Саба?ты? жоспарында теориялы? с?ра?тар?а жауап беру, с?зж?мба? шешу, есептер шы?ару, о?ушыларды? орында?ан баяндамалары, тест тапсырмасы, ассоциация ?дісі ар?ылы с?ра?тар?а жауап беру,
тиісті с?здерді ?з орнына ?ойып, аны?таманы о?у кезе?дері бар. О?ушылар ?з беттерімен ж?мыс істей отырып п?нге деген ?ызы?ушылы?ын, ойлау ?абілеттерін арттырады ж?не білімді ме?герудегі к?з?арасы ?алыптасады,электронды о??лы?пен ж?мыс істеу барысында ?рбір о?ушы бейнек?ріністер,м?тінмен толы?ымен ж?мыс істей алады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Рентген с?улелері саба? конспектісі »
Пәні: Физика 9сынып. Сабақтың тақырыбы: Рентген сәулелері. Сабақтыңтүрі: Аралас сабақ, өтілген тақырыпты қайталай отырып, жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Оқушыларға рентген сәулесінің ашылуын, қасиеттерін және өмірде қолданысын меңгерту, түсіндіру.
Ә) Тәрбиелік: Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Ә) Дамытушылық:Оқушылардың нақты және жүйелей ойлау қабілетін арттыру, сабаққа деген ынтасын арттыру.
Сабақтыңәдісі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелесу. Көрнекі құралдар: плакаттар, презентациялар, оқулық,суреттемелер,сәуле түтігі, физика есептер жинағы, электрондық оқулық. Пәнаралықбайланыс: биология, химия,математика
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) 2. Үй тапсырмасын тексеру (10- минут) 3. Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру. (2минут) 4. Жаңа сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсаты мен міндетін анықтау(1- мин) 5. Жаңа тақырыпты түсіндіру. (13) 6. Өтілген тақырыпты қорытындылау(13 мин) 7. Оқушыларды бағалау және үй тапсырмасын беру (2-мин).
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі;үй тапсырмасын тексеру. «Еске түсіру» сайысы болып табылады.1М.Планк формуласы2. Фотоэффект фрмуласы.3. Планк тұрақтысы. Бұл жерде оқушылар арасында шапшаңдық қажет.
1-2-3-оқушы тақтаға есептер шығарады.
№1Есеп. Алюминий пластинаны сәулелендіру кезінде фотоэффект ең аз 1,03 ПГц жиілікте басталады. Электрондардың алюминийден шығу жұмысын табыңдар. (Эв есебімен).(жауабы:4,26Эв)
№2Есеп .Калий үшін фотоэффектінің қызыл шекарасын анықтаңдар.
( жауабы :564нм)
№3Есеп. Толқын ұзындығы 450 нм-ге тең сәуле шығару әсерінен мырышта фотоэффект пайда бола ма? (Пайда болмайды, өйткені мырыш үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы 295 нм) І. « Ой қозғау »:
1. Фотоэффект дегеніміз не?
2. Оның ашылуына қандай тәжірибе себепкер болды?
3. А.Эйнштейннің фотоэффект құбылысын түсіндіру жолы
4. Жұтылған фотонның hν энергиясының жұмсалуы.
5. Керісінше, электрондар үлкен жылдамдықпен металға соғылса, қандай құбылыс байқалар еді?
6. Электрон энергиясы неге айналуы мүмкін?
Сөзжұмбақ № 1 « Рентген».
1.Атом құрылысы туралы қазіргі көзқарасты зерттеген ғалым(Резерфорд).
2.Теріс таңбалы бөлшек(электрон).
3.Бейтарап бөлшек(нейтрон).
4.Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия мөлшері(квант)
5.Теориялық болжам(гипотеза).
6.Сәулелердің әсерінен электрондардың сұйық және қатты дене бетінен босап шығу құбылысы(фотоэффект).
7.Жылулық сәулелердің эксперименттік нәтижесін түсіндірудегі тығырықтан шығу жолын тапқан ұлы неміс физигі(Планк).
Р
е
н
т
г
е
н
Тақтаға шығарылған есептердің дұрыстығын сынып пен тексеру және оларға , баға қойылуы міндетті болу керек.Сөзжұмбақты шешу және теориялық білімдерін тексеру. Сабақ барысында оқушы өз жұмыстарының бағалану туралы мәліметтерді білу тиісті.
Жаңа сабақтың мақсаттары ,тақырыбымен таныстыру.Оқушыларды топтастыру және тақырыпты менгерту сұрақтарды тарату. Слайдтар арқылы сабақтың тақырыбын меңгертуге жағдай туғызу, түсіндіру.Негізгі тақырыптың кейбір түсініктері: Рентген сәулелердің жұтылу дәрежесі заттың тығыздығына пропорционал. Сондықтан рентген сәулелерінің жәрдемімен адамның ішкі ағзаларының фотографиясын алуға болады. Бұл фотографияларда қаңқа сүйектерін және жұмсақ тканьдердің әртүрлі өзгерістерін оңайажыратуға болады. Қазір біздің еліміздегі барлық азаматтар жылына біррет флюорография өтуге тиіс. Рентген сәулелерінің жәрдемімен адам ауырғанын сезе бастаудан бұрын, ауруды алдын ала анықтап білу үшін, кеуде клеткаларының суреті түсіріледі. № Оқушы дайындаған түсінік .Рентген сәулелерінің ашылуы. Бұлсәулелер 1895жылынемісфизигі Вильгельм Рентген ашқан. Рентген өзіне дейінгі көптеген ғалымдардың мән бермеген және аңғара алмағандарын байқай қойды, осы ерекше қабілеті оның тамаша жаңалық ашуына жәрдемдесті. Бұл кезде газ-разрядтық түтіктерде өте шапшаң электрондардың ағыны туғызылған және сол уақытта оларды катод сәулелері деп атаған. Бұл сәулелердің табиғаты сол кезде сенімді түрде тиянақтала қоймаған еді, тек бұл сәулелердің шығатын басы түтіктің катодында екені ғана мәлім болған. Катод сәулелерін зерттеумен шұғылданған Рентген, фотопластина қарақағазға ораулы тұрғанынақарамастан, разрядтық түтікшенің маңында ағарыпқалған. Осыдан кейін ол тағы бір таңқаларлық құбылысты байқады. Барийдің платина ерітіндісіне батырылған қағаз экранға разрядтық түтікшені орағанда, экран ағара бастайтыны байқалды оның үстіне Рентген түтікше мен экранның арасына қолын ұстағанда экранда қолдың нобайының қылаң реңкінде сүйектердің қаракөлеңкелері көрінеді. Ғалым разрядтық түтікше мен жұмыс істегенде бұрын белгісіз күшті, өтімді сәуле пайда болатынынтүсінді. Ол оны Х-сәулелер деп атады. Соңынан бұл сәулелерге «рентген сәулелер» деген термин берік қалыптасты.
Рентген жаңа сәуле катод сәулелерінің (шапшаңэлектрондарағыны) шыны түтіктің қабырғаларына соқтығысқан орындарында пайда болатыны байқалған. Бұл орында шыны жасаудан жарықшығарған. Х-сәулелер шапшаң электрондарды кезкелген кедергімен атапайтқанда металл электрондармен тежегенде пайда болатынын кейінгі тәжірибелер көрсетті.
Рентген сәулелерініңқасиеттері. Рентген ашқан сәулелер фотопластинаға әсеретеді, ауаның иондалуын туғызады бірақ кезкелген бірзаттардан айтарлықтай шағылмайды және сынбайды. Электромагниттік өріс олардың таралу бағытына ешқандай әсерін тигізбейді. Осыдан кейін бірден рентген сәулелері электрондардың кенет тежелуінен шығатын электромагниттік толқындар деген болжам жасалды,өтімділігі және басқа ерекшеліктері дәл осы толқын ұзындығының шағынболуымен байланыстырылады. Бірақ бұл гипотеза дәлелдеуді қажет етеді. Және ондай дәлелдеулер Рентген ашқаннан кейін 15 жылдан соң жасалды. Рентген сәулелерініңқолданылуы. Рентген сәулелері көптеген өте маңызды практикалық қолдау тапты. Медицинада олараурудың диагнозын дұрыс қою үшін, сондай-ақ, рак ауруын емдеу үшін қолданылады.
Рентген сәулелерін ғылыми зерттеулерде өте кең түрде қолданылуда. Рентген сәулелерік кристалдар арқылы өткендегі дифракциялық көрінісіне қарап, кеңістікте атомдардың орналасу реті – кристалдың құрылымын анықтау мүмкіндігі туады. Органикалық емес кристалл заттар үшін мұны орындау онша қиын болмады. Алайда рентген – құрылымдық анализ арқылы өте күрделі органикалық қосылыстардың, белоктардың құрылысын түсіндіруге мүмкіндіктер бар. Атап айтқанда, он мыңдаған атомдардан құралған, гемоглобин молекуласының құрылымы анықталған.
Бұл жетістіктерге сәулелерінің
Толқын ұзындықтарының шағындығы нәтиже сінде қолжетті, толқын ұзындығы жәрдемімен дұрысында молекулалардың құрылымын көруге болатындай еді. Көру деп отырғанымыз сөзбе-сөз мағынада емес мұндағы мәселе дифракциялық көріністі анықтау, соның жәрдемімен көлеңке беттерін, оны түсіндіре отырып, атомдардың кеңістікте орналасу сипатын анықтауға болады. Рентген сәулелерінің қолданылатын жерлерінің ішінен рентгендік дефектоскопияны – құймалардағыақауларды, рельстердегі сызаттарды табу, пісірілген жіктердің сапасын анықтау т. б. Әдісін айта кетуге болады. Рентгендік дефектоскопия бұйымдарда қуыс немесе бөгде қосылыстар бар болса, рентген сәулелерінің жұтылуы өзгеретініне негізделген. Рентген сәулелерініңқұрылысы. Қазіргікезде рентген сәулелерін шығарып алу үшін, рентген түтіктері деп аталатын құрылғылар жасалған. Олардыңконструкциясын Рентген жасаған алғашқы аппараттардан анағұрлым жақсы. 1-суретте электрондық рентген түтігінің ықшамдалған схемасы кескінделген. Катод 1 вольфрамнан жасалған қылсым, ол термоэлектрондық эмиссия есебінен электрондар шығарады. Цилиндр 3 электрондар ағынын фокустайды, сонан соң олар металл электродпен 2 (анодпен) соқтығысады. Осыдан рентген сәулелерітуындайды. Анод пен катодтың арасындағы кернеу бірнеше ондағанкиловатқа жетеді. Түтікте, толық вакуум жасалады; ондағыгаздың қысымы 10-5 – 10-7мм сынақ бағанасына теңболады.
Рентген сәулелерінің толқын ұзындығы 10-9м-ден 10-10дейіңгі диапазонда болады. Қуатты рентген түтіктерінде анод сумен салқындатылады, өйткені электрондар тежелгенде көп мөлшерде жылу бөлініп шығады. Электрондар энергиясының 3 ғана пайдалы сәулеге айналады. Рентген сәулелерінің толқын ұзындығы 10 м ден 10 дейінгі диапазонда болады. Олардың өтімділігі зор және медицинада, сондай-ақкристалдар мен күрделі органикалық молекулалардың құрылымын зерттеу үшін пайдаланылады. Өрістің істейтін жұмысы есебінен электронның кинетикалық энергиясы өседі, яғни жылдамдығы артады:
.
Есеп шығару.
Егер рентген түтігінің рентген спектріндегі ең «қатты» сәулелерінің жиілігі 1019 Гц болса, рентген түтігі қандай кернеумен жұмыс істейді? (ФЕЖ, №1128 - есеп)
Өтілген тақырыпты қорытындылау: ассоциация әдісі және тест арқылы.
Ассоциация әдісі ( тест) 1)Рентген сәулесін ашқан қай ғалым? а) Ньютон б) Максвелл с) Рентген д) Эйнштейн 2. Рентген сәулесін қай жылы ашты? а) 1805ж б) 1895ж с) 1896жд) 1835ж 3) Рентген сәулесінің қолданысы қай жерде? а) медицинада б) құрылыста с) ауылшаруашылықта д) дұрысжауабыжоқ 4) Рентген сәулесін қандай арнаулы қондырғыда аламыз? а) осциллограф б) сәулеліктүтіктерде с) рентгендіктүтіктердед) камертон 5) Рентген сәулесінің ашылу құрметіне қандай сыйлық берілді? а) нобель б) кубок с) оскар д) ештеңе берілмеді 6) Құймалардағы ақаулардағы, рельстердегі сызаттарды табу, пісірілген жіктердің сапасын анықтау т. б. Қандай әдіске жатады? а) флюрография б) дефектоскофияс) томографияд) сәулелік терапия 7) Рентгендік сәулелер қандай сәулелерге жатады? а) инфрақызыл б) электромагниттік с) ультракүлгінд) гамма сәуле 8) Рентген сәулесінің зияны бар ма? а) бар б) жоқс)белгілідәрежедед) білмеймін 9) Рентген сәулесі қандай сәулелердің аралығында жатады? а) ультракүлгін мен гамма сәулелердің б) ультракүлгін мен инфрақызылсәулелердің с) ультракүлгін мен ақжарықсәулелердің д) инфрақызыл мен гамма сәулелердің 10) Рентген сәулесіне қандай қасиеттер тән? а) кейбір заттарда жарқыл туғызадыжәне фотоқағазды қарайтады в) көзге көрінбейді с)катод сәулелері д) фотоқағаздықарайтады.
Ассоциация әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру.(Бекіту) 1. Рентген сәулесі жайлы не білдіңдер? 2. Рентген сәулесін ашқан кім және қашан ашты? 3. Рентген сәулесінің өмірдегі қолданысы?
Тиісті сөздерді өз орнына қойып, анықтаманы оқыңыз:
1.Электрондар
2.толқын
3.Өте қысқа
4.Рентген
5.Ұзындығы
6.Жылдам
7.Сәулесі
8.Кенеттен
9.Пайда болатын
10.Тежелгенде
11. Дегеніміз
12.Электромагниттік
13. сәулелер.
Жауабы: Рентген сәулесі дегеніміз – жылдам электрондар кенеттен
тежелгенде пайда болатын толқын ұзындығы өте қысқа
электромагниттік сәулелер.
Білемін
Білгім келеді
Таңқалдырғаны
Оқушыларды бағалау.Сабақтыжақсы меңгеріп, берілген тапсырмаларға белсене жауап берген оқушыларды бағалаймын және күнделіктерге бағаларын қою.
№
«Еске түсіру»
есептер шығару
« Ой қозғау »
Сөз
жұмбақ
Оқушы дайындаған
тапсырма
тест
анықтаманы оқу
Үйге: §52 №40(3) интернет арқылы қосымша мәлімет жинау, 2 оқушы реферат дайындау, сөзжұмбақ құрастырып келу, өткен материалды қайталау.