінде білім алушылар есептер шығарады.

Әр топқа 2 есеп беріледі.

Дұрыс шыққан есепке 10 балл беріледі.


«Галилей» тобына:

  1. Жиілігі 0,5 Гц, амплитудасы 80 см болатын гармониялық тербелістердің теңдеуін жазыңдар.Тербелістердің бастапқы фазасы 0 ге тең

  2. Кернеу 220 В , тоқ күші 5 А желіге жалғанған электрқыздырғыш 30 мин жұмыс істегенде, қанша электр энергиясының шығыны болады?

«Ньютон» тобы:

  1. Тербелістің амплитудасы 12 см, ал жиілігі 50 Гц. Тербелістін нүктенің 0,4 с өткеннен кейінгі ығысуынын есептеңдер. Тербелістің бастапқы фазасы нөлге тең.

  2. Қуаты 11кВт, 220 В кернеуге есептелген, электрқондырғының кедергісін табыңдар.

V сайысқа келген қонағымызды таныстыру.

Мұғалім. Оқушылар есеп шығарып болғанша бүгінгі сайысымызға келген қонағымызды шақырайық.

Салеметсіз бе ? Өзіңізді таныстырып өтсеңіз?

Менің аты-жөнім Оқыптуған Тапқышбекұлы. Шет елдерде Вундеркинд деген досым бар.Сіздердің коллеждеріңізде физика апталығы болып жатыр деген соң бір кәдеге жарармын деп, ат басын әдейі бұрдым.

Мұғалім: Бәрекелді! Қош келдіңіз! Бізге де сіз секілді көңілді, әзілқой, тапқыр адам керек еді. Ал құрметті көрермендер, Оқыптуғанға қоятын сұрақтарыңыз болса, орындарыңнан тұрып қоюларыңа болады.

  1. Сұрақ. Бізге мұғалімдер кішкене білмей қалсақ, «су мисың» деп ұрсады. Сол дұрыс па?

Мұғалім: Ой сіздер де қоймас сұрақты қояды екенсіңдер?

Оқыптуған: Жоқ, дұрыс сұрақ, жауап беруге болады. Адам организміндегі заттардың ең көбі су. Ол қанның 79,3 пайызын, сүйектің 22 пайызын, бұлшық еттің 76 пайызын құрайды. Ал есептеп қарасақ, мидың 83,3 пайызы судан тұрады. Сондықтан балалар мұғалім сендерге су мисың деп ұрысса, оған ренжимей-ақ қойыңдар, өйткені ол ғылымда дәлелденген.

  1. Сұрақ. «Ішің күйсе, тұз жала» ,- деген мақалды түсіндіріп берсеңіз?

Мұғалім: Ойпырмай сұрақтың да түрі көп болады екен ғой?

Оқыптуған: Күн ыссы да адам шөлдейді. Өйткені термен бірге денедегі тұз да шығады. «Қардың басын қар алар, ханның басын хан алар» ,- демекші шыққан тұздың өтеуін тұз ғана өтейді. Сондықтан, қатты шөл қысқанда, 5 граммдай ас тұзын жеп немесе құрғаған тамақты тұзды сумен шаю керек.«Ішің күйсе, тұз жала» ,- деп іші тар адамдарға емес, шөл қысқан адамдарға айту керек. Сіздердің білім алушыларыңыз ылғи сұрақ қоюға шебер екен. Сұрағы бар адамның жауабы да болуы керек. Ал , олар менің сұрағыма жауап берер ме екен? Оқыптуған сұрақтары:

  1. Мұз суда неліктен жүзеді? (Өйткені мұздың тығыздығы судың тығыздығынан аз)

  2. Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

  3. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (Құс жолымен)

  4. Көзіңмен көресің бірақ ұстай алмайсың? (Көлеңке)

  5. Маса мен шыбыннын қанатын қайсысы көбірек қағады? (маса)

  6. Теңіз не себепті көк болып көрінеді? (Көк аспанды шағылдырады)

  7. Жүрегінің қуаты 2,2 Вт, ғұмырында 40 тн тамақ жейді, жердегі ең ақылды тіршілік иесі? (Адам)

Оқыптуған өзінің ғашығына арналған өлеңін физика тілімен айтып береді.

«Бір физиктің махаббаты»

6-кезең «Серпілу» сәті.

VІ. Қадірлі ұстаздар мен білім алушылар сайыскерлер үшін ат салысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін рақмет айтамыз.

Ғылым дами берсін ғаламдағы

Білімді үйренейік жаңа замандағы

Аман –сау тұрыңыздар, осыменен,

Физикалық сайысымыз тәмамдалды.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Физика бізді? болаша?ымыз

Автор: ??ндызбаева ?арлы?аш Жантас?ызы

Дата: 15.05.2015

Номер свидетельства: 211697


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства