Просмотр содержимого документа
«Т?ра?ты то? за?дары»
Сабақтың тақырыбы: «Тұрақты ток заңдары» тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың арасында физикадан ойлау дәрежесін арттыра түсу, теориялық білімді тереңдету, физикаға бейімі, қызығушылығы бар оқушылардың практикалық дағдысын дамыту, шығармашылық қабілеттерін тереңдету, ғылым жолына бағыт-бағдар беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ой танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту,ғылыми көзқарасын бекіту.
Тәрбиелік:Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, алған білімдерін техникада және тұрмыста пайдалана білуге үйрету.
Оқушыларды үш топқа бөлу.1 –қатар «Ток күші», 2 –қатар «Кернеу», 3-қатар «Кедергі».
ІІ «Сұрақтар-жауап».
1. Электр тогы деген не?
2. Ток күші неге тең?
3. Ток күшінің өлшем бірлігі?
4. Ток күшін өлшейтін құрал?
5. Электр тогының әсерлері қандай?
6. Ток тығыздығы.
1. Электр кернеуі деген не?
2. Кернеуді өлшем бірлігі?
3. Кернеуді өлшейтін құрал?
4. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы?
5. Электр тізбегі,шартты белгілерін ата?
6. Токтың жұмысы.
1. Электр кедергісі деген не?
2..Кедергінің өлшем бірлігі?
3. Электр кедергісінің схемалық белгісі ?
4. Заттың меншікті кедергісі?
5. Өткізгіштерді қосу формулалары?
6.Токтың қуаты.
ІІІ. «Есептер» (есептер үлестірме беріледі,өздері есеп құрастыру арқылы есептер шығару).
ІV. «Ұлы тұлғалар ». Мұнда тақтаға ғалымдардың суреттері ілінеді,оқушылар төмендегі кестені толтырады.
№
Ғалымдардың
аты – жөні
Туған жылы
Ашқан жаңалығы
1.
Георг Симон
Ом
1787 – 1854
Көрнекті неміс физигі мектеп мұғалімі болып қызмет еткен. Ол тізбектің бөлігі үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік заңын, сондай – ақ тұйық тізбектегі ток күшін анықтайтын заңды ашты. Ом кедергігің өткізгіш ұзындығына және көлденең қимасына тәуелділігін ашты.
2.
Вольта Алессандро
1745 – 1827
Итальян физигі, электр тогы туралы ілімнің негізін қалаушылардың бірі. Вольта бірінші гальвани элементін жасап, электр тогы туралы ғылымға алғаш жол ашты.
3.
Ампер Андре Мари
1775 – 1836
Француз физигі және математигі. Ол электрлік және магниттік құбылыстар арасындағы байланыстар туралы алғаш теорияны жасады. Ампер магнитизм табиғаты жөнінде гипотезаны ұсынды. Физикаға электр тогы деген ұғымды енгізді.
Ү. Үй тапсырмасы.
үйге берілген тапсырма мынадай болатын І, U,.R заңдылықтарына өз өнерлерін көрсету керек. Ал өлең шығару, ертегі, шығарма, зарядтың реттелген қозғалысын қимылмен көрсетуге де болады. Бірінші топ өлең шығарыпты.
Ток күші
Ток күші сенің арқаң өмір сүргеніміз
Сабақ оқу, кір жуып, кино көргеніміз
Қымбат қылып бағаңды өсірсең де,
Қиналсақ та уақытыңды төлейміз біз
Елімнің жетістігі сенің арқаң,
Бай қылдың, егініңмен қылдың дархан
Түтемеген шамыңды жарқыратып
Болдың ғой сен біздің шырағымыз.
2-ші топ ертегі құрастырып әкелген.
Ертеде электр деген хан болыпты. Ол кезде электр энергиясы болған жоқ еді. Электр ханның үш баласы болған. Үлкені Ампер, ортаншысы Вольт, ал кішісі Ом. Ханның балалары ер жеткен соң әкесі олардың басын қосып, электрстанцияның құру жоспары туралы әңгімелеседі. Сонда Ампер мен Вольт жұмысқа бірден кірісті, ал Ом болса олармен келіскен жоқ. Себебі электростанция найзағайдың күшін тартатын еді. Ом ол халыққа қауіп төндіреді деп қорықты. Ампер мен Вольт Омның сөзін тыңдамай өз істерін істей берді. Электростанция құрылып, елге жылу, тоқ берілді. бүкіл ел өздерінің ризалықтарын Ампер мен Вольтке және олардың әкесіне білдірді. Солай бірнеше жыл Ом ағаларына ренішті болды. Ампер мен Вольт өз елінде әйгілі болған соң, басқа елдерге тоқ сатумен айналысқылары келеді. Енді Вольт өз елінде әйгілі болған соң, басқа елдерге тоқ сатумен айналысқылары келеді. Олар енді станцияның найзағайдан алатын күшті арттырумен болды. Енді Вольт тоқтың күшін бір мөлшерде ұстайтын кернеу құралы арқылы жұмыс істегісі келеді.
Бірақ Ампер өзін үлкен санап, Вольтты тыңдамайды. Солай станцияның найзағайдан алатын күшті арттырады. Олар енді жауынды тосты. Жауын жауған күні найзағай станцияға кіріп, двигательдерді істен шығарады да, кедергі жасап, өкінішке орай, өзі апатқа ұшырайды.
Содан бері ел адамдары Амперді тоқ күші, Вольтті-кернеу, ал Омды кедергі деп атап кеткен.
ҮІ . №5 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Өткізгіштерді параллель және тізбектей қосу
Жұмыстың мақсаты: Параллель және тізбектей қосу заңдылықтарын тексеру.
13. Жарықтандыру желісінде пайдаланылатын мыс сымның ұзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 22 мм2. Осы сымның кедергісі қандай? (ρм=0,017 Ом* мм2/м )
а) 0,25 Ом ә) 0,75 Ом б) 0,45 Ом в) 0,85 Ом
14.Өткізгіштің кедергісін анықтамаға сәйкес қай формуламен анықтаймыз
а) R =U/I; ә) R= p*l/S ; б) R= R1+R2; в) R= R/2;
15. Электр шамы ирек сымының ұштарындағы кернеу 1 В болғанда, ондағы ток күші 0,5 А. Сымның кедергісін анықта.