Просмотр содержимого документа
«"60 са?а" ?лтты? ойын (спортты? іс-шара)»
Жезқазған қаласының 60- жылдық мерей тойына арналған
60 сақа атты спорттык іс-шаралар
Ережесі
Мақсаты:
-Қазақтың ұлттық спорт түрлерін жетілдіру, үйрену жасөспірімдердің спортқа деген ынтасын көтеру.
-Салауатты өмір салтын насихаттау
-Шыдамдылыққа, ептілікке, мергендікке ,иілгіштікке, икемділік деңгейін шыңдау.
-Жарыс барысында оқушылардың бір- біріне деген достықты нығайту оқушылардың намысын оятып қабілеттерін арттыру.
Өткізілетін орны мен уақыты
Жарыс 2014жылдың қыркүйек айының 13- жұлдызында Жезқазған қаласында №8 қазақ гимназиясында өтеді. Сағ 10.00
Жарысқа басшылық жасау
Жарыстың өткізілуін және тәртібін «Жезқазған қаласы білім ,дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ және №8 қазақ гимназиясы бақылайды.
Сағ - 10.00
Жарыстың бас төрешісі: Г.Д.Ахметова
Жарысқа қатысатын мектептер:
№1,№2,№3,№4,№5,№6,№7,№8,№9,
№10,№11,№13,№21,№22,№24,№26,№133
7-8 сынып оқушылары 1ұл- (асық ату) Әр ойыншыда 2 асықтан болады
1қыз- (бес асық) Әр ойыншыда 5 асықтан болады
Іс шара бағдарламасы мен өткізуге жауаптылар
«Асық ату» Өткізуге жауапты: Беркинбаев Б Ахметова Г.
«Бес асық» Өткізуге жауапты : Абсаликова З Ораз К.
Жеңімпаздарды марапаттау
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегері мақтау қағазы және бағалы сыйлықтармен және арнайы сыйлық 60 сақамен марапатталады.
Шығындар
Жарыстардағы шығындар :жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге берілетін мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтар гимназия есебінен жүргізіледі.
Асық ату
Ойынның мазмұны.
Жарыс жекелей есепте өтетін болғандықтан, әройыншының ұпайы жеке есептеледі. Көнге әр ойыншы бір асықтан тігеді де,төреші олардың сақаларын иір арқылыойнадың кезегін анықтайды. Бірінші кезекке ие болған ойыншы сақасын көннен алыстау жерге иіреді. Себебі,сақасы тәйке түсе қалса, оны ойыннан шығару үшін өзінен кейінгі ойыншытәйке түскен сақаны көннен тұрып атады. Егер тигізсе. Бірінші ойыншы
ойыннан шығып қалады. Ал, тигізген ойыншы көннен бір асық алады да,сақасы түскен жерден өз кезегі келгенде көндегі асықтарды атады. Тигізе алмаса, ойыннан шығады.
Осыдан кейін үшінші кезектегі ойыншы сақасан иіреді. Егер сақасы алшы түссе,көннен бір асық алады да, өз кезегі келгенде сақасы жатқанжерден көндегіасықтарды атады. Ойын осылай жалғаса береді.
Егер бірінші кезектегі ойыншының сақасы бүк не шік түссе, сақасы орнында жата береді де, келесі ойыншы сақасын иіруді бастайды.
Егер соңғы ойыншының сақасы тәйке түссе, онда біріші ойыншы
соңғы ойыншының сақасын өз сақасы жатқан орыннан атады. Тигізсе, соңғы ойыншының бір асығын алады да, сақасы түскен жерден өз кезегі келгенде көндегі асықтарды ататын болады. Тигізе алмаса, онда өзі ойыннан шығады.Ойыншы асықты атқан кезде сақасы да, асығы да бүк (шік, алшы,тәйке) түссе немесе сақасы ғана алшы түссе, атқан асығын алатын болады.
Егерде бұл шарт орындалмаса, асықтарды келесі кезектегі ойыншы атуға
кіріседі.
Ойынның ережелері.
1. Ойыншылардың ойнау кезегін анықтау үшін сақаны төреші иіреді.
2.Ойыншылар ұтқан асығының санына қарай ұпай жинайды. Ойын соңында бірдей мөлшерде ұпай жинаған ойыншылар өзара кездесу
өткізеді.
3. Әр ойын алаңында аға төреші және оның көмекшісі төрелік етеді.
4.Ойында пайдаланатын сақалар тексеріледі. Ойында пайдаланатын сақаны жонып не егеп өзгертуге, оған қорғасын құюға
2. Омпы.Асық ойындарының келесі бір түрі-омпы. Омпыда да 5 адам топ құрапойнайды. Кейде келісім бойынша адам саны өзгеруі де мүмкін. Жарыс
кезінде ойыншылар бір түсте спорт киімін киеді. Әр ойыншының кеудесінде
нөмірі болады.
Ойынның мазмұны. Ойын командалық есепте өткізіледі, яғни әр
команданың есебі жеке есептеледі. Диаметрі 10м шеңбер сызылады.Шеңбердің ортасындағы сызыққа әр команданың ойыншылары өз асықтарын тігеді. Асықтардың дәл ортасына бір асықты омпысынан (жұмыр басын
жоғары қаратып) тігеді.
Ойында асықтарды ату кезегін анықтау үшін төреші командалар арасында жеребе өткізеді. Әр команданың ойыншылары белгіленген нөмірлерінің ретімен шеңбер сызығынан екі метр қашық жерге қатарға тұрады. Осыдан кейін шеңбер ішіндегі асықтардың жанында тұрған ағатөреші ойын басталғандығын хабарлайды. Ал хатшы-төреші (көмекші төреші) бірінші нөмірлі командадағы ойыншылардан бастап асық атға сөреге
шақырады.
Ойынның ережелері.
1. Әр ойын сайын команда ойыншылары көнге өз асықтарын тігеді.Асықтарды атқан ойыншы омпыға тигізсе-5 ұпай, асыққа тиғгізсе, 1ұпай алады. Асыққа тигізген ойыншы атды қашан тимей қалғанға дейін жалғастырады. Егерде ойыншының сақасы тимей, алшысынан тиіп тоқтаса, онда қайтадан атуға мүмкіндік алады.
2. Жарыс команда санына байланысты ірі топтарға бөлініп, ойын айналым жүйесімен өткізіледі. Атып алған асықтар мен омпы көнге қайтадан тігілмейді. Жарыстың жеңімпазын анықтау үшін мәрелік ойындағы топта бірінші орын алған командалар өзара айналым жүйесімен қайта ойнайды. Екінші, үшінші, төртінші т.т. орын алғандар да өзара қайтаойнайды.
3. Мәрелік ойынға дейін командалар бірдей ұпай жинаған жағдайда сол командалардың арасындағы ойын нәтижесі есепке алынады. Бұл нәтиже де бірдей болған жағдайда осы екі команданың арсында ойын қайта өткізіледі. Ірі топтағы жиналған ұпай саны мәрелік ойындарда есепке алынбайды.
4. Әр ойын алаңында аға төреші, төреші және хатшы- төреші төрелікетеді.
5. Сақаның дұрыстығы тексеріледі. Оны жонып немесе егеп өзгертуге және қорғасын құюға болмайды. Сақаға арқардың және еліктің шикі асығын пайдалануға болады.