Просмотр содержимого документа
«Радиактивті с?улелерден ?ор?ану м?селелері»
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Өмірлік орта мектебі
(физикадан ашық сабақ)
Физика пәнінің мұғалімі: Амиргазина Толкын Мукатовна
2015-2016 оқу жылы
Сабақ тақырыбы: §64
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері, организмге зияндылығын, тірі организмдерге зиянды әрекеттерін оқушыларға ұғындыру. Дамытушылық: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; зиянды сәулелердің дозасын анықтауға есептеуге дағдыландыру, өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету. Тәрбиелік: адамгершілікке, патриотизмге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ Сабақтың типі : жаңа материалды меңгеру Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, кеспе материалдар Сабақтың барысы:
1. Үй тапсырмасын сұрау (реферат қорғау) 2. Жаңа сабақ 3. Кітаппен, жұмыс дәптерімен жұмыс 4. Жоба жасау а)радиацияның қауіптілігі в) радиациядан қорғану 5. Қорытынды 6. Үйге тапсырма
І бөлім Үй жұмысы
Реферат қорғау (үш оқушы қорғайды)
1 Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері
2 Радиациядан қорғану
3 Радицияның ағзаға түсу жолдары мен әсері.
ІІ бөлім Жаңа сабақ. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты радиоактивті сәулелердің адам ағзасына әсері, қо- сөз Физик мұғалім Радиоактивті сәулелер, нейтрондар ағыны қоршаған ортаға, әсіресе тірі организмге зиянды әсерін тигізеді. Радиоактивті сәулелерді иондаушы сәулелер немесе қысқаша радиация деп те атайды. Белгілі энергиялары бар бұл сәулелер мен бөлшектер денелердің молекулалары мен атомдарын иондайды. Олардың химиялық белсенділігі өзгереді, клеткалар мутацияға ұшырайды, хромосомодағы гендерді зақымдайды, түрлі физиологиялық күрделі ауытқулар туады. Сәуле шығарудың интенсивтігі күшті болса, катерлі ісік және сәуле аурулары дертіне шалдығады., тірі организмдердің өлуі мүмкін. Сәулелену тұқым қуалауға күшті әрі жағымсыз әсерін тигізеді.
а) Радиацияның қауіптілігі б) Иондаушы сәулелердің биологиялық әсері. в) Шығарылған сәуленің жұтылған дозасы деп жұтылған энергияның сәулеленген заттың массасына қатынасын айтады.
D= E/ m Si жүйесінде шығарылған сәуленің жұтылған дозасының өлшем бірлігі – 1 Гр(грей) Массасы 1 кг сәулеленген затқа иондаушы сәуле шығарудың 1Дж энергиясы берілгенде шығарылған сәуленің жұтылған дозасы бір грэйге тең; 1Гр= 1Дж/кг Іс жүзінде сәулеленудің экспозициялық дозасы деген шама қолданылады. Ол рентгендік және гамма - сәулелердің құрғақ ауаны иондау эффектісі бойынша өлшенеді. Оның Si жүйесінен өлшем бірлігі рентген – 1Р 1Р = 2, 58 *10 - 4 Кл/кг Радияцияны өлшейтін дозиметрлерде 1Р= 0, 01Гр деп есептеледі.
Тірі организмдердің сәулеленуден зақымдануы сәуле шығарудың түрлеріне байланысты. Иондаушы сәулелердің биологиялық әсерін рентгендік және гамма - сәулелердің биологиялық әсерлерімен салыстыру қабылданған. Сондықтан сәуле шығарудың тірі организмдерге әсерін арнайы шама - эквивалентті дозамен сипаттайды. Шығарылған сәуленің жұтылуының эквивалентті дозасы деп жұтылған дозаның биологиялық эффективтік (тиімділік) коэффициентіне көбейтіндісіне тең шаманы айтады: D= k*D K – биологиялық эффективтік коэффициенті, ол тәжірибелік жолмен анықталады. Рентгендік,- сәуле β - сәуле, γ - сәуле үшін k =1, жылулық нейтрон үшін k= 2, 3, шапшаң нейтрон k =10, 0, α - сәуле үшін k=20, 0 қабылданған.
Радиоактивті сәулелердің әсеріне біз жиі ұшыраймыз. Бұндай радиацияның көзі - ғарыш сәулелері, Жердегі радиоактивті заттар ғимараттар, рентгендік қондырғы, телевизор, адамның денесі (біздің денемізде 0, 01г радиоактивті 4013 К)
Атомдық электр станцияларда радиоактивті изотоптармен, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істейтін адамдардың радиациядан қорғану шараларын орындау қажет. Радиациядан қорғану шараларын жүзеге асыру. ршаған ортаға зияндылығы.
ІІІ бөлім Сабақты пысықтау
(жұмыс дәптермен жұмыс)
Радиоактивті сәулелер тірі организмдерге қандай қаупі бар? 2. Жұтылған доза деп нені айтады? 3. Эквивалент доза дегеніміз не?
ІV бөлім Сабақты бекіту Жоба жасау а) радиацияның қауіптілігі в) радиациядан қорғану
Сыныпты екі топқа бөліп, тақырыптары бойынша флипчартқа жаңа сабақта түсінгендерін толықтырып жазады. Сосын әр топ постерлерін тақтаға шығып қорғайды, бір –бірін критерийлері бойынша бағалайды.
Бағалау критерий бойынша бағалайды
Тақырыбы
1 ұпай
2 ұпай
3 ұпай
1 . Мазмұныдылығы
Шала, нақты емес
Жартысы
Толық
Әдемілігі
Бір түсті түс
Түстері аралас, нақты мазмұнды
Суреті бар, нақты
Көлемі
2/4 бөлімі
¾ бөлімі
Түгел көлемін алған
V бөлім Рефлексия :
Халықты радиациядан қорғау және басқа елдердің радиактивті қалдық тарын Қазақстанда көміуге сендердің көзқарастарың қандай?