2. Оқушыларды өзара жарыстыра отырып ойларын жинақтай білуге үйрету, анықтамалар және тәжірибелерді есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Белсенділік, іскерлік, зейінділік, ұлттық дүниетанымға, өзара достық көмекке, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қайталау, қорытындылау.
Сабақтыңәдісі: топтық, деңгейлік әдіс.
Көрнекілік: топтың аттары, деңгейлік тапсырмалар, үлестірме карточкалар, тапсырмалар жауаптары, тапсырмасы бар кеспе қағаздар, суретті тапсырмалар, тірек – схема тапсырмасы, физикалық құралдар, жетондар.
Сабақ барысы: І бөлім. 1. Ұйымдастыру. 2. Сабақтың мақсатын түсіндіру.Сыныпты 2 топқа бөліп, басшысын белгілеу.
ІІ бөлім. Топтық жарыс 1. І – топ: «Конвекция» , ІІ – топ: «Жылуөткізгіштік»
Шарты: әр топтың топ басшысы топтың атын қорғайды. (5 балл)
2. Деңгейлік тапсырма. Есептер шығару. Үлестірме карточкалар беріледі.
ІІІ деңгей (А1, А2, А3, А4, А5)
А1: Массасы 2 кг ағаш көмірі жанғанда қанша жылу мөлшері бөлініп шығады? (q = 3.4 • 107 Дж /кг) 1. 3,4 Дж; 2. 2•107 Дж; 3. 6,8 •107 Дж.
А2: балқу температурасында 100 кг темірді сұйыққа айналдыруға керекті энергияны анықта. ( λ=2,7 •105 Дж / кг) 1. 270 •105 Дж. 2. 2,7 •105 Дж. 3. 2,7 Дж.
А3: Массасы 4 кг балқу температурасындағы қалайыны балқытуға қанша энергия жұмсалады? (λ=0,59 •105 Дж / кг ) 1. 236 Дж. 2. 2,36 •105 Дж. 3. 2,36•105 кДж.
А4: массасы 2 кг мұзды балқу температурасында балқыту үшін қанша жылу мөлшері қажет? (λ =3,4 •105Дж/кг) 1. 3400 Дж 2. 15•105Дж 3. 6,8 •10 5 Дж.
А5: массасы 5 кг құрғақ отын жанғанда, қанша энергия бөлінеді? ( q = 1• 107 Дж / кг)
1. 5•107 Дж 2. 500 •107 Дж 3. 5• 107 кДж
ІІ деңгей (Б1, Б2, Б3, Б4, Б5)
Б1: Болат білеушені өңдеу кезінде оның температурасы 200С –тан 4200С –қа артты. Болаттың массасы 5 кг болса, оның ішкі энергиясы қаншаға өзгерген?
Б2: массасы 10 кг мырышты 170 С –тан 1670 С –қа қыздыру үшін қандай жылу мөлшері қажет? ( C = 400 Дж/кг •0С )
1. 17,6 кДж 2. 600 кДж 3. 2,6 кДж 4. 57 кДж
Б3: Массасы 2 кг мыс деталды 250С-тан 2520С-қа қыздыру керек. Бұл үшін қандай жылу мөлшері қажет? ( С= 400 дж/кг •0С)
1. 400 кДж 2. 4,8 кДж 3. 2,2 кДж 4. 200 кДж
Б4: Алюминий білеушені өңдеу кезінде оның температурасы 100С –тан 5100С –қа артты. Алюминийдің массасы 5 кг болса, оның ішкі энергиясы қаншаға өзгерген? (С = 920 Дж / кг • 0С 1. 2300 Дж 2. 100 кДж 3. 2,3 кДж 4. 2300 кДж
Б5: Масасы 3 кг кірпіштен жасалған пешті 100С – тан 200С –қа жылыту үшін қанша жылу мөлшері керек? ( С= 880 Дж /кг •0 С)
1. 150 кДж 2. 2,6 кДж 3. 26,4 кДж 4. 100 к Дж
І деңгей. (С1, С2, С3, С4)
С1: Массасы 1,5 т темір сайманды 200С –тан балқу температурасына дейін қыздырып, соңынан балқыту үшін қанша жылу мөлшері керек?
( λ= 2,7 •105 Дж/кг, с= 460, t0 = 15390С)
1. 2,7 •105 кДж 2. 640 •105 Дж 3. 14531,1 •105 Дж
С2: 100С температурадағы массасы 100 г суды қайнатып, сонан кейін буға айналдыру үшін қандай жылу мөлшері жұмсалады? ( r = 2,3•100 Дж/кг, с =4200Дж/кг•0С)
1. 2,67 •105 Дж 2. 2670 Дж 3. 2,67 кДж
С3: 00С температурадағы 4 кг мұзды ерітіп 400С –қа дейін жылыту үшін қанша жылу мөлшері қажет? (λ=3.4•105 Дж/кг, С = 2100 Дж/кг•0С)
1. 16,9 кДж 2. 16900 Дж 3. 16,9 •105 Дж
С4: Көлемі 4 л су 126 кДж жылу алғанда, температурасын қанша градусқа арттырады? (с= 4200 Дж/кг •0С , g=1000 кг/м3 1. 7,50С 2. 80С 3. 150С
Жауаптары тақтаға ілінеді.
А. 1.3; 2.1; 3.2; 4.3; 5.1. Б. 1.3; 2.2; 3.1; 4.4; 5.3. С. 1.3; 2.1; 3.3; 4.1.
(3 балл) (4 балл) ( 5 балл )
3. Сергітуге арналған тапсырмалар.
1. Топ басшыларына тірек – схемаларды толықтыру. (5 балл)
Заттың күйлері
Энергия
2. Қалған топ мүшелеріне 2 киіз үйдің суреті беріледі. Бірі – ақ киіз үй, сыртында тапсырмасы бар. Екіншісі – қара киіз үй, сыртында тапсырмасы бар. Тапсырмаға - 4 балл, топқа – 5 балл.
Киіз үйдің түсі нені білдіреді және не үшін пайдаланады?
Киіз үйді әр топтың атымен байланыстыр.
4. Тәжірибе.
І топқа: суы бар стақан, бояу ерітіндісі, пипетка беріледі.
ІІ топқа: суы бар стақан, термометр беріледі.
Әр топ құралдардың не үшін, қай құбылысты тексеру үшін берілгендігін түсіндіріп, нәтижесін айтады. Топқа – 5 балл, жауап берген оқушыларға – 4 балл.
5. Деңгейлік тапсырма. Үлестірмелі карточкалармен тест беріледі.
ІІІ деңгей (А) ( 3 балл)
1. Жылу мөлшері деп ... энергиясы аталады. а/ дене бар в/ жылу берілу кезінде алған немесе жоғалтқан. с/ дененің істелген жұмысынан алынған.
2. Дененің ішкі энергиясының өлшем бірлігі: а/ Дж, к Дж в/ Вт, кВт с/ Дж/0С
3. Кристалл денені ата: а/ темір в/ шыны с/ су.
4. Қыздырғанда жұмсалатын жылу мөлшері: а/ Q = сm (t2 – t1) в/ m = v ·g с/ S = U · t
1. Дененің ішкі энергиясы қандай шамаларға тәуелді? а/ дененің массасы мен жылдамдығына. в/ температурасы мен массасына. с/ қозғалыс жылдамдығы мен температурасына.
2. Орталық жылытудан, яғни батареяға энергия қалай тасымалданады: а/ конвекция в/ жылу өткізгіштік с/ жасанды конвекция
3. 1 кг мұз бен 1 кг судың 00С температурадағы ішкі энергиясын салыстыр: а/ мұздікінен судың ішкі энергиясы аз. в/мұздікінен судың ішкі энергиясы көп. с/ энергиялары бірдей.
4. Поршень цилиндрге газды сығады. Газдың ішкі энергиясы:
а/ артады в/ кемиді с/ өзгеріссіз қалады.
5. Жылу мөлшері бір денеден екінші денеге өткенде: а/өзгереді в/сақталады с/артады.
Жауаптары тақтаға ілінеді.
А. 1.в; 2.а; 3.а; 4.а; 5.с. Б. 1.а; 2.в; 3.в; 4.д;5.д. С. 1.в; 2.в; 3.в; 4.а; 5.в 6. «Ретін тап» ойыны. Әр топқа қағаз кеспелері беріледі. 1.Сары жағындағы әріптерді пайдаланып, физ. аспаптың атын шығарады , қорғайды.
2.Аударғанда нақыл сөз шығады, оның тәрбиелік және физикалық мағынасын түсіндіреді.
Топқа – 5 балл, жеке оқушыларға – 5 балл.
П
с
и
х
р
о
м
е
т
р
Тон
ның
жы
луы
тері
сі
нен
емес,
жүні
нен
Т
е
р
м
о
м
е
т
р
Кө
сеу
ұзын
бол
са,
қол
күй
мей
ді
ІІІ бөлім. 1. Оқушыларды бағалау. Әр топ және әр оқушы жинаған жетондарын санайды.
Қызыл жетон – «5», Көк жетон – «4», Сары жетон – «3». Барлық балл. А – 36 балл , Б – 42 балл , С – 48 балл. 85% - “ 5 ”, 60% – 85 % - “ 4 “, 40 % – 50% - “ 3 “ Онан кейін топтар жинаған балы бойынша бағаланады. 2. Сабақты қорытындылау.