Оқушылар постер арқылы үй тапсыпмасын қорғайды, суреттің артында жасырылған сұрақтарға жауап береді.
Уақыттың негізгі бірліктері? (Тәулік, ай, жыл)
Өліаралық ай ұзақтығы қаншаға тең? (29,53 тәулік)
Тропиктік жыл дегеніміз не? (Жер орбита бойымен Күнді 365 тәул. 5 сағ 48 мин 46с айналып шығуын)
Күнтізбе түрлерін ата? (Ай, Күн, жұлдыз, Ай-күн)
Декреттік уақыт қай кезде ендіріледі? (1930 жылы)
Қазіргі кезде халықаралық деңгейде қолданылып жүрген күнтізбені кім, қашан енгізді? (Рим папасы Григорий, 1582 ж)
Тәулікті тең 24 сағатқа бөлген кім? (Грек астрономы Птоломей)
Юлиан күнтізбесі бойынша бір жылдың ұзақтығы қандай? (365 күн 6 сағ)
Не орнынан қозғалмай жүреді? (Уақыт)
ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:
Поляк ғалымы Николай Коперник күн жүйесінің гелиоцентрлік моделін жасаған кезде планеталардың шеңбер бойымен тұрақты жылдамдықпен қозғалады деген қағидасын сақтап қалды.
XVII ғасырдың басында неміс астрономы Иоганн Кеплер аспан денелерінің орбиталары шеңберден өзгеше екендігін анықтады. 1609-1619 жылдары планеталар қозғалысының үш заңын ашты.
Кеплердің бірінші заңы- планета орбитасының пішінін анықтайды: барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның бір фокусында Күн орналасады.
Орбитаның Күнге ең жақын нүктесін перигелий- (грекше peri-таяу, helios-күн), оның ең алыс нүктесін афелий (грекше алыс) деп аталады.
Астрономияда Жердің Күннен орташа қашықтығы Күн жүйесінде қолданылатын қашықтық өлшеу бірлігі астрономиялық қашықтық деп аталады. 1 а.б.=149 600 000 км.
Кеплердің екінші заңы –аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус –векторы бірдей аудандар сызып шығады.
Кеплердің үшінші заңы планеталардың орбиталық периодтары мен олардан Күнге дейінгі қашықтық арасындағы байланысты анықтайды.
Кез-келген екі планетаның Күнді айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасына тең болады.
Кеплер заңдарын тек Күн жүйесі денелерінің қозғалыстарына ғана емес, барлық аспан денелері жүйелерінің қозғалыстарына да қолдануға болады.
Сабақты пысықтау.
Кім жылдам?(6 әріптен келетін сөздерді табу)
Тақтаға ватманға әріптер жазылып ілінеді,оқушылар сол бойынша 6 әріптен тұратын сөз құрастыруы керек.