kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ЫТУ МЕН О?УДА ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯНЫ ?ОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данная работа представлена в виде урока проведенного в средней школе в 9 классе по предмету физика на тему " Величины характеризующие колебательное движение" Цель урока: дать понятие о величинах характеризующих колебательное движение; создание коллабративной среды, взаимная работа в группах, умение соглашаться с мнением членов группы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ЫТУ МЕН О?УДА ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯНЫ ?ОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ »

ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

Акбуюмова А. Ж ( Арал ауданы, Сексеуіл кенті, № 87 орта мектебі)

Қазіргі таңда біздің мемлекетіміздің білім беру жүйесін жетілдірудің негізгі мәселесі – заман талабына сай білім сапасын жақсарту және қоғам мен мемлекеттің, тұлғаның келешекте маңызды қажеттіліктеріне сай білім жүйесінің барлық компоненттерімен қамтамасыздандыру.

Бүгінгі әлемдік жаһандану жолдарының негізгі бағыты – өзгермелі бәсекелес жағдайға тез бейімделу және даму тұрақтылығының аса маңызды міндеттерін қанағаттандыру. Болашақта елімізді әлемге паш ететін, сонымен қатар 50 елдің қатарына қосатын құдіретті күш – білім. Білімді тиянақты меңгерту, шығармашыл бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған шәкірт тәрбиелеу барлық қазақстандық ұстаздардың міндеті. Сондықтанда оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін мұғалімнің күнделікті өз жұмысында қолдануы мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудің бірден бір жолы деуге болады.

Білім беру үдерісінде педагогикалық технологиялардың сан түрлі әдістемелері мен жүйелерінің ішінде жоғары деңгейге қол жеткізген конструктивтік оқытуға негізделген тәсілді бүгінгі таңда мектептеріміздегі педагог қызметкерлердің педагогикалық іс-тәжірибелерінде кеңінен қолданылып аяқ алып келеді. Заман талабына сай бейімделе білген кешегі мұғалім жаңа формация мұғаліміне айналып – кері байланыс орната білетін, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеуші, сыни көзқарасқа бейім, коммуникативті өзіндік көзқарасы қалыптасқан, шешім қабылдай алатын рухани- адамгершілікті белсенді тұлға болды десем қателеспеймін. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты, білімі қажет. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктерін өсіп келе жатқан жеке тұлғаның бойына сіңіру, инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, оқудағы жаңалықтарға құштарлықтарын мен қызығушылықтарын ояту үшін мұғалім тынбайтын ізденімпаз әрі шебер бола білуі де маңызды. Бұрыңғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану , оқудың шығармашылық сипатын арттыра түседі. Шәкірттеріме сапалы және табысты білім беру мақсатында физика сабақтарында оқыту мен оқудың жаңа әдіс тәсілдерін пайдаланып келемін. Өткен жылдармен салыстыра келе, қазіргі таңда оқушылардың сабаққа деген белсенділіктері мен ынталарының оянғаны байқалады. Оқушылар өз беттерімен ізденіп, шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтары артты. Әсіресе «Синквейн» әдісі бойынша бес жолды өлең шығару мен тақырыптық сөзжұмбақтар құрастыруда жоғары белсенділіктері мен ептіліктерін танытады. Осы орайда 9 сыныпта «Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар» тақырыбында өткізілген сабағымда назарларыңызға ұсынамын.

Мұғалімнің аты-жөні

Акбуюмова Ардақ

№ 87 мектеп Арал

9 сынып

27.11.13

5 сабақ


Сабақ атауы

§ 25. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар

Жалпы мақсаты:



Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар туралы білім беру;

Өзара бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже:

Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар туралы білетін болады;

Өзара бірлесіп тербелістердің периодын, жиілігін табуға есептер шығаруды үйрене бастайды;


Негізгі идеялар:

Механикалық тербелістердің ерекшеліктерін және олардың механикалық қозғалыстардың басқа түрлерінен айырмашылығын оқып, білу;

Тапсырмалар:

  1. Топтық жұмыс – «ҒЗО» әдісі

  2. Жұптық жұмыс – Кеңейтілген тапсырма

  3. Жеке жұмыс - Сөйлемді жалғастыр


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары


Уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті


3 мин





7 мин























2 мин












2 мин




5 мин












10 мин











2 мин











10 мин


















2 мин












І.Ұйымдастыру кезеңі (слайд №1)

а) Оқушылармен сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын орнату;

ә) Топқа бөлу (тренинг); Топ ережесін ескерту


ІІ. Өтілген материалды жинақтау, жүйелеу

Сөйлемді жалғастыр (слайд №2)

  1. Бір шеті қысқышқа бекітілген металл пластинаны майыстырып тұрып жібере салса немесе таразының тілі, домбыра шегі, желді күнгі ағаш бұтақтары: . . . . .

  2. Бұл қозғалыстардың ұқсастығы: . . . . . .

  3. Тербеліп тұрған дене қандай да бір уақыт өткен соң: . . . . . . . . . . . . . . . . . .

  4. Механикада дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысы: . . . . .

  5. Ығысу: . . . . . . . . . . . .

  6. Серпімділік күшінің әрекетінен болатын тербелістер: . . . . . . . . . . .

Жасаған жұмыстарын тексеру сұралады (слайд №3)

Оқыту үшін бағалау (5- өзін-өзі бағалау), (слайд №4)

Бағалау критерийлері:

Бәрі дұрыс: күліп тұрған смайл

1 қате: тілін шығарып тұрған смайл

2 қате: ренжіп тұрған смайл

3 қате: жылап тұрған смайл

ІІІ. Тұсаукесер

Маятник тербелістері ( плакат № 3 )

IІІ. Жаңа материал (слайд№5)


а) Тың ақпарат беру


А – амплитуда – [ м]

x – ығысу- [м]

Т – период - [c]

v – жиілік - [с -1] [Гц] неміс физигі генрих Герц құрметіне

фаза – жоғарғы сыныптарда танысамыз

ә) Топтық жұмыс ҒЗО (слайд №6)


1 топ – Тербеліс периоды мен математикалық маятник массасы арасындағы байланыс; (қосымша № 1)


2 топ – Тербеліс периоды мен математикалық маятник ұзындығы арасындағы байланыс;

(қосымша № 2)


3 топ – Тербеліс периоды мен тербеліс амплитудысы арасындағы байланыс;

(қосымша № 3)


4 топ – Тербелістегі дене траекториясының нүктелеріндегі жылдамдық пен үдеудің мәндері;


б) Топтардан өзара бағалау сұралады

Оқыту үшін бағалау (2- топтарды өзара бағалау), «2 жұлдыз 1 ұсыныс» әдісі

Бағалау критерийлері:

  1. Жұмыс мазмұнының ашылуы, баяндалуы

  2. Топтағы тыныштықтың сақталуы

  3. Регламент


ІV. Білімді жинақтау және жүйелеу


а) Кеңейтілген тапсырма


1.Тербеліс периоды 5 с болса. Тербелістің жиілігі неге тең? (0,2Гц)
2. Тербеліс жиілігі 25 Гц тең. Периодын анықта? (0,04с)
3. Егер бір толық тербелістің уақыты 5 секунд екені белгілі болса, онда 40 секунд ішінде маятник неше тербеліс жасайды? 
(8 тербеліс)
4. 80 секунд ішінде маятник 20 тербеліс жасады. Тербеліс жиілігі мен периодын анықтаңыз? (4с, 0,25Гц )

Оқыту үшін бағалау (8- түзетулерді орындау)

ә) Рефлексия (қорытындылау)

Керемет! Балалар біз бүгін жақсы жұмыс істедік. Бүгінгі сабағымызды қорытындылап көрейік. Сабақтағы көңіл-күйлеріңіз.

  1. Ешқандай әсер алғаным жоқ

  2. Жақсы

  3. Нашар

Кейінгі тапсырмалар: № 21 жаттығу

Кейінгі оқу: § 25түсініп оқу, талдау, анализ жасау


Оқушылар сәлемдеседі.

Өзара ынтымақтасып, топтарға бөлінеді, топтағы міндеттерін реттейді.




Өтілген материал бойынша ойларын жинақтап, жүйелейді. Берілген сөйлемдерді толықтырып, аяқтап жазады.













Интерактивті тақта арқылы дұрыс жауаптарды тексеріп, әр оқушы өзін-өзі бағалайды.

















Оқушы жауаптары тұжырымдалады.





Оқушылар тың ақпаратты мұқият тыңдайды



Ғылыми –зерттеу орталық жұмысы, оқушылар бірлесіп практикалық жұмыс жасайды. Өлшеулер мен есептеу жұмыстарының нәтижелерін постерге түсіреді. Әр топ өз жұмысын тақтада баяндап, түсіндіріп береді.





Топтар өзара бір-бірінің жасаған жұмыстарына топ ішінде ойласа отырып бағалау критерийлеріне сүйене отырып кезеңдік бағалауды жүзеге асырады.





Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған мәліметтерін жинақтап, жүйелейді. Берілген тапсырма бойынша есептер шығарады



Тақтадағы дұрыс жауаптармен өздерінің жұмыстарын салыстырып, тексереді







Сұрақтарға жауап береді, ой қорытады.












Қосымша материал:

Қосымша № 1. Өлшеулер мен есептеулер кестесі

Тәжірибе реті

Масса, m [кг]

Тербелістер саны, n

Уақыт, t [с]

Тербеліс периоды, Т [с]


1





2











Қосымша № 2. Өлшеулер мен есептеулер кестесі

Тәжірибе реті

Маятник ұзындығы

L, [м]

Тербелістер саны, n

Уақыт, t [с]

Тербеліс периоды, Т [с]


1





2









Қосымша № 3. Өлшеулер мен есептеулер кестесі

Тәжірибе реті

Тербеліс амплитудасы,

А=хmax [м]

Тербелістер саны, n

Уақыт, t [с]

Тербеліс периоды, Т [с]


1





2







Өткен оқу жылында үшінші (негізгі) деңгей бойынша біліктілігімді арттырып, осы бағдарламаның негізгі идеяларын өз мүмкіндігімше жүзеге асырып, жұмыс жасап келемін. Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды:

  • Ынтымақтастыққа үйренді;

  • Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренді;

  • Өз ойларын еркін жеткізуге үйренді;

  • Өзіне-өзі баға беруге, сыныптасын бағалауға үйренді;

  •  Бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренді.

Оқушылардың сабақ барысында өздерін еркін сезіне бастағаны, өз ойларын ашық айтуға үйренгендері және де кейбір оқушылардың қарсы пікір айтып, өз дәлелдемелерін ұсыну сияқты өзгерістері сындарлы оқудың алғышарттары деп түсінемін. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар демекші, сынып ішінде еркіндік атмосферасын қалыпты ұстап отыру, оқушылардың өздерін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасап отыру, оқушының оқуға деген, өз ісіне деген жауапкершіліктерін арттыру бүгінгі мұғалімнің негізгі мақсаты деп ойлаймын.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Н. Утекова. Оқытудың жаңа технологияларын пайдалану //Ғылыми – әдістемелік журнал. 2013, № 3 – 48 бет.

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
О?ЫТУ МЕН О?УДА ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯНЫ ?ОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

Автор: Акбуюмова Ардак Жетаевна

Дата: 08.04.2015

Номер свидетельства: 199144


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства